ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет87/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   153

Ар жағына дәнекер қорек барды

Денедегі тасытты қызыл қанды. 

"Ac — адамның арқауы" — деген сөз бар, 

Біраздан соң есі әбден кіріп қалды. 

Көзін ашса, бір пенде қасында отыр, 

Екендігі қандай жан асында отыр. 

— Не керек? — деп, жанында ебелектеп, 

Пәруана боп иіріліп, басында отыр. 

Есін жиып өз-өзіне әбден келді, 

Шеберлігін құдіреттің танып білді. 

Қылған ісін құдайдың тамаша етіп, 

Ие болмай өзіне өзі, сылқ-сылқ күлді. 

Мұны көріп бәдәуи есін танды, 

Тізесінің үстіне басын салды. 

— Құп, диуана екенсің ғажап,—дейді. 

— Арсыз күлкің қай жерден келіп қалды?! 

— Мен диуана емеспін, есім бүтін, 

Сыртым бүтін болғанмен, ішім - түтін. 

Ойда жоқ жерден құдай береді екен, 

Бұрмай жүрсе құдайдан пенде бетін! 

Бұл бәдәуи оқыған ғалым ер-ді, 

Аят оқып тәпсірден мағына берді. 

"Қылған еңбек кетпейді бекер босқа, 

Тәңірім босқа қалдырмас талапты ерді!" 

Бұл бәдәуи кісі екен жақты, жанды, 

Түйесіне мінгізіп алдына алды. 

Жайылып - жастық, иіліп төсек болып, 

Меккетұлла шаһарына алып барды. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              621 bet 

Барса сұлтан, Байтұлла орнында жоқ, 

Деп ойлады: "Екеуіміз жол жаңылдық!" 

Іздеп келген нәрсесі жоқ болған соң, 

Күйіп кете жаздады от, жалын, шоқ. 

— Ешкім нанбас жоқ деген сөзімізге, 

Килікті ме бір нәрсе өзімізге?! 

Жансыз нәрсе орнынан қайда кетер, 

Жабысты ма бір нәрсе көзімізге?! 

Ан-таң болып бұлардың есі кетті, 

Сүйген құлға Хақ жолын несіп етті. 

Не қыларын біле алмай тұрған шақта, 

Құлағына ғайыптан бір үн жетті: 

— Аң-таң болып, Ибраһим, ғапіл қалма. 

Бір басылған аяқты кейін салма! 

Құмар болған жалғыз-ақ сен бе екенсің, 

Жүре берсең, көрерсің: жоқ па, бар ма? 

Бір достымыз бар еді бізге құмар, 

Несін саған қылайын ұзын-сонар?! 

Іңкәрлігі өзгеден артылған соң, 

Шығып соның алдынан кеткен шығар! 

Мінәжат қылды сұлтан мұны естіп, 

Өзі өзінің есінен шығып кетіп. 

— Мен құрмалдық тоқтысы болар едім, 

Жолықтырсаң, мені оған душар етіп! 

Қандай күнде жараттың оның өзін?! 

Көзге сүрме қылайын басқан ізін! 

Құтты өзіңді көргендей қуанайын, 

Өзің сүйген достыңның көрсет жүзін! 

Кім есептеп жүреді өткен күнін, 

Шауып тастар қисық деп кім өз мінін?! 

Көргенімше көңілім дауаласын, 

Маған таныт күні бұрын аты-жөнін. 

— Құдіретіме ертерек жеткен даты, 

Басып шығар бір-екі қалды саты. 

Баһара деген шаһардан шыққан жалғыз, 

Жынысы — әйел, ісі — еркек, Рабиға аты. 

Мұны естіп түседі сұлтан жолға. 

Тәуекелдің таяғын ұстап қолға. 

 

347 - Бөлім: ӘДҺАМ ДИУАНА ЖӘНЕ ИБРАҺИМ 2 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2044 

 

 



Рабиғаға кез болды жол үстінде 

Ит алданар әркімнен қалған тұлға. 

Дария болар су ағып тасқан сайын

Кетерілер ат белден асқан сайын. 

О да екі бас келеді намаз оқып, 

Әрбір жерге аяғын басқан сайын. 

Бір құнақта екі жүз жерді басып, 

Басқанынан екі жүз намазы асып, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              622 bet 

Жерде жатқан күндей боп жарқ-жұрқ етіп 

Домаланып келе жатыр нұры тасып. 

Құдайына келеді көңілі кетіп, 

Шыбын жанын жолына құрбан етіп, 

Қажылардың ихрамды байлайтұғын, 

Тақалғанда орнына жаңа жетіп. 

Жаннан кешіп барады ердің ері, 

Арманына пенденің жеткен жері. 

Енді ихрамды байлайын деп тұрғанда, 

Келіп қапты бойына етек кірі. 

Ихрам киіп, қажылар рида салды, 

Керек қылмас сол күні ешкім малды. 

Намаз бенен рузасы дұрыс болмай, 

Байлай алмай ихрамды жалғыз қалды. 

Тақалғанда арманға жаңа жетіп, 

Тәңірім мұндай бір ауру душар етіп. 

Айдалада бұл күймей, кім күйеді, 

Есіл еңбек бір жанбай босқа кетіп?! 

- От үрледім жеті жыл: "Жаншы, жан!" 

Жарлық қылдың жаңбырға: "Жауа сал!" - 

— Мені биыл қалдырмай бұл парыздан, 

Болмаса, — қылды нала — жанымды ал! - 

Алла тағала наласын қабыл етті, 

Тап-таза боп бойынан дерті кетті. 

Құйынуға су іздеп аласұрып, 

Су таба алмай елсізде, шаршап бітті. 

Су іздеген киіктей жортып желді, 

Бір құйынар су болып арманы енді. 

Көріп қойған кісідей көп бұлтармай, 

Бір құдықтың басына тура келді. 

Қауғасы жоқ алады қалай суды, 

Шешіп алып көйлегін мес қып буды. 

Кесіп алып шашбауын арқан қылып, 

Таза сумен етінің кірін жуды. 

Керек қылмай кеткен соң жұрт пен елді, 

Тәңірім қылды болыстық, мұнан білді. 

Шөлдегеннен аузына тілі сыймай, 

Екі көзі төрт болып бір ит келді. 

Көйлегімен су алып итке құйды, 

Емін-еркін ит ішіп әбден тойды. 

Екі көзі шырадай жанғаннан соң, 

Итке тәңірім салады бір жақсы ойды. 

Құдайына ит ұлып қақсады зар: — 

Бұл пенденің жүрегінде не мақсат бар?! 

Мені қандай қуантса, сондай қылып, 

Мұратына жеткізіп, жүрегін жар! 

Иттің қылған дұғасы қабыл болды, 

Жазы жапан айдала нұрға толды. 

Жаңа киіп көйлегін тұрған шақта, 

Басына кеп Байтұлла орнап турды. 

Ілтипат қып Рабиға көз салмады



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              623 bet 

Келді ме, келмеді ме ойға алмады. 

Шамшырақтай келеді қатын жайнап, 

Қолшатырдай басынан қозғалмады. 

Басқан ізі жазылған хаты болып, 

Тау мен тасқа түп-түзу саты болып. 

Қабығы жоқ қолында ағаш таяқ, 

Алласының аузында аты болып. 

Көрінгеннен қарасын, шайтан қашқан, 

Жері алтын ізі боп, аяқ басқан. 

Хазіреті Мұсадай қайрат қылып, 

Нұр тауына өрмелеп жоғары асқан. 

Сондай болып Рабиға келе жатыр. 

Қағбатұлла басында болып шатыр. 

Дастан болып артында сөзі қалған, 

Жынысы әйелден шыққан — ол — бір батыр. 

Қол қусырып алыстан, тағзым етіп, 

Еріткен майдай толықсып, балқып кетіп. 

Қажылардың бәрін де соңынан ертіп, 

Қарсы алдынан Ибраһим келді жетіп. 

Домалантып көзінен төкті жасты, 

Әйел демей, алдына қойды басты: 

— Ұлы сәске тал түсте тұрған күндей 

Көзге түстің, қалайша бағың асты?! 

Қағбатұлла алдыңнан қарсы шыққан, 

Мың сан еркек өзіңнен қойдай ыққан. 

Ілтипат қып сен оған көз салмайсың, 

Тәкаппарлық болмай ма ұлығлықтан?! 

Рабиға айтты: 

— Көңілден кетсін дағың, 

Шірімесін сөз айтқан тіл мен жағың! 

Айтып тұрсың әншейін маған жорта, 

Артық екен менен де сенің бағың! 

Машақатсыз келіп тұр Қағба маған, 

Қылған істен пайда жоқ қызбай табан. 

Ерте піскен жемісте дән болмайды, 

Жетік молда бермеген тағлым саған. 

Әр нәрсені қадірлер, шықса пұлы, 

Болмасын деп кім айтар жүрген жолы. 

Мехнатсыз, машақатсыз қолға түскен, 

Нәрсенің, сірә, болмас қадір құны! 

Тарау-тарау сөзім бар әр бір көптен, 

Көріп тұрған пайдам жоқ қауым көптен! 

Және Сұлтан сұрайды Рабиғадан: 

— Қағба шықты алдыңнан не себептен?! 

— Сөзге сөз келіп қалса — сөз атасы, 

"Сөз-сөзден туар" — деген жоқ қатесі. 

Байтұлланы басымнан айналдырған. 

Бұралқы түзде жүрген ит батасы. 

Бір-екі ауыз сөзбенен бұ да бітті. 

Көп қажылар тауап қып кайтып кетті. 

Рабиға да қайтыпты өз жұртына, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              624 bet 

Қалды Ибраһим Меккеде ,көр: не етті?! 

Бір орыннан қозғалмас Темірқазық, 

Басы жұмыр пендеде көп тұр жазық. 

Мың алтын берді бір бай Ибраһимге: 

— "Киім-кешек, өзіңе қыл, — деп, — азық!" 

Тамақ — олжа: бір күнгі қарны ашқа, 

Қой жүн шекпен атластай жалаңашқа. 

— Өмірімше шашымды алып тұр! — деп, 

Мың алтынын беріпті шаштаразға. 

Қайыр сұрап бір кедей сонда келді, 

Мың алтынын шаштараз түгел берді. 

— Бірін берсең жүрмей ме, құдай үшін, 

Неге бердің біржола бәрін?! —деді. 

— Саған берген бай оны қайдан берді?! 

Маған қылған жақсылық-пайдаң! — деді. 

— Құдай үшін беруге мың көп пе екен, 

Сендей жүз мың иеледі жайдан! — деді. 

Мұны естіп Ибраһим қайран қалды: 

— Шоқ тәубе ме, — деп, өзіне бір ұпай салды. 

Айтқанына өкінді пұшайман боп: 

"Жүр екем, — деп— ұмытпай әлі малды!" 

— Қате қылдым, жаңылдым, мен адастым, 

Жақсы көрсем, жалғаннан неге қаштым?! 

Көңілге алып, дүниені көзге іліп, 

Неге аяқты хақ жолдан қисық бастым?! 

Алласы ашқан айыпты кім жаба алар, 

Қолың қанша былғанса, су тазалар. 

Қас пен көздің, кірпіктің арасында 

Талайсызға тікен боп тіл қадалар. 

Күн өткізді Меккеде жазы-қысы, 

Құлшылықтан басқамен болмай ісі. 

Тауға барып бәйшешек, жантақ теріп, 

Бір отыншы белгілі болды кісі. 

Бір арқа отын арқалап алып келіп, 

Одан алған тиынын үшке бөліп. 

Жетім-жесір, міскінге үлестіріп, 

Қайда дәруіш бар болса, тамақ беріп. 

Жарасады жүк артса құйрық нар, 

Айыр өркеш түйе мен болмас бұл пар, 

Ұзын түнді өткізді ояулықпен, 

Құдайына мінажат қылумен зар. 

Жалғаннан біреу қашып кетіп жатыр, 

Жабдығын ақыреттің өтіп жатыр. 

Кейбіреулер дүниені талмай қуып, 

Бәріне де бір құдай жетіп жатыр. 

Дүние — қоян, арсалаң адам — тазы, 

Бар да, жоқта тұра алмай, өтіп жазы. 

Қарақшыға жете алмай жолда қалып, 

Мұнымен таусылып бітіп шары. 

Ақылсыздар бейнет қып дүние жиып, 

Дұшпанларын семіртіп жатыр күтіп. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              625 bet 

Кейбіреулер бар-жоғын ойламастан, 

Жүндей сабап дүниені, жатыр түтіп. 

Айналасы кереге, төбесі — уық, 

Сол сағатта тәубең де тұр ғой жуық. 

Екі күні бірдей боп тұрмайды еш, 

Бір күн ыстық болғанда, бір күн — суық. 

Ер басына не келіп, не кетпейді, 

Күн — бүгінгі, ертеңге көз жетпейді. 

Бұ жалғанды деймісің мәңгі бақи

Күн мен жұма, ай менен жыл өтпейді. 

Зар боп қалар кей бір күн бай бір пұлға, 

Үнемі қонып тұрмайды дүние қолға. 

Бақ пенен тақ, патшалық қалар тиіп, 

Ескерусіз есікте жүрген құлға. 

Баяны жоқ жалғанның ісі ғайып, 

Бай-кедей болуы оңай, кетсең тайып!.. 

Көбең малдай елеңдеп, осқырады 

Жалғыз атты кедейден — жүрген байып! 

Бір күн семіз боларсың, бір күн-арық, 

Отыз күндік бір айдың жарымы — жарық! 

Өткен өмір, кеткен күн — белгісі жоқ, 

Маған десең қырық жыл қыл патшалық 

Жан көрдің бе өлместен жүрген тірі, 

Ер басына қазулы тұр ғой көрі. 

Кім келмейді жалғанға, кім кетпейді, 

Адам ата, Нұх нәби, — сонан бері?! 

Мәңгі бақи дүниеде қалған жан жоқ, 

Құр алақан кетесің, алғаны жоқ. 

Жетсең де арман бұ дүние, жетпесең де, 

Құдайды іздеп өлгеннің арманы жоқ! 

Сұлтанның артыңда қалған қатын — баласы туралы. 

Бұл сұлтан құдайды ойға алып" еді, 

Оң жолға тәңірім өзі салып еді. 

Зұлхия халал жары жүкті болып, 

Қыршын жас дер күнінде қалып еді. 

Тірідей қалды да тұл, күйіп бақты (бақыты), 

Болды да біреуге олжа алтын тақты (тағы-тақыты). 

Кеткен соң патша үйден көп ұзамай, 

Жүзі айдай, көзі күндей бір ұл тапты. 

Айырылып баққұсынан қалды қатын, 

Сарғайтты сана менен нұр сипатын. 

"Тұлпардың тасқа басқан тұяқ!"—деп, 

Баланың Сұлтанмахмұт қойыпты атын. 

Бар екен әуелден-ақ тумақ-өлмек, 

Басқа құдай не салса, пенде көнбек. 

Әркімді әр нәрсемен жұбатады, 

Қатынға туған бала болыпты ермек. 

Баһары қаз алатын лашындай, 

Бойы бар тік сандалдың ағашындай. 

Мінезі, түсі, түгі дәл атасына 

Ұқсапты сауысқанның баласындай. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              626 bet 

Көк шыбық солқылдаған өрім талдай, 

Мінезі тәп-тәтті боп ғылуа балдай. 

Алмадай екі беті албырап тұр, 

Туады мұнан артық бала қандай! 

Жаралған түп-түгел боп, жоқ боп міні

Аққудай саңқылдайды шыққан үні, 

Отырды үй үстінде бір күн бала, 

Қазақша — шек, ертең айт деген күні. 

Анасы серік болып қасында отыр, 

Жетімдік, жесірлікпен басында отыр. 

Болған соң айт ақшамы, шырақ жағып, 

Әркім барып бір көрдің басында отыр. 

Көрмеген мұндайлықты бұрын бала, 

Балаға көргеннен соң түсті сана: 

— Жай жатқан көп өліктің тынышын алып, 

Мынау жұрт не қылып жүр, ей, жан ана? 

Аузына қарай қалды анасының, 

Жықпайды сөзін ана баласының. 

— Шырақ жағып жүргендер ғой, бата қылып, 

Басына өлген ата-бабасының. 

— Отырмыз біз бозарып мұнда не ғып?! 

Көзінен жас ағыпты мөлт-мөлт тамып. 

— Менің өлген әкемнің көрі қайда? 

Келейін мен де барып шырақ жағып. 

Анасы бір аһ ұрды, есін танып, 

Аузынан шыққан жалын дау-дау жанып. 

— Атаңның бүл шаһарда моласы жоқ, 

Қайтпасаң құр бозарып босқа барып. 

Біз жарлы болып қалдық, жасқа байып, 

Баққұсым, жазатайым бастан тайып. 

Шырағым, сенің әкең өлген жоқ-ты, 

Бір түнде болып кеткен тірі ғайып. 

Баланың жасқа толды екі көзі, 

Аузында атасы боп сөйлер сөзі. 

— Не дейсің, қайда кетті дейсің, ана, 

Кісі еді қай форымды әкем өзі?! 

Көзіңше кетіп пе еді, рас, тірі, 

Жан еді не сипатлы кескін, түрі?! 

Мен тумай ғайып болып кеткен болса, 

Бір хабар білмедің бе сонан бері? 

Анасы айтты: 

— Құлағың сал, балам! - дейді. 

— Айтайын саған сырды тамам, — дейді. 

— Атаңның жайы-күйін мен сөйлейін, 

Дүниеге келмес ондай адам! — дейді. 

— Сенің атаң бұл жұрттың еді ханы. 

Болмаған дүние-малдың ешбір саны. 

Мен — жесір, сен жетім қалғаннан соң, 

Ішіп-жеп құл-құтандар кеткен, әні! 

Есептен кеткен асып дүние-мүлкі, 

Ит жүгіртіп, құс салып, аулап түлкі. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              627 bet 

Бітсе де қанша дәулет желікпеген, 

Жоқ еді, тіпті, өзінде ойын-күлкі. 

Ұйқысын бөліп бір күн түнде тұрды, 

Ешкімге шығармады ішкі сырды. 

Мен жаттым: "Тысқа шығып келеді" — деп, 

Келмеді, сол кеткеннен ғайып болды. 

Көргенім менің баққан болды сол-ақ, 

Көз жасым аға берді болып бұлақ. 

"Меккеде аман-есен жүр, — деп, — тірі" — 

Айтады еміс-еміс ұзын құлақ. 

Жалаң аяқ, жалаң бас, төсін ашып, 

Арқалап жаяу таудан отын тасып. 

Алған пұлын әркімге үлестіріп, 

Кәріп қастер міскінге болып несіп (нәсіп). 

Таныпты анық түсін әркім көріл: 

"Жүр — дейді, — отын жинап, шөпшек теріп. 

Түскен пұлын қолына тұрғызбастан, 

Жетім менен жесірге бөліп беріп." 

Анадан тумас енді оңдай кісі, 

Аумаған дәл өзіндей өңі, түсі. 

Құдайдың күндіз-түні құлшылығы — 

Атаңның қылып жүрген бұ күнгі ісі. 

Шешесі қозғағаннан сөздің басын, 

Жіберді төгіп бала көздің жасын. 

Орнына отыра алмай алас ұрды, 

Ұмытып ұйықтар ұйқы, ішер асын. 

— Ей, ана, жібер мені жабдық беріп, 

Атамның қуанайын жүзін көріп. 

Бір барып тірлікте өзім жолығайын, 

Қалмасын көңілде арман, кетсем өліп. 

Анасы айтты: 

— Жанымнан шырын балам, 

Тірі, жалғыз артында қайтіп қалам?! 

Атаң үшін кейігенім аз ба маған, 

Енді сенің отыңа қалай жанам?! 

Бар, жарығым, сен едің менің көрген, 

Аз күн ермек болсын деп Ием берген! 

Енді сенен айырылсам не боламын, 

Қарашығым көзімнің күнде керген?! 

Ей, балам, кім бұзады азалыны, 

Шаршаймын несін айтып қазалыны. 

Аһ ұрып, енді күйіп, оттай жанып, 

Оқиды сонда анасы ғазалыны: 

Бұ не қасірет, бұ не күлнат, 

Бұ жалғанда жоқ боп ұлхат (шәрбат)! 

От боп өртеп кеше-күндіз, 

Өзегіме бәрі пархат! 

Қиялымда жоқ іс еді (есімде), 

Сүйген жардан жұда болмақ! 

Бұл жалғанның отына өртеп, 

Денеден жан пида болмақ! 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              628 bet 

Кім еркімен болған өзі, 

Әр не қылса, құдай қылмақ" 

Алланың қылған ісіне 

Білген пенде разы болмақ! 

"Қиямет күн қатты!" — дейді, 

Көзі жеткен қырағылар. 

Қиямет анық сол екен: 

Сүйгенінен жұда болмақ! 

"Тозақ оты қиын!" — дейді, — 

Жұрттың бәрі солай сөйлеп. 

Мұнан артық от болар ма, 

Зағыпырандай жүзі солмақ?! 

Ия, Алла, бұл не қасірет бұл жалғанда, 

Бойымда толып жатқан көп арман да! 

Айрылған дер кезінде сүйген жардан, 

Бар ма екен естіген[де] мендей пенде?! 

Кім тіленіп осындай болады өзі?! 

Салған істі — пенденің көрер көзі! 

Ешкімнен мұны көріп, жыламаймын, 

Алланың, бұл қайғыны, салған өзі! 

Баласы айтты: 

— Мейірбан мағшық анам, 

Көрінбейді көзіме ешбір адам. 

Мені жерге қаратпай, ризалық бер

Жан барында әкемді ізлеп табам. 

Өзімдей балалардың әкесі бар, 

Мен көшеде тұрамын телміріп зар. 

Енді жүрер жолыма бөгет болып, 

Өткелсіз су болмаңыз, кешусіз жар. 

Жата алмаспын бұл үйде мен жайланып, 

Аяқ пенен қалмаса қол байланып! 

Барайын да, қайтайын, көп кешікпей, 

Пәруана боп басынан бір айналып. 

Анасы бұза алмады бала сөзін, 

Көрген соң жаспен толған екі көзін. 

— Бар, — дейді — енді сенің жолың болсын! 

Аманат бір құдайға қылып өзін! 

— Үстіңде жақсы болып тұрса заман, 

Атаңа есен жетіп, барсаң аман. 

Бір-екі күннен артық тұрмағайсың, 

Қайтқайсың бері айналып бізге таман. 

Жалғаннан не көрмеген сорлы басым, 

Тамақтан ері өтпейді ішкен асым. 

Қарағым, көз қуаныш, жарық сәулем, 

Тыйылмас сен көрмей көзден жасым! 

Жүректе басылған мөр-атаң-дағы, 

Анаңның болды жуық өлер шағы. 

Екі ауру бірдей келсе өлгені де, 

Сен енді келмей қалсаң және тағы! 

Сөз айтты қалдырмастан баласына, 

Баласы разы болып анасына. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              629 bet 

Екеуі елсіз жерде қоштасқанда, 

Бұлардың жер, көк балқыр наласына. 

Бір жолға тәуекел қып, басты байлап, 

Қаңғыртып ықтиярсыз 

Тәңірім айдап. 

Екі-үш күн кір жуғызып, ас пісіртіп, 

Жүретін жол жабдығын әбден сайлап. 

Жүрерде анасынан сұрайды сөз: 

— Атама болып несіп, ұшырассам кез. 

Айдалада құр кімге жабысамын. 

Жазып бер түсі-түгін қағазға сіз. 

Анасы айтты: 

— Меккеге барсаң, балам, 

Базарына отынның бассаң қадам. 

Беп-белгілі ішінде түрі бөлек, 

Бір араға бас қосса мың сан адам. 

Ұзын бойлы, шырайлы, қызыл иүзлі (жүзді), 

Көрінгенге күлумен қадап көзді. 

Қара сақал, қыр мұрын, ат жақтылау, 

Тілі тәтті, сөйлесе шырын сөзді. 

"һу!"—деп келер, жалаң бас, жалаң аяқ, 

Балтасы бар белінде, қолда таяқ. 

Анадайдан танырсың көрген жерден, 

Жан-жағыңа алаңдап қарамай-ақ, 

Намаз оқыр екі бас әр басқанда, 

Ешкімменен ісі жоқ, көзі аспанда. 

"Осы екен!" — деп ойларсың, сұрамастан, 

Жетім-жесір, міскінге пұл шашқанда. 

Алдына жетіп егер тұрсаң барып, 

Көргенде қуанарсың жүрек жарып. 

Айтқайсың бастан аяқ көргеніңді, 

Сұраса: "Аман ба,—деп,—анаң ғаріп?!" 

Айтқайсың: "Осылай, — деп, —анам халі!" 

Ұзын өмір жас керек сөйлеуге, әні! 

"Аяқ басып жүруге дәрмені жоқ, — деп, — 

Кеудеде құр шықпаған ыстық жаны!" 

Дегейсің: "Көңілі қайдан болсын бүтін, 

Аузынан "ah" дегенде, шыққан түтін. 

Кетеді қаптап иісі тамам жұртты, 

Кісінің анау-мынау шарпып бетін. 

Қаптайды бір қараңғы тұман болып, 

Қоңырсып шаһар іші кетер толып. — 

"Аһ!" — ұрған Зұлқияның лебізі!"—деп, 

Деп айтысар: "Тұр ғой,- деп, - сонан болып!" 

Борандай басылады барып-барып, 

Лапылдап бірде сөніп, бірде жанып. 

Бауырының күйген иісі мүңкіп шығып, 

Иісіндей қуырдақтың мұрын жарып!" 

Айтқайсың осы сезді әуел ақыр: 

"Қу дала, болып қалдық, мидай тақыр! 

Аманат көп-көп сәлем-арызын айтып, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              630 bet 

Артымда қалды-ау зарлап анам пақыр!" 

Не айтса бәрін бала ұғып алды, 

Анасы қош айтысып жолға салды. 

Айырылып амалы жоқ жалғызынан, 

Телміріп екі көзі тұрып қалды. 

Дүние-ай, күнің екен бұл бір харап, 

Боласың сен жағымды кімге жарап?! 

Бала белден асқанша көз айырмай, 

Артынан боздап жылап тұрды арап. 

Қой, жыла, қой жылама, кетті өз тұсы, 

Көрген, баққан қызығың болды-ақ осы! 

Көзіңді шел ей қаптап қалғаныңда, 

Қолыңнан бір кеткен соң дәулет құсы. 

Айрылды жаннан артық сүйгенінен, 

Жалаңаш қалды — үстіне кигенінен. 

Денеде құр шықпаған жан бар-дағы

Жыр жырлап, ғазал сөйлеп күйгенінен. 

Сонда ғазал, жыр айтқан, 

Есіткен жанды мұңайтқан: — 

Тірі айырылмақ мұң екен, 

Қуарып мұнша сарғайтқан! 

Аллаға айтқан наласы, 

Ұлғайып жүрек жарасы. 

Шөлдеп бір қалды шаңырқап 

Ортайып толған шарасы. 

Ақты бір еріп су болып, 

Бауырдың кесек парасы! 

Батып бір кетті-ау жоғалып, 

Көзімнің ақ пен қарасы! 

Аязды күні айналған, 

Бұлтты күні толғанған... 

Алланың қылған ісіне, 

Пенденің бар ма шарасы?! 

Тар құрсағын кеңейткен, 

Тас емшегін жібіткен, 

Ғұмырында көрген сәулесі — 

Кеткен соң жалғыз баласы! 

Уаһи менің жойып өмірімді 

Денемді өртеп жанған от! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет