ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет90/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   153

жайып тұрса, карға жалп етіп келіп қонғанына қойлары үрке берген соң, кемпір ыза болып: 

– Осы қарғадан-ақ өлдім-ау! - деп, қан-жын, дәнеме далаға тастамайтын болыпты. «Қарға аштан қатып 

өлсін!» - дегендейін, тышқан боғын да көміп тастайтын болыпты. 

Қарғаға жүдеушілік кіріп, ағаштың басында отырып: «Қарқ-қарқ!» - деп, қарқылдай береді дейді. 

– Мынау ит құлағыма маза бермеді-ау! - деп, кемпір құлағын салып, қарғаның қарқылдағанын тыңдаса: 

- Күнім, күнім, гүрсілде, 

Боран соғып дүрсілде! 

Аяз болып арсылда, 

Мұз болып қатып, қаршылда! 

Тоқты ұшып, көті түссін, 

Біз байғұсқа еті түссін!- дейді екен. 

Кемпір  мұны  естиді  де,  бір  кереге  жайып,  керегенің  бір  жағына  ет  қойып,  керегеге  бір  бақан  тіреп, 

бақанның аяғына жіп тағып, ұстап отырыпты. Аштан өлер болған қарға сорлы қып-қызыл етті көрген соң, 

көзі қызарып кетіп, етке келіп қонып, бір шұқып, екі қарап отырғанда, кемпір бақанды тартып қалғанда, 

қарға  керегенің  астында  қалып,  кемпір  ұстап  алыпты.  Төбе  жүнін  жұлмапты,  екі  қанат  құйрығын 

жұлмапты. Өзге жүнін жұлып, суыққа тоңатұғын қылып, үрпитіп қоя беріпті. Сонда қарға ағашты паналап, 

қонып отырып, қарқылдайды дейді: 

Күнім, күнім, күн шықсын, 

Қарды ерітер жел шықсын! 

Біз байғұсқа жүн шықсын, 

Тоқты жазған жыл шықсын! 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              650 bet 

Сонан соң кемпір қан-жынды, өзі жемейтұғынды қарғадан қорымайтұғын болыпты да, күн жылынып, қар 

кетіп, кемпірдің қойы да аман, қарға да аман шығыпты. Біреуге біреу көршілес болғанда, осындай тілеулес 

болса, аман шығуына әбден сенімді дәлел. Және қыс қамытшылық бола бастаса, қарғаны ұстап алып, оны 

өлмес қылып, жүнін жұлып алып жіберсе, күн жылынатыны осындайдан қалған. 

 

353 - Бөлім: ЖИРЕНШЕНІҢ ЕНДІ БІР ТҮЙІНДЕРІ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2050 

 

 



ЖИРЕНШЕНІҢ ЕНДІ БІР ТҮЙІНДЕРІ 

Бір жолы хан билеріне: 

– Дүниеде не өлмейді?- деп сұрақ қойғанда, алпыс би бір ауыздан былай деген екен: 

– Ағын су өлмейді, асқар тау өлмейді. Аспанда Ай мен Күн өлмейді, әлемде қара жер өлмейді. 

Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты: 

– Ағын судың өлгені – алты ай қыста қатқаны. Асқар таудың өлгені - басында бұлт (қар) жатқаны. Ай мен 

Күннің  өлгені  -  еңкейіп  барып  батқаны.  Қара  жердің  өлгені  -  қар  астында  қалғаны.  Өлмейтін  сол  - 

ғалымдардың жазғаны! - деген екен. 

*** 

Қарашаш өліп, Жиренше қартайып, ақылсыз әйел, парықсыз бала сыйламай, Жиреншеге бұзау бақтырып, 



тезек тергізіп қояды. Көріскелі келген Әз Жәнібек хан Жиреншеге далада кездесіп: 

– Уа, шешенім, тезек теріп жүргенің қалай? - дейді. 

Сонда Жиренше: 

– Қатын шайпау, ұл тентек,- екеуледі, ей, ханым! 

Кәрілік келді, мал тайды,- төртеуледі, ей, ханым! 

Арқадағы қу тезек, әркімге келер бір кезек, 

Басымнан бақыт тайғанын көрмейсің бе, ей, ханым?!- депті. 

– Ей, жаным, бірімізге біріміз - аз күн қонақ, 

Ойласаң, мына дүние тіпті шолақ. 

Тірілікте, аз өмірде сыйласып өт, 

Бүгін бар, ертең жоқ: өмір - сол-ақ! 

Жастықты аңдып кәрілік жүр, 

Денсаулықты аңдып - ауру жүр. 

Тірілікті аңдып - ажал тұр, 

Құлшылыққа мойын ұсынбай, 

Жонын беріп надан тұр. 

Өлшеулі өмір ол жетсе, 

Өкінішті заман тұр. 

Құдайдың берген борышын 

Мойнындағы өтей алмай, 

Меңіреу сияқты адам тұр. 

Аққу құсқа оқ тисе, 

Қанатын суға тигізбес. 

Айтулы ерге оқ тисе, 

Қиналғанын білдірмес. 

Ноқталы басқа бір өлім 

Ақыры бір күн келмей ме?! 

Ажалдың соққан дауылы, 

Өмірдің шамы сөнбей ме?! 

Неше жыл сақтап жүрсең де, 

Сұрай келсе Иесі 

Аманатын бермей ме? 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              651 bet 

Хақтан әмір болған соң, 

Пендесі оған көнбей ме?! 

 

354 - Бөлім: ЖИРЕНШЕ МЕН ҚЫЗЫЛЫМ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2051 

 

 



ЖИРЕНШЕ МЕН ҚЫЗЫЛЫМ 

Бір жолы Қызылым карт Жиреншеге жолығып: 

– Шешен, сізден бір сұрайын деген сөзім бар еді, - дейді. 

– Сұраңыз,- дейді. 

– Он бес лақ, жиырма бес серке, отыз бес орақ, қырық бес қылыш, елу бес егеу, алпыс бес арқан, жетпіс 

бес шідер жоғалттым. Осыған құлақтас болыңызшы!- дейді. 

Жиренше: 

– Ақсақал, тоғызыңыздың жөнін айтып берейін, өзіңіз тауып алыңыз. Он бес жас - құйын қуған желмен, 

жиырма бес - дауыл ұрған перімен, отыз бес жас - ағып жатқан селмен тең. Қырық бес - аю аспас белмен, 

елу бес - ерттеп қойған атпен, алпыс бес - арқандап қойған атпен тең. Жетпіс бесте – көңілің - жермен тең, 

сексенде - селкілдеген шал боласың, тоқсанда - толық миың орта түсер, жүзде - күдеріңді үзе бер: өлмесең 

де, өліден кем боларсың!- дейді. 

– Әттеген-ай, өзім жиырма бестегі жігіттей едім! Көңілімнің жердей болғанын қарашы, бекер-ақ сұраған 

екенмін!- деп, Қызылым қарт жантая кеткен екен. 

 

355 - Бөлім: ШАШ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2052 

 

 



ШАШ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ 

Әз Жәнібек бір жақтан келе жатып, бір адамға кездеседі. Ол кісінің шашы қара, сақалы ақ екен. Қасында 

бірге келе жатқандардан: 

– Былай болуының себебін тауып айтыңдаршы!- деп сұрапты. 

Олар тауып айта алмайды. Сонда Жәнібек: 

– Ал, шешенім, кезек саған келді. Сен айтшы: 

– Шашының қара, сақалының ағы қалай?- дегенде, бөгелместен Жиренше: 

– Түзде кебінген, үйде күйінген, аты шабан, қатыны жаман бір байғұс шығар!- депті. 

 

356 - Бөлім: ЖАҚСЫДАН ЖАМАН ТУМАЙТЫНЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2053 

 

 



ЖАҚСЫДАН ЖАМАН ТУМАЙТЫНЫ 

Әз Жәнібек бір күні Жиреншеден сұрапты: 

– Шешен, қас жақсыдан жаман туа ма? - депті. 

Шешен: 


– Тумайды!- депті. 

Сонда хан ойлапты: «Өзінің баласы жаманға қосылып кетеді,- деп,- соны қорғап отыр-ау!»- деп. 

Мұнан  кейін  біраз  жылдан  соң  Жиренше  өліпті.  Мұнан  кейін  біраз  жыл  өткен  соң,  басқа  елді  шауып 

келуге жорыққа [шығыпты]. Сонда Жиреншенің баласы шешесіне келіп: 

– Осы жорыққа мен де барсам, қайтеді?- [деп] сұрапты. Шешесі баласына: 

– Әкеңнің айтып жүрген сөзінен ұққаның бар ма?- депті. 

Сонда баласы айтыпты: 

– «Жорыққа барсаң, аттың сыр мінезін мін, сыр мінезі жоқ болса, жасынан мін!»- деуші еді, - депті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              652 bet 

Сыр мінез аттың бәрін мініп қойған. Бір жас атты ұстап мініп, бұ да барыпты. Барған ел соғысып, ханның 

атына оқ тиіп, қолда қамауда қалуға қарағанда, басқа батырлардың бәрі қашып кетіп, Жиреншенің жаман 

баласы ханға келіп, атын беріп, өзі қолда қалыпты. 

Сонда елге келгеннен [соң] батырларын жинап алып, Әз Жәнібек хан айтқан екен: 

– Таудан аққан тас бұлақ 

Құймай қоймас теңізге. 

Жақсыдан жаман туғанмен, 

Тартпай қоймас негізге!- депті. 

 

357 - Бөлім: ҰСТА ТҰСПАЛЫ ЖӘНЕ ЖИРЕНШЕ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2054 

 

 



ҰСТА ТҰСПАЛЫ ЖӘНЕ ЖИРЕНШЕ 

Әз Жәнібек хан қанша уәзірлеріменен келе жатса бір жақтан, бір ұста үй салып жатыр екен: 

− Осынша өнерің бар, күніне не аласың?- дейді. 

− Күніме бір ділда, - дейді. 

− Күніге бір ділда болғанда, не ғып байып кетпеген жансың?- дейді. 

− Мен қайдан баиймын? - дейді.- Тапқанымды төртке бөлемін, - дейді,- Бірін борышыма беремін, бірін 

қарызыма беремін, бірін суға тастаймын, бірін өзім ішіп-жеймін,- дейді.-Қайдан баю мұндайда? 

Әз Жәнібек хан қасындағыларына: 

− Ұстаның не айтқанына түсіндіңдер ме?- дейді. 

− Жоқ!- десті. 

− Енді  осыны Жиреншеден сұрайық,  - дейді,- Таратып, орнын тауып берсін!- дейді.  -Өзгемізден соны 

артық көресіңдер деп өкпелейсіңдер!- дейді. 

− Жоқ, өкпелемейік!- дейді. 

Ешқайда бұрылмастан шешенге келді,- дейді. 

− Шешен қайда, үйдемісің? - дейді. 

− Тақсыр, үйдемін!- деп, жүгіріп шықты, - дейді. 

−  Біз  бүгін  үй  салып  жатқан  ұстаға  жолықтық.  «Күніне  бір  ділда  алам!»-  дейді.  «Сен  мұнымен  қалай 

байымайсың?»  -  дедік.  Ұста  айтты:  «Мен  қалай  байимын?  Тапқанымды  төртке  бөлемін,-  дейді.  «Уа, 

қалайша?» «Бірін - борышыма беремін, бірін - қарызға беремін, бірін - суға тастаймын!- дейді. Біреуін-ақ 

өзім  ішіп-жеймін,-  дейді.  Сол  сөзіне  біз  түсе  (түсіне)  алмадық.  -  дейді.  -  Ашып-жетуін  білгелі:  соның 

борышы не, қарызы не, суға тастағаны не - орнын таратып берші! - дейді. 

− Тақсыр, ол ұстаның кәрі ата-анасы бар екен де, бір ер жеткен ұлы бар екен және бір ер жеткен қызы бар 

екен. Жасында баланы әке-шешесі  асырайды, ер жеткен соң әке-шешесін бала  асырайды. «Борышыма 

бердім» дегені - «Сол әке-шешеме қарайласам» дегені дейді. «Қарызыма беремін» дегені - еркек баласына 

ішкізіп-жегізгені. Тірі болып күнінде қаруы онан да қайтар дегені.«Біреуін суға тастаймын» деп айтқаны: 

«Күйеуге беріп, жасынан өсірген (отырған) қызы бар екен. Қызға қылған жасау суға тастағаныммен бір 

дегені. Қалған біреуі өзіне мүкі-тақы зорға бар етуі шығар, - дейді. Мұның бәрін асырап сақтаған соң, 

қалай байимын дегені. Құлағынан басқа дәнеме жоқ, жобасы жоқ байымасқа. 

− Не мырза?- дейді. 

−  Әр  ханның  заманында  бір  сұрқылтай.  Әз Жәнібек  заманында  шыққан  данышпан  адам  мұнан  өтпеді 

дейді. 

Әз Жәнібек заманында ақылы асқан Жиренше. Осы кісінің заты - қазақ, үш жүздің қай руынан болғанын 



ешкім білмейді дейді. 

 

358 - Бөлім: ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2055 

 

 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              653 bet 

ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН 

(ЕКІНШІ НҰСҚА) 

– Жоқ, қайтатұғынымның мәнісі бар. Әз Жәнібек деген ханымыз қырық жігітіне: «Өтірік пен шынның 

арасын айырып беріңдер!» - деп, қысым қылып: 

– Таба алмасаңдар, басыңды аламын!- деп, солар соны таба алмай, қанша күн мәулет алып: «Біреу болмаса, 

біреу білер!»- деп, мен соны іздеп шығып едім!- дейді. 

Сонда қыз айтты: 

– Іздесең, не болса, сол сөз бола береді екен!- дейді. - Боққарын жасық ұлға тұрғаным болмай ма?- дейді. 

– Сонан соң менің тіршілігімнен пайда болмайды ғой!- дейді. 

Сонда қалыңдығы айтты: 

– Болымсыз нәрсе іздеушіге әлдеқандай болад!- деген. «Өтірік пен шын арасы бір-ақ тұтам жер» емес пе? 

Оның мәнісі: көзбен көрген рас, құлақпен естіген өтірік емес пе? Құлақ пен көз арасы бір-ақ тұтам емес 

пе? Өтірік, шын айырмасы осы - дейді. «Көзбен көрген - анық, құлақ естіген - танық» емес пе? 

–  Бәрекелді!  Іздеген  жоғым  табылды.  Енді  мен  барып,  Әз  Жәнібек  ханға  мұны  естірмесем  болмайды, 

қырық  жігітті  текке  өлтіріп  тастайды  ғой.  Солардың  ажалына  ара  түссем,  тірліктен  зор  пайда  тапсам 

керек!- деп, жүруге ыңғайланғанын, қайтатынын білген соң, қыз атасына кісі салдырды: 

–  Алла  тағала  бізді  жат  жұрттыққа  жаратқан.  Мына  күйеу  қайтамын  дейді.  Енді  атам  мені  сонан 

қалдырмасын,- деп. 

Атасы естіген соң, «Қызының ері қалыбын қыламын!»  - деп, алтынмен аптап, күміспен күптеп, қырық 

қара нарға қазына артып, күң, құл жұмсап: 

– Елін, бәрін көріп біліңдер!- деп, қырық жігіт қосып,- Алып барып салыңдар!- деп, жөнелтті, - дейді. 

Сонан сонша күн жол жүріп, Жиренше келе жатқан кісілерінен озамын деп, рұқсат алып жөнеледі.Сонан 

жүргеннен жүріп, озып келсе, дәл сол күні елін жиып, қырық жігітті: 

– Таптыңдар ма?- деп, бір-бірлеп тексеріп жатқан үстіне кез келіпті. Қырық жігіттің бірде-бірі таба алмай: 

«Енді өлеміз!»- деп, жылап тұрған үстіне жетіп келіп: 

– Ассалаумағалейкум, хан ие, дат!- деді. 

– Арызыңа рұқсат!- дегендегі Жиренше сөзі: 

–  Иә,  тақсыр,  қырық  жігітіңізді,  басқа  кісі  тапсам,  өлімнен  құтқарасыз  ба?  Өздері  таба  алмаса,өлім 

бұйырасыз ба?- дегенде, сонда хан жарлығын есіттірді: 

– Осы жиылған жамағат, кімде-кім айтса да, өлім жоқ!- деді. Сонда Жиренше сөйледі: 

– Құлақпен естіген өтірік емес пе? Көзбен көрген рас емес пе?! Екеуінің арасы бір-ақ тұтам жер емес пе?- 

дейді. 

Сонда жұртын тарқатып, қырық жігітті өлімнен босатып, Жиреншеге - тапқанына риза болып, сый беріп:- 



Қырық уәзірінің бас уәзірі, менен соңғы сен бол!- дейді. 

Алтыннан  ер  тоқым,  қара  нар,қалы  кілем  және  басына  тәж,  беліне  кемер  (кәмір)  белбеу  буындырды 

дейді.Болған соң: 

– Тақсыр, арызым бар!- дейді. 

Хан: 

– Айт!- дейді. 



– Мен бір жат жұртқа барып, Құдайдың бұйрығы болып, бір хан қызын алып қайттым. Хан жұртын жиып, 

қызын бізге ұзатты: Күңді, құл мен қырық жігітімен. Қырық жігітті: «Ел-жұртын, жер-суын» көріп, біл!- 

деп. - Сондай жайымыз, не айтасыз?- дейді. 

Сонда хан қырық уәзірді шақырып алып айтты: 

– Сіздер қазынаға барыңдар!- дейді,- Мына Жиреншенің жұмысына жәрдем қылып қазынадан қырық ат, 

қырық шапан алып, алдынан барып мұнда келтірмей, сыйытын беріп қайырыңдар!- дейді. - Айтқан соң 

қырық ат, қырық шапанын алып, алдынан шығып киітісін беріп, жолдан қайыр! - дейді. 

Олар тартуларын алған соң,сыйын көрген соң: 

–  Бәрекелді,  ханымыздың  қызы  өз  теңіне  қосылған  екен.  Күйеуіміз  ханның  өзінен  соңғы  уәзірі  екен!- 

дейді. 


Қайдан білсін, Жиренше басына тігер үйінің жоғын, екі қанат күркенің шиі жоғын. Қалай кісімен таласпан 

дегенменен жігітлер бір ауыз сөз түйінін шешкеннен, Алла тағала қанша дәрежеге жеткізді де. «Жер таны 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              654 bet 

желіп жүріп», «Жаныңнан кеш те, іс қыл, Өлсең, өлесің; өлмесең, кісі боларсың!» - дейді. Бұрынғының 

айтқаны осы дейді. 

Әз Жәнібектің қырық уәзірі: 

–  Жиреншенің  қатыны  сізге  лайықты  кісі  екен!-  дейді,-  Дүниеде  көрмеген  әйеліміз  екен!-дейді.  Ханға 

мақтады, Жиреншені көре алмай күндеді дейді. Өздерін өлімнен айырып алғаны ойында жоқ. 

Бұрынғылар  айтқан  екен:  «Жаманға  жақсылық  қылсаң,  атыңды  ерттеп,  даярлап  қойып  қыл!»-  деген.  - 

Сонан соң қыл! - дейді.- Өзіңе нұқсан залал болады екен. Өлімнен басын босатқан соң, сонда оза түсіп 

(ұнатысып): «Жаманнан күні бұрын күтінбесең, ақыр бір күн шығар көтіңнен» - демеп пе еді! 

Естіген соң, Әз Жәнібектің есі өлді, ойын бөлді дейді. Сонан соң бір күн қаз алатын лашыны бар екен. 

Соны қазға салып, сол құсы қашып, таба алмай қанша қарап, үйіне келіп қапаланып жатты дейді. Арада 

бір күн өткен соң, хабар естиді дейді: 

– Сіздің құсыңыз Жиреншенің үйінің үстінде отыр!- дегенін естиді. 

Қатын ұстап алып, көрсе, аяғында он үзбе басы, баланың басы. 

Басына  томаға...  құсты  түрлендіріп  қойды  да,  Әз  Жәнібек  хан  естіп,  хан  қалыбымен  баяғы  сөз  есінде 

болып,  арғымағын  ерттетіп,  тәж  кемерін  буынып,патшалық  салтанатымен  Жиреншенің  үйіне  [келді]. 

Сонда қатын үйінен шығып, ханның атының басын ұстап, қолтығынан сүйеп түсіріп, атты байлап, үйіне 

кіргізді дейді. Отырған соң, кұсты қолына алып көрсе, басында томаға, аяғында балақ бау тағып, бұрынғы 

жұмсақ қып, уықтың ала бауын тағып, құлаштай жібімен салады екен. Томаға ондай нәрселерді білмейді 

екен. Аяғын құсқа жібергенде, сонымен жібереді екен. Құс алғанда, сонымен алып, аяғына шырматылып 

оралып жүреді екен. Құсты көрген соң, құсқа қарауын, ой, ғам қатынға қарауын білмей отыр дейді. Және 

қолға  қолымен  бірдей,  тұяғы  өтпейтін  құлынның  жүн  терісінен  биялай  тігіп,қолмен  бірдей  қылып, 

балақбау, томаға, биалай  - бұлардан еш нәрсе білмейді  екен. Салпаңмен шалып жүреді  екен. Бұларды 

көріп, қолға тиіп, есі ауып отырды дейді: 

– Тақсыр,үйде кісі жоқ: «Қонақ бол!» - деуге, өзіңіз білесіз. 

Хан үндемеді, қатын біліп: 

– Біраз күннен соң келіп, біздікіне өзіңіз оңаша келіп, қонақ болыңыз!- дейді. 

Сонда хан: 

– Жарайды!- дейді. 

– Біз оған шейін қонақ жабдығын даярлап, соған шейін әзірленіп тұрайық!- дейді.- Және жігіт-желеңмен 

келмеңіз, көп қонақ күтуге жайымыз болмайды дейді. Өз басыңыз болса, жарар, - деп. 

«Жалғыз кел» дегенінен үмітлі болып, көңілі өсіп, қайта берді. 

Бірнеше  күн  өткен  соң,  хан  Жиреншенікіне  қонаққа  келді.  Келгенін  білді  де,  қатын  үйден  шығып, 

қолтығынан  көтеріп  түсірді  де,  үйіне  кіргізді  дейді.  Бар  дүниесін  жайнатып  қойған  екен,  ханның 

зығырларын  қайнатып  қойған  екен.  Көрпе  жаюлы,  төсек  салулы  даяр,  шымылдық  құрулы.  Ханды 

отырғызып,  тамақ  жабдығын  қылып,  хан  жалғыз  отырып,  оған-бұған  көз  салса,  қатынның  жабдығы 

бәрінде: кесте, жастық, көрпе, орамал, дастарқан, шымылдық, кесе, есік[те]: «Қолмен қақсаң, ұрасың да, 

біреу аяғыменен тебер деген. Бәрі де сынмен тіккен кесте!»- дейді. 

Хан бұл сөзге түссе де, айтпаса да, етегінде болып көңілі отыра берді дейді. 

Қатын палау басып, әр түрлі ыдысқа салып алып келіп, ханның алдына қойды да, дастарқанын жайып, 

хан бұрын палау жеген жоқ екен. Әр ыдыста болған асты: «Басқа-басқа тамақ қой»,- деп ойлайды. 

Әр ыдысқа салып, ханның алдына қойды да, сонда әрқайсысынан бір-бір татса, ләззат бір. «Бұ қалай?»- 

хан тамаша қылды, айран (хайран)-асыр (асар) қалды. 

Қатын айтты: 

– Тақсыр, ыдыстың басқалығы болмаса, бәрі бір тамақ,- деді қатын. Әзілі жарасқан соң сөз сөйледі: 

– Тақсыр, сабын айныса, кім түзейді?- дейді. 

– Хан айтты: 

– Май түзейді - деді. 

– Екінші сөз: халық айныса, кім түзейді? - дейді. 

– Хан түзейді - дейді. 

– Үшінші сөз: хан айныса, кім түзейді?- дейді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              655 bet 

Хан  дәнеме  дей  алмай,  ұялғаннан,  қолындағы  жүзігін,  терлеп-терлеп  қолындағы  алтын  жүзікті  қатын 

қолына салып,үйіне қайтты дейді де, «Қатын хикаясы - осы»- дейді. 

*** 


Сонан бұлай бұл қатынның бір әңгімесін баян қылайық, қысқарағын айтқанмен таусылмайды дейді. 

Бір  күні  Жиренше  бір жақтан  келе  жатса,  бір  жаяу  адам  кез  болды. Түріне  қараса,  мұрны  біздей, көзі 

тұздай, беті қырдай сойқа (сұйық) екен. Келемеждеп кету үшін: 

–  Ай,  сен  қай  жұрттың  сұмпайысысың?  Шыныңды  айт!  -  дейді.  Сонда  Жиренше  әлгі  адамға  айтты:  - 

Мұрның біздей, көзің тұздай, бетің қырдай болып, қайда барасың?- дейді. 

Сонда әлгі адам айтқан сөзі: 

– Көзім тұздай болса, тұзсыз астың дәмі кірмейді де; мұрным біздей болса, бізсіз іс біте ме?Бетім қырдай 

болса,қырға шықпай, адамның көңілі көтеріле ме? - дейді.Бар айтқан сөз[ің] осы болса, адырам қалайын!- 

деп, аузын осыртып, жүре берді. 

Жиренше дәнеме дей алмай, ұялып қалды. Үйіне келді. Қатыны ұшып тұра келіп, киімін шешіп: 

– Шешен, неменеге ренжіп тұрсыз? Біреудің тілі тиді ме? Түсіңіз неге қашып тұр?- деді. 

[Шешен] көргенін, естігенін, білгенін - бәрін бәйбішесіне тамам қып айтты дейді.-Ақырында айран-асыр 

қып, жөнеле берді,- дейді. 

–  Уай,  ол  орыстың  жансызы  екен  де,  өзі  әйел  екен!  -  дейді.-  Әлгі  адам,-  дейді,  -  бәрін  тамам  айтты. 

Айтқанын  бәрін...  «Тұзсыз  астың  дәмі  бола  ма?»  дегені  -  «Еркексіз  ұрғашының  күні  бола  ма?» 

дегені:«Жұмысын біз бітіреміз!» дегені. «Қырға шықса, көңілі көтеріледі» дегені - «Ұрғашының үстіне 

шыққан  қыр  басына  шыққанмен  бара-бар»  -дегені.  Ернін  уасырғаны  әйелсіз  дәнеме  бітпейді!  -  дейді. 

Аузын осыртқаны - еркектің қайраты - қолында, ұрғашының қайраты аузында дегені екен. Ұрғашының 

бар  қылғаны  сол!-  дейді.  -  Әз  Жәнібек  ханымызға  тез  барыңыз!  Екі  аяғын  бір  етікке  тығып,  аузын 

аштырмай, аяғын бастырмай отырған шығар. Жылдам бара гөр! 

Әз Жәнібектің ордасына кіріп барса, қатыны айтқандай, ханды сөзден ұтып, апшысын қуырып, заманасын 

бір уыс қылып отыр екен. Есіктен кіріп барғанда, шешеннің бетіне жалт етіп қарады. Сонда Жиренше сөзі: 

– Манағымысың, әлі мұнда отыр ма едің,мен сенің көтіңді ашайын!- деп ұмтылды. 

– Қатынның айтқаны: 

– Дүниеде хан ақылы қарашасында екен. Қарашаның ақылы қатында екен. Болмас, болмас! - деп, артына 

қарауға мұршасы болмай, жүре берді дейді. 

Бұл жалған дүниеде мұндай данышпан қатын Жиреншеден басқаға кез болған жоқ шығар. «Ердің атын 

қатын шығарады»- деген қатындар осы. 

*** 

Жиренше  өзі  бір  жаққа  жолаушы  кетсе,  өзі  жоқта  [қатыны]  өліпті.  Әуелі  ханға  келіп,  сәлем  беріп 



жолығады екен. Келіп отырғанда, хан есіттіргені былайша дейді: 

– Уа, шешенім, атасы өлсе, қайтеді екен?!- депті. 

– Асқар тауы құлағаны есепті-дағы,- депті. 

– Анасы өлсе, қайтеді екен, шешенім?! 

– Ағар бұлағы құрыған есепті-дағы,- депті. 

– Ағасы өлсе, қайтеді екен, шешенім?! 

– Оң қанатың қайрылған есепті-дағы,- депті. 

– Інісі өлсе, қайтеді, шешенім?!- депті. 

– Сол қанаты майырылған есепті-дағы,- депті. 

– Апа-қарындасы өлсе, қайтеді, шешенім?! 

– Ұзын өрісі, кең тұсауы құрыған есепті десейші!- депті. 

– Қатыны өлсе, қайтеді, шешенім?!- дегенде, Жиренше қамшысын бүктеп, қамшысына сүйеніп отыр екен. 

Қамшының сабы шарт етіп, екі үзіліп кетті дейді. 

– Уай, менің қатыным өлген екен!- дейді. «Қатын өлді, қамшының сабы сынды»- деген сөз сол екен дейді. 

Егер қамшы сабы сынбаса: «Қатын өлді, қалың бөз өлді, -дейді екен»-дейді. 

Жақсы қатын өлген соң, екінші қатын хикаясы тырұр. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              656 bet 

Мұнан соң бір нашардың қызын сынап алған екен дейді. Әкесі мен шешесі тіленшілік қылады екен, «қара 

қасқа» дейді екен дейді. Оның мәнісі үйінде дүниеліктен дәнеме жоқ екен дейді. Он екі жасар жалғыз 

қызы бар екен дейді. 

Қыз үйінде жалғыз отырғанда, Жиренше үйіне кіріп келді: 

– Әке-шешең қайда?- дегенде, 

– Толмасты толтырамын, тоймасты тойғызамын,- деп кетті дейді. - Алақандай бетін, жұдырықтай нанға 

сатқалы кетті,- дейді. 

– Кәзір келе ме? - дейді. 

– «Тірі болып кіріп, өлі болып шығамын!» - деп кетті дейді. 

Сонда шешен: 

– Алып кеткен ыдысы не?- дейді. - Үлкен бе?- дейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет