Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет30/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67
3. Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-ке-йінді қарсы әсері. Әдетте мұның өзі екі-ақ жағдайда, оның
өзін-де де сөз бен сөздің арасында ұшырайды: а)Амангелді (Аманкелді), қаңғызып (қан қызыл), оңғой (он қой). Сөйтіп, көр-
ші дыбыстардың алдыңғысында нқ, нк тіркестері –ңғ, -ңг, -ге, ке-йінгісінде сж тіркесі шш-ға айналады. Көбіне алдыңғысы
ке-йінгіге, кейде кейінгісі алдыңғысына, ара-тұра ілгерілі-кейінді ықпал етіп, бірін-бірі игеріп, біріне-бірі бейімделіп
тұрады. Көр-ші буындардың арасында да осыған ұқсас ықпалды аңғаруға да болады. Тек тоғыспалы ықпалға ұшырап, екі
буынның бірдей өзгеруі байқалмайды.
Бір-біріне ықпал етіп, үндесетін дыбыстар морфемалар аралығында қатар
келген жағдайда ғана болады дедік. Соның өзінде кез-келген сөз бен сөздің аралығындағы ды-быстар ықпалға ұшырай
бермейді. Тек көрші сөздер бір бунаққа еніп айтылғанда ғана ықпал туралы айтуға болады.
Сонымен тіл дыбыстары жеке-дара күйінде айтылмай, сөз ішінде немесе сөз аралығында бір-бірімен тіркесіп, өз ара
тізбек-телген түрде қолданылады. Сөздердің құрамындағы не сөз ара-лығындағы дыбыстардың біріне-бірі ықпал етіп, бір-
бірімен өз ара үндесіп айтылады екен. Сөз құрамында дауысты дыбыстар-дың өз ара үндесіп айтылатыны сияқты дауыссыз
дыбыстар да бір-біріне әсер етіп үйлесімділік табады. Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне
артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде жүзеге асады. Дауыссыздардың бір-бі-ріне ықпал етіп өз ара үндесуі
ассимиляция деп аталса, дауыс-тылар үйлесімділігі сингармонизм деп аталады екен. Сондай-ақ тілде сингармонизм мен
ассимиляциядан бөлек диссимиляция деп аталатын дыбыстық өзгеріс түрі де кездеседі.


Диссимиляция

Диссимиляция (лат. dissimilis - өзгешелену, ұқсамау) – бірінен кейін бірі қатар келіп тұрған дыбыстардың өзара әсері
нәтижесінде біреуінің артикуляция жағынан алшақтап, өзгеріске түсуі. Диссимиляция комбинаторлық өзгерістің бір түрі,
ассими-ляцияға қарама-қарсы құбылыс. Диссимиляция құбылыс ретінде сөз ішінде немесе морфема жігінде бір дыбыстың
қатар келуіне байланысты көрініс табады. Бұны тіліміздегі байырғы сөздерден гөрі басқа тілден енген сөздерден айқын
аңғаруға болады. Мы-салы, араб тілінен енген алла, мола, күллі сөздерінің алда, молда, күлді болып айтылуынан қатар
келген екі л дыбысының соң-ғысы диссимиляцияланатынын байқауға болады. Сол сияқты Мұхаммед – Мұқаммет –


Мұқамбет – Мақамбет, уммәт – үмбет, хамма - әмме - әмбе мысалдарынан мм тіркесімінің мб-ға, ал суннат – сүндет,

таннур – тандыр сөздерінен нн дыбыс-тық тіркесімінің нд болып өзгергенін көруге болады. Қазақтың төл сөздерінің ішінде

ыссы(қ) – ыстық, ащы – ашшы – ашты сөздерінің құрамында да сс-ст, шш-шт диссимиляциясы кез-деседі. Ал тарихи
фонетика тұрғысынан қарар болсақ, онда дис-симиляция жолымен қалыптасқан сөздер көбейе түседі. Мыса-лы, -лар, -лер,
-дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғауының л-дан басталатын варианты алғаш, д және т-дан басталатындары кейін пайда
болғандығын еске алсақ, қолдар, құмдар, күндер сөзде-ріндегі көптік жалғауы қоллар, құмлар, күнлер түрінде қолда-нуы
керек еді. Басқа тілдерде диссимиляция ілгерінді-кейінді ықпалдар арқылы жүзеге асса, қазақ тілінде тек қатар тұрып, іл-
герінді ықпал арқылы ғана көрініс табады. Қазақ тіліндегі дис-симиляция фономорфологиялық құбылыс. Нәтижесіне
қараған-да, диссимиляция – ассимиляцияға қарама-қарсы құбылыс. Ас-симиляция құбылысы бойынша әр басқа дыбыстар
біркелкі не-месе өзара ұқсас дыбыстар болып үндессе, диссимиляция құбы-лысы бойынша біркелкі немесе өз ара ұқсастығы
аз дыбыстар болып өзгереді. Диссимиляция құбылыс қазіргі тілімізде асси-миляцияға қарағанда сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет