Қазірге дейін мамандармен қолданылып келген басқарудағы А. Файольдың 14 ұстанымына сыни пікіріңіз


Еңбек ұжымындағы қиыншылықтар мен оларды жеңу жолдарын негіздеңіз



бет58/69
Дата25.05.2023
өлшемі232,68 Kb.
#96901
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69
Еңбек ұжымындағы қиыншылықтар мен оларды жеңу жолдарын негіздеңіз.
Қақтығыс – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.
Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін.
Жеке адамдар арасындағы қақтығысу мен дау-дамай стихиялық түрде болып отыратын болжамсыз да жоспарсыз құбылыс.
Дау-дамай, теке тірестік, салғыласу, біріне-бірі ренжісу әрбір адамның жеке басының өзіндік кісілігін, талап-тілегін қалайда өзгелердің мойындап онымен санасып отыру талаптарымен байланысты. Осы бағытта әрбір адам өзінің материалдық мұқтаждығын қанағаттандырып, өзгелерден басқалар екендігін, талап-тілегін қалайда іске асыруға ұмтылып бойындағы күш-қуаты мен қабілетін көрсеткісі келеді. Мұны біз психологияда адамның үш түрлі нәрсеге қызығып, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру жолындағы бәсекелестігі деп атаймыз.
Кез-келген мекеме бір жағынан тұрақтылыққа, екінші жағынан –дамуға ұмтылады. Бұл жұмыс тобының екі әрекетінің тұтастығымен- мақсатқа жету және тұлғаралық әрекеттестігімен байланысты. Д.Анзье и Ж.Мартэн француз психологтары энергетикалық терминологияны қолдана топтың өзіндік даму ерекшеліктерін бейнелеген. Олардың ойынша, то ие болған энергияның жалпы көлемі «латентті» және «қолданбалы» -ға ыдырайды. Динамикалық көзқарас бойынша топ өзіндік тепе-теңдік жүйесін көрсетеді. Оның функциясы – «шиеленісушілік» жағдайын шешу. Бұл «шиеленісушілік» екі түрлі болуы мүмкін: позитивті, негативті. Міне, осы жерде «қолданбалы» энергия жүзеге аса бастайды. Ол біріншіден әрекеттің нәтижеге жету үшін бағытталады, екіншіден, топ топ тұтастығын сақтау үшін бағытталған. Басқару үрдіс үйлесімсіз болуымен жағдай ауырлай түседі. Бір жағынан басқару үрдісі обьективті, ал екінші жағынан оның жүзеге асырылуы басшы ұалай шешуге тырысса да –субьективті. Бұл сәйкессіздікті жеңу мүмкін емес, алайда бірегей мақсат қоятын болса оның көрінуін азайтуға болады. Бұндай мақсатты анықтау үшін стратегиялық жоспарлау шегінен шығып және қоғамда оның миссиясын жоспарлау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет