Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет4/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
тілдік санада айшықтай отырып; бұқаралық санаға ықпал етуші қуатты құралға
айналды. Бұл жерде медиа-мәтінді бұқаралық сананы реттеп, қажетті идеологиялық бағытқа
бейімдеп отыратын саяси тетік деуге де болады. Мұны күнделікті баспасөз бетінде көрініс
табатын
саяси дискурстан байқауға болады. Бұл пікіріміз бүгінгі ресми басылымдардың
тақырыптық-құрылымдық өзегін құрайтын саяси мәтіндерге лингвопрагматикалық талдау
жасағанда қуаттала түседі. Сондықтан да ақпараттық және аналитикалық 
жанрларға бөлінетін газет мәтіндерінің ішінен біз
негізінен саяси мәселелерге арналған 
материалдарға көбірек назар аудардық. Сонымен қатар қазіргі қазақ басылымдарында
үлкенді-кішілі орын алатын материалдардың бәрін қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігін
айшықтайтындықтан қажетінше қамтуға тырыстық.
Зерттеу нысанасы. Қазіргі қазақ ресми баспасөзіндегі медиа-мәтіннің прагматикалық әлеуеті,
ақпараттық, әлеуметтік-реттеуіштік, әсер ету қызметтері және газет бетіндегі саяси дискурс
мәселелері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеуіміздің мақсаты – қоғамдағы саяси-әлеуметтік
ахуалға байланысты тіліміздің бүгінгі даму кезеңінде орын алған өзгерістердің қазіргі қазақ
баспасөзіндегі көрінісін жан-жақты қарастыра отырып бүгінгі медиа-мәтінді адресанттың өз
прагматикалық ұстанымын жеткізуде қалайша пайдаланып отырғандығын анықтау және сол
арқылы тіліміздің қазіргі жай-күйіне лингвопрагматикалық тұрғыдан баға беру. Бұл үшін
мынадай міндеттер қойылды:

қазіргі тіл біліміндегі прагмалингвистика бағытының даму тарихына шолу
жасалып, оның антропоцентрлік бағыттағы өзге салалармен байланысы анықталып, өзіндік
ұғымдық шеңбері мен теориялық мәселелерін анықтау;




БАҚ арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық-коммуникативтік процестің маңызды


элементі – медиа-мәтінді ақиқат болмысты репрезентациялайтын және интерпретациялайтын
аса қуатты құрал ретінде қарастыру;

медиа-мәтінді бұқаралық санаға әсер етудің прагматикалық стратегияларын
жүзеге асыратын және әлеуметтік-реттеуіштік қызмет атқаратын фактор ретінде зерделеу;

прагмалингвистиканың негізгі категориясы – субъектіні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет