28. Қосарлы айқындауыш тұрған сөйлемді табыңыз:
А) Іздеген келіп тұрмын, Біржан сері
В) Жазушы С.Мұқановтың туғанына биыл 97 жыл
С) Институтты бітіріп, инженер-технолог мамандығын алып шықты
D) Біз, жастар, әрқашан алда болуға тиіспіз
Е) Мен, Нұрлан, Аман – біріміз бірге жүреміз
F) Музейге және пәтер музейге келушілер көбейді
29. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз
А) Шынымды айтайын, осы адамға деген құрмет сезім сақталған
В) Рас, сіз әділ адамсыз
С) Иә, жұлдызды аспан, сен боларсың сырласым
D) Қысқасы, мен аттануым керек
Е) Шөре! Шөре! Келе ғой
F) Іздеген келіп тұрмын, Біржан сері
30. Қыстырма сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз:
А) Домбыра, мұнша неге болдың шешен
В) Жүрегім, нені сезесің, сенен басқа жан жоқ па
С) Дүниені, көңілім, кезесің
D) Бер, тәңір, берекемді
Е) Амалың бар ма, ақылы жоқ болғасын
F) Шындығында, ол аса талантты әрі іскер адам.
Достарыңызбен бөлісу: |