Жауаптымемлекеттікоргандардыңсертификатталғантренерлері білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушыларына сыныптан тыс сағаттарын өткізеді, ата-аналар жиналыстары мен тәрбиелік іс-шараларын ұйымдастырады.
Білімберуұйымы(мектепкедейінгі,бастауыш,негізгіорта,жалпыорта,техникалықжәнекәсіптікбілімберу)басшысының(меңгерушінің, директорының)тәрбиежұмысыжөніндегі(әдіскері)орынбасарыміндетті:
тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік-психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.
Тәрбиеші, сынып жетекші және кураторлардың міндеттері:
салауатты өмір салтына ынталандыру;
сыныпта достық ортаны, өзара түсіністікті құру;
білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге баулу;
ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған консультациялар);
білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу;
аптасына бір рет (дүйсенбіде) сынып сағаттарын өткізу.
Кешенді жоспардың орындалуын бақылау мен басшылық жасау білім ұйымдарының бірінші басшыларына жүктеледі.
Орындалған іс-шараларды әлеуметтік желілерде жариялау, #Біртұтас_тәрбие хештегін тегтеу
Ескерту:Біртұтастәрбиебағдарламасышеңберіндетәрбиеніңкешендіжоспарыніскеасырудаұсынылғанмақсат,міндеттермен мазмұнын сақтайотырып,өңірдегіжергіліктіерекшеліктердіескерумаңызды. Жоспарды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі; Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрлігі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі; Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі; Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі; Қазақстан халқы Ассамблеясы
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері.