көзіне» деген емес пе?! Жұрт бара қоймапты.
Араб (ғараб) халқынан Канана руынан алты жігіт саудагерлікпен Йемен уәлаятына барып:
– Неміз кетеді, көре кетейік!- деп, Қылисаға барыпты.
Монахтар (манахтар):
– Кім боласыздар?- деп сұраған соң:
– Мекке шаһарының кісісіміз!- деген соң,
– Бәрекелді, жақсы келдіңдер! - деп, сыйлап, күтіп, аралатып көрсетіпті.
Бұлар да таң-тамаша қалып:
– Құдайларың құдай-ақ екен. Үйлерің жарайды құдайға үй болуға толық екен!- десіпті. Монахтардың
біреуі:
– Бұлардың не қылса да, аузынан су ағып, есі шықты-ay!- деп, - Сендердің құдайларыңның үйі қалай,
біздің құдайдың үйі қалай? Қайсысы жақсы?- депті.
Онда олар өтірік айта алмай, шынынан сөйлепті:
– Біздің «Құдай үйі» деп жүрген үйіміз мұнан көп артық, көп оңды. Неге десеңдер, сендер мына алтын,
күміс, асыл таспен артық болады деп ойлайсыңдар ғой. Біз оны дәнемеге тұрады демейміз. Біздің «Қағба»
деген үйді Ибраһим-Смағұл деген пайғамбар жасаған. Және ол үйдің босағасына таянып тұрып, не тілесе,
тілегі қабыл болады. Ұлсызға ұл береді, қызсызға қыз береді. Жарлы байиды, ауру жазылады!- дей
бастаған соң-ақ, жанжал-керіс көбейіп, аяғы төбелессіз тарқамайтынға айналып бара жатқан соң,
алтаудың біреуі жүгіріп барып есікті басып тұра қалды да, қалған бесеуі іштерінде жасырын байланып
жүрген бір-бір жеке ауыздары бар екен. Бірін сау қалдырмастан, шек-қарындарын аяқтарының басына
түсіріп, келемеждеп, қорлап өлтірді де, өздері сол үйдің ішіне шөмеле тұрғызды да,онан апарып
құдайларының бет-аузына, үсті-басына былжыратып жақты да, бір балтаны қасына сүйеп қойды да, хат
жазып тастап кетті: «Міне, біз Мекке шаһарының қаңғып жүрген саяғымыз, бетіне [боқ] жағып жатқан
біздің қолымызды қағуға жарамады. «Құр қол болдым, қапы қалдым!»- деп айтар деп, қасына балта да
қойдық. Оны ұстап, өз басының қамын қылуға, өз басын қорғауға жарамаған құдай сендерге неменеге сеп
болуға жарайды дейсіңдер?!»- деп, кетіп қалыпты.
Осы уақиғаны ең алғаш көрген не деп айтып барды екен? Құдайдың бетін немен былғап кетіпті дейді екен.
Абыраһа мұны естіп, өзі келіп көріп, ашу аса зор қысқаннан, есінен жаңылыпты. Бар шамасы келгені сол
болыпты. Соғыс ашуға даярланып, күннің көзін, жердің жүзін тұтылдырған қосын алып, қырық піл бар
екен бордақы қылып бақтырып қойған.Оның ішінде бір пілді «Піл Махмұды» - дейді екен.
– Мекке шаһарын орнымен жоқ қылып, аспанға ұшырып жіберейін де, ол үйді іздеп келушіге бір кесегін
орнынан таба алмайтұғын қылайын! - деп, Мекке шаһарын қамап келіп жатып алыпты. Қурайыштың
далада жүрген қой, түйесін түп көтере шауып, талап алыпты. Бұл күн Ғабділмүтәліп ақсақалдың Мекке
халқына ақсақал болып тұрған күні екен, төрт жүз түйесі бар екен. «Түйені қуып кетті!»- деген соң, «Мал
ашуы - жан ашуы»-деген бар ғой, бой тоқтатып отыра алмады. Жақсы киімін киді,басына дағарадай
сәлдесін салды, түйесіне мініп, Абыраһаға мал соңынан барды. Жолда жатқан қырық пілдің бастығы піл
Махмұд ақсақалды көрген жерден: «Ақыр заман пайғамбарының бабасы» екендігін танып, басын төмен
салып: «Жүре бер, ақсақал, саған жол бос!»- деген кісідей тырп етпей жата берді дейді.
Абыраһа пілдерінің сыйлағандығын көріп, ұшып тұра келіп,тағынан түсіп барып,қолынан ұстап көрісіп,
сый-құрметпен тағының үстіне бірге алып шығып отырғызып:
– Жол болсын, ақсақал,жүрісіңіз жай, немене?- дейді.
– Шырағым, жол болса, мол болсын! Қу даң төлеңгіттерің төртті-бесті күн көріп, ауқат (арқат) кешіріп
отырған мойнақтарымызды қуып кетіпті. Малсыз кісінің күні немене? Соны саған шағып келіп
отырғаным ғой! - депті.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
669 bet
Абыраһа күліп:
– Ой, жарықтық, ақсақал-ай, біз сенің қаралдынды көрумен тойып, исініп, еміреніп қалып едік. Сөзіңді
есіткен соң, карын ашты ғой. Мен үйіліп-төгіліп неменеге келіп жатырмын.Мына қара жабулы үйдің
қарасын өшірейін, тып-типыл жоқ қылып, орнынан көшірейін деп келіп жатырмын ғой! Соның мән-
жайына келген екен ғой десем,сырты төксе (түгіл), іші [боқ] мал үшін жүр екенсіз ғой!- депті.
Онда Ғабділмүтәліп айтыпты:
– А, балам, «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар!» деген. Ол үйде менің не жұмысым бар? Ол менің үйім
емес,өзінің иесі бар. Ол өзі бір қу: жалғыз, онда не әке жоқ, не шеше жоқ, не туған-туысқан жоқ, не қатын,
бала-шағасы жоқ. Біздің бауыр, ағайын, туысқанымыз емес. Құдай қосқан құда, құшақтасқан досымыз
емес. Не ұлымның қайыны, не қызымның қайыны емес. Айдалада біреудің үйі үшін мені кіммен
жауласып,кіммен қастасады дейсің. Төртті-бесті мойнақ күн көріп, ауқат кешіріп отырған малым, мен
соның иесімін,сол малым үшін келіп отырмын. Айдаладағы біреудің үйінде не ақым бар? Үйіне иелік
қылып, айырып алып қалса да, өзі біледі, саған беріп қоя беріп,бақырайып қарап отырып қалса да, өзі
біледі.
– Иә, ақсақал, ертең біз сол үйге қол қоямыз. Сонда сен оған болысып, бізге, жасаққа қарсы шықпайсың
ба? - депті.
– Жоқ, жоқ, шырағым, мен осы барған бетіммен үйін де, өзін де саған тастап, айнала жан-жараныммен,
бау-шарбатыммен көшіп шығып кетсем, ризасың ба?- депті.
– Жарайды, ақсақал,онда сен табылмайтұғын жақсы кісі болдың!- деп, төрт жүз түйесін түгел алдына
салып, айдатып қоя беріпті.
Ғабділмүтәліп түйесін айдап барып:
– Ал, қатын-қалаш, бала-шаға, ағайын-аймақ - бірің қалмай көшіңдер, шаһардан шығыңдар! Мынау өзі
бізге сенемін деп, бізді бар екен, жан екен деп,үйінен айрылып қалмасын! Өз үйін қорғап алып қалса,
қалсын, қалмаса, қойсын!- деп, қыбырлаған жан, тайлы-таяғына шейін қалмай жабырлап шығып жатыр
дейді.
Абыраһа да қуанып, масайрап отыр дейді:
– Кешегі ақсақал сөзінде тұрарлық, жарайтын кісі екен!- деп.
Жұрт арылып шығып болды.Түн өтті, таң атты. Абыраһа:
– Ал, айдаңдар пілді! Үйге қол қойыңдар, орнында бір кірпіш қалмасын!- деп жарлық қылды.
Бір піл аяғын тырп етіп ілгері баспады. Көтінен кейін шалқалақтап шегіне берді. Аспаннан бұрын түсі-
түгін, ажар-түрін адам көрмеген бір түрлі құс пайда болып, тұмсықтарында бір тас, екі аяқтарында екі тас
дара бұршақтай жаудырып еді, кәпірлердің төбесінен [түскен] тас көтінен шықты, бықпырт болып,
қырылды. Қыбырлауға жарарлық жан қалмады. Абыраһа көтенінен пісіп, бұтына тышып, қашып барады.
Бір кұс төбесінде күйкентайдай ебелектеп, жанын қоярға жер таптырмай, қуып барады.
Нажашының алдына барып, не көрген, не білгенін о да асығып сөйлеп болды, құс төбесінен тасты тастап
жіберіп, Абыраһа Нажашының алдына жалп ете түсті.
Манағы Меккеден көшіп шыққан ел қайта өз қоныстарына келіп,жаудан қалған олжаға шаш етектен ілініп,
мәз-мейрам болысыпты.
Дәл осы оқиға болған жылда пайғамбар Мұхаммед - Мұстафа ғалайссалам ана қарнында екен. Шешесі
Әмина пайғамбарды көтеріп, екіқабат буаз екен. Сонан сол жыл Ғараб жұртында «Піл жылы» деген жыл
атанып, қурайышларда жазылып қалыпты.
Мұның қиссасы хақында Ләмтір, кәф сүресі келген. Тәпсірлерден қарап, ұзын әңгімесіне сонан қаныңдар!
Құдайдың құдіретінің шеберлігі сол - тастардың әрбірінде арналған жандардың аты жазулы екен дейді.
«Әркім өз тасына ұшырамақ» деген сөз сонан қалған екен. Ондай көріне келіп төбесінен таспен қойып
кетпегенмен, бұл заманда өз тасына ұшырайтұғындар аз емес. Құдай ісінде асығыс жоқ. «Күнбе-күн бола
қоймады!»- деп, жұрт асығады. Жоқ, қашан да болса, Құдай құдайлығын бір танытпақ, барлығын өзі
білдірмек, күштілігін көрсетпек. Мұхаммед пайғамбарға келген хатаб жалғыз Мұхаммедке емес, қиямет
қайымғаша көктің астында, жердің үстінде болған іс - шынға!
366 - Бөлім: СҮЛЕЙМЕН МЕН ҚҰМЫРСҚА
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2063
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
670 bet
СҮЛЕЙМЕН МЕН ҚҰМЫРСҚА
Күндерде бір күні хазірет Сүлеймен ... ұзыны-ұзын, (ені) көлденеңі сегіз жүз шақырым қатар-қатар, бір
ашық жері жоқ, сонша (иірді) [1] жерді түгел толтырған ғаскерменен ұшып бара жатқанда, құмырсқаның
патшасы илеуінің үстіне шығып (тұрып) [2] көп құмырсқаға жар салды:
– Уай, бейшара, құмырсқалар, жердің астына қарай тығылыңыздар! Сүлеймен ғаскерімен, олардың
көздері көкте, сізлерні майда-майда қылып кетеді!: депті. Уақтап-уақтап [3], ұсатып кетпесін!- деді.
Өңшең сезбестер келеді. Екі көзі аспанда жүргендер аяғының астында бір нәрсе бар-ау деген ойларында
бар дейсің бе?!- дейді.
Жел құмырсқа патшасының аузынан шығысымен, қазірінде Сүлейменге жеткізді, құлағына сап еткізді
дейді [4]. Хазірет Сүлеймен ғалайһи-уәссалам өзін зор санап, құмырсқаны қор санап күлді дейді [5]:
– Надан шіркін, аспанда ұшып бара жатқандардың жердегіге не зарары тиеді[6}?! Соған білімі жетпей
айтып жатыр-ау! - деп, қорашсынып, тоқтап тұрып, құмырсқаның патшасын шақыртып алды.
Сонда құмырсқаның патшасы:
– Мені неге шақырттыңыз?- дейді.
– Тілдесейін, сөйлесейін деп шақырттым! - дейді.
– Менімен тілдесіп, жауаптассаңыз, иығыңыздың үстінен, құлағыңыздың тақ түбінен орын беріңіз.
Әйтпесе, біріміз - көкте, біріміз - жерде: сөзіміз түгел бола ма? - дейді.
Тақ Сүлеймен құмырсқаның патшасына иығының үстінен [7], құлағының түбінен орын берді.
– Сұра, тақсыр,- дейді.
– Сұрасам, мендей патшасы бар жұрт біреуге зорлық-зомбылық қыла ма? Не үшін: «Таптап кетпесін?»-
дедің?!
– Уай, тақсыр-ай, қол астыңдағы халқыңның төбесін көкке тигізбедің, аяғын жерге тигізбедің. Көкте
болсаң, жердегіні аяр едің. Жерде болсаң: «Бәріміз бір ауылдың кісісіміз ғой!» - дегендей, жаның ашыр
еді. Көкте де жоқ,жерде де жоқ, желге ұшқан тулақтай өзің ұшып жүрген соң, сенің қай жеріңде ғақыл-ес
тұрады деп ойлаймын. Шөп жаманы -қаңбақ, о да желге ұшқанда, жерге домалап ұшады: есебі құдайға
қылған сәждесі. Аспан-көктің арасында не жүреді: құйынмен ұшқан шөп-шар жүреді. Желмен ұшып
жүрген нәрседе ғақыл-ес бар деп кім ойлайды?
– Хош, менің ғаскерімнің көк пен жердің ортасында ұшып жүргенін біле тұрып: «Қирап қаласыңдар,
жойылып қаласыңдар!»- деп, қалайша айттың? Сен білгіш болсаң, білімді кісіден бос сөз шыға ма екен?!-
дейді.
– Оны айтқаным: «Аналар басып кетеді де, сендер жаншылып қаласың!»- дегенім емес. «Алма алмадан
реңк алады, ат есекпен бір ахырда тұрса, мінездес болады. Желге ұшып, жеңіл тартып жүргендерді тамаша
қыламын деп фікір-зікірден бос қалып, ғапілдерден (ғафиллардан) болып, құдай қасында тапталып,
уатылып қаларсың!»- дегенім еді. Тақсыр, кезектесейік. Менің де сізден сұрап үйренейін деген мұқтажым
бар, маған жол беріңіз!-дейді.
Тақ Сүлеймен:
– Сұра!- дейді.
– Сұрасам, құдайдың өзіңе бергенін айт, жұрттан бөлек не берді?- дейді.
– Желді маған билетті, жел тізгіні қолымда болғандықтан, құдайға шүкір, аруаққа шүкір, айлық жер менің
баруыма - түстік, екі айлық жер қоналқалық болды!- дейді.
– Бәрекелді, тәуір нәрсені билеткен екен. Гуілдеп өткен желдің қайта айналып келгенін көрген жан бар
ма? Желді қолына ұстап: «Мынау менікі!»- деп, алып жүрген жан бар ма? Орынға тұрмаған сөзді «Желге
кеткен бір сөз-дағы» демей ме? Сондай дүние - ақыретке пайдасы жоқ: құдайдың саған бергені - желге
кеткен бір өмір екен. Тағы бергенде, жұрттан бөлек не берді?- дейді.
– Бір жүзік берді: барша патшалықтың кілті, билігі соның көзінде,- дейді.
– Ол жүзігің қайсы?- дейді.
– Мінеки!- деп, көрсетті.
– Бәрекелді, барлық құны тырнақтың көлеміндей тас болған бақ-дәулеттің болғанға, тұрғанға не сәні бар?
Тіпті, дәнеме емес екенін осынан білсейші!- дейді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
671 bet
Хазірет Сүлеймен ғалайһи-уәссалам айтты:
– Сен артықпысың, мен артық па?- дейді.
Құмырсқа патшасы айтты:
– Астыңдағы тағың артық па, үстіңдегі киімің артық па?- деді.
– Тахыт бақытпенен. Тақта бақ жоқ болса, тақ жансыз нәрсе, неменеге жарайды? Тақ артық болса, төбеме
көтеріп жүрер едім. Бір күн де болса, үстінде отырмын: тақтан мен артық-дағы, - дейді.
Құмырсқа:
– Рас айтасың!- дейді. - Астыңдағыдан үстіңдегі артық болатұғын болса, әлхамдид шүкір, сенен менің
артықлығым мағлұм болды. Сен пенде жасаған таққа мініп отырсың да, мен құдай жасаған сені тақ қылып
отырмын ғой қазіргі сағатында!- дейді.
Тақ Сүлеймен айтты:
– Құдай жаратуда қайсымызды жақсы жаратты? Бұл турадан хабарың бар ма?!- дейді.
Онда Құмырсқа айтты:
– Бұл турадан хабарым бар.Әлхамдилла шүкір, жаратуында осы отырған сенен мені артық жаратты. Неге
десең: өзге денеңе қарағанда, басың кіші, миың аз: ақылыңның аздығы -сол! Менің өзге денеме қарағанда,
басым зор: миым көп, ақылымның артықтығы сонан! -дейді. Сенің өзге денеңе қарағанда, қарның жуан:
тойымдығың жоқ, қанағатың аз. Тойымы жоқ қанағатсызда қасиет бола ма?! - дейді. Менің өзге денеме
қарағанда, қарыным жіңішке: қанағатым зор, дүниеге мұқтажлығым аз!- дейді. Сенің өзге денеңе
қарағанда, аяқ тарпың шидей: өзіңнен қаралдысы зорды көтере алмайтұғының - сол. Менің өзге денеме
қарағанда, бөксе тарпым - жуан: сол үшін өз қаралдымнан үлкен нәрселерні көтере беремін. Ақылымды
көп қылып, тамақ үшін уайымымды жоқ қылып, өзімнен зорды көтеретұғын күш беріп жаратты. Мұнан
артық жаратылу бола ма?! - дейді.
Сонда құмырсқаның патшасы хазірет Сүлейменнің өзін, барлық ғаскерін қонақ қылды. Жер астына жиып
тастаған астығы тақ Сүлейменнің қосынына мол болып жетті.
– Өгізің жоқ, соқаң жоқ, мұнша астықты қайдан егіп өндірдің?- дейді.
– Өзің не айтасың, ылғи баланың сөзін сөйлейсің: құдайдың жаратқаны жалғыз сен деймісің? Бір патша
көп қосынымен өтіп бара жатып, осы жерге бір түнеп, қосыны аттарына жем берді. Сонда соның
шашылған, төгілгенін жұртыма жиғыздырып едім: «Бір керек күні болар, құдайдың жаратқан нығыметі
далада қалмасын!»- деп. Міне, сені бір қонақ қылып жөнелттім: еңбегім орынға тұрмады ма?!- дейді.
– Сонан бері таусылмай, өзің, жұртың не жеп күн көрген?- дейді.
– Бәрекелді, жалғыз бидай жеті жыл жеуіме жарайды. Бұл жеуменен не құрайды?- дейді.
– Сонда хазірет Сүлеймен құмырсқаның бұл сөзіне нанбай, шын-өтірігін білу үшін, бір құмырсқа мен бір
бидайды темір қапасқа салып сақтады: «Жеті жылда ауызын бір-ақ ашамын!»- деп.
Жеті жылдан соң, аузын ашып қараса, құмырсқа аман-сәлемет бидайдың жартысын жепті, жартысы қарап
тұр дейді.
– Бұл қалай, жеті жылда бір бидайды тауыса алмапсың ғой!- дейді.
– Оны тауыса алмағанымның мәнісі бар. «Өзі өтірікші болған - кісі сөзіне нанбайды» деген бар еді. Менің
сөзіме нанбағандығыңнан жазықсыз қапасқа салып, мейман тұтқар қылдың. «Жеті жылда ашамын деген
уағдасына опа қылса жақсы, уағдасында тұрмай, ар жағында жеті жыл артық салып қойса, сонда керек
болар!- деп, жартысын жемей сақтағаным - сол!- дейді.
– Хазірет Сүлеймен тәубе қылып, құмырсқадан қанша үгіт-насихат алып, өзінің білместігіне, оның
білімділігіне қайыл болды:
– Менен соңғы патша болғанлар мұнан ғибрат алсын! Біреудің көзге көрінісі құмырсқадай болса да, тауып
айтқан сөзіне құлақ салып тұра қалсын!- деп, кітапқа жаздырып, кейінгіге қисса қылып кетті.
367 - Бөлім: НҰХ ПАЙҒАМБАР МЕН БІР КЕМПІР
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2064
НҰХ ПАЙҒАМБАР МЕН БІР КЕМПІР
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
672 bet
Топан су әуел таһрор қылғанда, хазірет Нұх ғалайссаламның нан жабатұғын тандырынан білінді. Ол
тандыр - тас еді, хазірет Хауа анамыз нан жапқан, сонан әулетіне (ауладиына) мирас қалған. Ол уақытта
ол тастың орнап тұрған жері - Куфа шаһарының Бапкенде деген даруазаның елінде. Қала бұл күнгеше
ғаламаты бар: «Куфада опа жоқ болған, бағышы сол (шөл) Куфа шаһарының бұрынғы заманда зорлығы
сондай: бір шетінен кірген керуен он тоғыз күнде бір шетінен зорға шығар еді. Енді осы күнде сонан
дәнеме жоқ. Әр жерде жалғыз-жарым қалған үйлердің ескі орны бар. Ешқайда кете алмай қалған,
өшпейтұғын, өспейтұғын, екі үйі бір жерге бірігіп отырмайтұғын, ант жеткен, қарғыс кеткенлердің
тұқымы бар.»
Нұх пайғамбар: «Топан суы тасиды»,- деп, жиырма жыл кеме жасаған. Сонда кәпірлер келемеж қылған:
«Қартайғанда алжып, ашамайшы шал болды»,- деп. Сонда бір кемпір жалғыз сиыры бар екен. Құдайдың
құтты күні жалғыз сиырын сауып, пісіріп, ұйытып, қатығын Нұх пайғамбарға алып келіп береді екен:
– Шырағым, су тасығанда, жалғыз сиырыммен мені кемеңе ала көр! - деп.
Топан суы тасыды, көк пен жердің арасы суға лық толды. Кемпір қайда,кеп қайда? Нұх пайғамбар оны
ұмытып кетті. Алты ай, он күн су дүние жүзін түгел қаптап қайтты. Дүние жүзі құрғақшылық болды.
Бір күні қалғақтап баяғы кемпір тағы қатығын алып келіп тұр дейді.
– Шырағым-ау, су тасығанда, мені, жалғыз сиырымды кемеңе ала көр! - деп.
Сөйтсе, кемпір байғұстың ықыласы зор, жүрегі шын болғандықтан, Нұх ұмытса да, құдай ұмытпаған екен.
Кемпір Нұх пайғамбардан қайтып, үйіне барып, сиырын сауып, қатығын ұйытып жата қалыпты, ұйықтап
қата қалыпты. Сол ұйықтағаннан ұйықтап, дүние ай-жай болған соң, бір-ақ оянып, ұйықтап-ұйықтап,
қатығын алып келіп тұрғаны екен. Жалғыз сиыры да аман. Міне, құдайдың шеберлігі - осы. Кемпірдің
үйінің орны Бурса шаһарында, көп народ (нар от) бас қосып, жұма намазын оқитын мешіт жамиғының
ортасында. Ол мешіттің маңдайында жазылған дейді. Мершімес алдин Мұхаммед Әлінжары опаты 338-
де болған. Ол өзі хазірет қожа Баһуалдиннің бірінің баласы - Міркүләл бабаның перзенті екен де, Сұлтан
Баязит уилдірімнің қызын алған күйеуі екен.
Сол мешіт жамиғының ортасында бір кішкене қозы ішінде балықлар ойнап жүреді. Айналасы аяқ
таятұғын тас дейді. Кемпірдің үйінің орны сол дейді. Сұлтан Мүрәд перуайының зираты сол Бурса
шаһарында. Оның [қ]асында әулиенің зираты бар дейді.
368 - Бөлім: Қазақ халық ертегілері (1)
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2065
КҮЛДІРГІ ЕРТЕГІЛЕР
79. ТАЗШАНЫҢ ҚЫРЫҚ ӨТІРІГІ
Ілгеріде бір патша өтіпті. Сол патшаның бас уәзірі өліп, соның орнына уалаятынан бас уәзірлікке
ылайықты адам іздеп, һешбір адам таба алмапты. Ақыры, патша бір ойға түсіпті.
– Кімде–кім маған қырық ауыз өтірік әңгіме айтып берсе, ішіне бір ауыз ырас сөз қоспай, ал, сол адам
ақымақ емес, ебін тауып, өтірік айтқан кісі жараса керек, – деп, осы пейілді түйіп, жұртына жар шақыртып
айтыпты:
– Кімде–кім маған ішіне бір ауыз ырас сөз қоспай, қырық ауыз өтірік әңгіме айтып берсе, соны бас уәзір
қылып һәм қызымды беремін. Егер де алдыма келіп, дұрыстап айта алмаса, басын аламын, – депті. Ханға
кім уәзір болғысы келмейді? Кім ханның қызын алғысы келмейді? Көп адамдар келіп, өтірікті дұрыстап
айта алмағандықтан басынан айырылды. Сол кезде ол уалаятта таз бала бар екен, ханның бұл жарлығын
естіп, ханға уәзір болып, қызын алмақшы болып, қырық ауыз өтірік айтуға ханның қызына келіп, ханнан
рұқсат сұрайды.
Хан балаға көңілі толмай:
– Қой, балам, жасың жас екен, басыңнан айырылып қаларсың, – деп, көп уақыт баланың өтірігін тыңдауға
хош болмай тұрыпты. Ақыры, бала «Айтамын» деп, белсеніп қоймаған соң хан балаға «Айта бер» деп,
рұқсат береді. Сондағы баланың айтқан өтірік әңгімесі мынау:
– Тақсыр! Атамның белінде екенмін де, анамның қарнында екенімде жасым он бестен он алтыға қарағанда
атамның атасының атасының жылқысын бағып едім. Күндерде бір күн ыстық болған соң жылқымды
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
673 bet
суғарайын деп, көлге айдап барсам, тақсыр–ай, күннің ыстықтығы сонша қатты еді. Көлдің бетіне кісі
бойы, қол сыйым мұз қатқан екен. Сонан жылқы сусап, шөлдеген соң суат оймақшы болып едім.
Балталасам да, үймендесем де мұз ойылмады. Ақыры, кеңірдегімді үзіп жіберіп, басымды жұлып алып,
мұзды қойып қалып едім, он мың жылқы су ішетін суат ойылды. Жылқымды суғарып болып, сол көлдегі
мұзға шыққан көкорай шалғынға жылқымды жайып, жусатып тұрып, астымда бір асау байталым бар,
құрығыма сүйеніп тұрып, түстеп түгімен емес, санап, санымен емес, жылқының ішінен бір ала биені
жоқтадым. Әрі қарап, бері қарап, көп жылқының ішінде жоқтығына көңілім сынды. Һәм сол ала биені
қарау харекетіне түстім. Құрығымды мұзға шаншып жіберіп, үстіне шығып, қарап едім, ала бие көрінбеді.
Құрыққа пышағымды жалғап, шығып қарадым, онда да көрінбеді. Құрық пен пышаққа шылбырымды
жалғап, оның үстіне шығып, қарап едім, онда да көрінбеді. Тілімнің астында бір тебен ине жүруші еді,
шылбырымның үшіне сол инені шаншып, қарап едім, бие сонда да көрінбеді. Сөйтіп, дағдарып
тұрғанымда шығып тұрған нәрселердің ең астында тұрған құрығым айтты:
– Ай, ақымақ! Төңірекке қарай бергенше, көзіңді жұмып, аспан жаққа да бір қарасайшы, – деді.
Құрығымның айтуы бойынша, екі көзімді жұмып жіберіп, аспанға қарасам, Үркер жұлдыздың ар жағында,
Шолпан жұлдыздың бер жағында ала бием оттап тұр екен. Соған баруға аяғымның астындағы көлге
қынымды қайық қылып, пышағымды ескек қылып мініп, түсіп едім, зыр етіп, ала бие тұрған жайға
бардым. Барсам, бием бір ағаштың бұтағына шығып, құлындап тұр екен. Алдыма ұстап алып, құлынын
өңгеріп, суға түсіп едім, суға шым батып кеттім. Құлынға мініп, ала биені өңгеріп, суға түсіп едім, зыр
етіп, баяғы жылқым жатқан жерге шыға келдім. Келсем, жылқым жусап жатыр екен, ішіне ала биемді де
қосып, қоя бердім. Астымда атым, құрыққа сүйеніп, жылқының бір шетінде тұрғанда бір қоян қашып еді,
азғана сөйлесейік деп, қоянды қасыма шақырып алып, алдап, ұстап алдым. Бауыздап, ер еңбегіне бір
тояйын деп, қоянды сойып, асып жемекші болдым. Атымды бір қазыққа байлай салып, отқа жағуға тезек
тердім. Терген тезегім бір етек болған уақытта қарасам, баяғы байлап қойған атым бір нәрседен үркіп бара
жатыр екен. Тезекті жалма–жан төге салып, атыма барсам, атым бір аққу деген құсты сүйретіп, үркіп,
тулап жүр екен. Банағы қазық деп, атымды байлағаным аққудың мойны екен. Сонан атым үркіп, тулаған Достарыңызбен бөлісу: |