Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі


Альтернативті сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемді анықта



бет8/12
Дата23.12.2023
өлшемі43,96 Kb.
#143118
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі

56. Альтернативті сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемді анықта:
А) – Осы сөзге сен тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба
В) – Ау, Аман қайда? -Мен мұндамын.
С) Сен Мұхаметжанды сүйреп алып шыққанда, мен атыңды ұстап тұрмап па едім?
D) Сонда көрмедім бе еді?
Е) – Қайда әлгі Мырзаш? Ол не үшін қалды?
F) Мынау егіс күздік пе, жаздық па?
57. Қабысуды табыңыз:
A) Мың бала
B) Жалт бұрылды
C) Көктемді күту
D) Ешкімге көрсетпе
E) Балапандардың қауырсындары
F) Алғашқы адам
58. Матаса байланысқан сөз тіркесін табыңыз:
A) Жүрегі ұшты
B) Құйма құлақ
C) Жолға шықты
D) Жазушының өмірі
E) Бойынан табылады
F) Мектеп өмірі
59. Меңгеруді табыңыз:
A) Оқуға кетті
B) Менің анам
C) Ауылдан келді
D) Мен студентпін
E) Ауылдың малы
F) Қызық кітап
60. Тура толықтауышты тіркесті көрсетіңіз:
A) Ойында сақтаулы
B) Келгеніне риза болды
C) Ауылдан келді
D) Оны білгенін жасырды
E) Ауданға барды
F) Қызды көруге асықты
61. Тіл білімі синтаксисінің негізгі салалары:
A) Жай сөйлем, құрмалас сөйлем, сөз тіркесі
B) Мәнмәтін, сөйлем, сөз құрамы
C) Дыбыс жүйесі мен сөз жүйесі
D) Сөзтұлға және сөз тіркесі
E) Морфология, синтаксис, лексика
F) Сөйлем және мәтін
62. Сөйлемнің басты белгілері
A) Қимыл процесінің объектісі болатын мүше
B) Тұрлаусыз мүшелердің тізбегі
C) Жай сөйлем және құрмалас сөйлем
D) Сөздерден, сөз тіркестерінен құралады
E) Тіліміздегі барлық сөздердің жиынтығы
F) Біршама аяқталған ойды білдіреді
63. Матасу формасы -
А) Сөз тіркесі құрамындағы бағыныңқы сөздің басыңқыға және басыңқының бағыныңқыға қарай тұлғаланып байланысуы
В) Бірі ілік жалғауда, екіншісі тәуелдік жалғауда айтылуы
С) Бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде септік жалғауларының бірінде тұрып байланысуы
Д) Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз қатар тұрып байланысуы
Е) Бағыныңқы мүше басыңқы мүшенің грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғаланады
Ғ) Сөздер сөйлемдегі орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап орналасуы
64. Белгісіз жақты сөйлем –
А) Көбінесе бастауышсыз айтылады
В) Бастауыш пен баяндауышы белгілі бір жақта тұрады
С) Бастауышы 2-жақта жекеше, анайы я сыпайы түрде тұрса, баяндауышы да 2-жақта жекеше, анайы я сыпайы тұрде тұрады
Д) Бастауышы белгісіз болатын сөйлем
Е) Бастауыш 3-жақта тұрса, баяндауышы да 3-жақта тұрады
Ғ) Бастауышы мен баяндауышы белгілі бір жақта қиысқан жақты сөйлем
65. Арнаулы жақты сөйлемдерді табыңыз
А) Үй айналасы – көк шарбақ
В) Ексең егін, ішесің тегін
С) Қап, ұят болған екен
Д) Күн әлі шыққан жоқ
Е) Шіркін-ай, мынау атқа мінер ме еді
Ғ) Қыз баланы ұялту жарамайды
66. Жақсыз сөйлем белгілері –
A) Бастауышы бар сөйлем
B) Тұрлаусыз мүшелердің тізбегі
C) Баяндауышы жіктік жалғаудың 3 жағында тұрады
D) Бастауышы жоқ сөйлем
E) Бастауышы мен баяндауышы белгілі бір жақта қиысады
F) Баяндауыштар әрқашан күрделі болып келеді
67. Жақсыз сөйлемдерді көрсетіңіз
А) Менің келуім мүкін
В) Мен саған соны ғана айтқым келді
С) Әй, бала, қонақты олай қарсы алмас болар
Д) Оқуын бітіріп кеп, қалалық больницаға қызметке кірді деген
Е) Жығылып жатққанды ұрмас болар
Ғ) Біздің бала кезімізде қазақ салт жүретін еді, арба дегенді білмейтін еді
68. Бастауышы белгісіз жақты сөйлемдерді көрсетіңіз
A) Біз балаға бала деп қараймыз да, артынан қзіміз соның зардабын тартамыз
B) Сен оның бірінен соң біріне құмартасың
C) Бізге жомарттың «үлкен жоспарын» биыл орындау керек
D) Біздің бала кезімізде отты шақпақ таспен тұтататын еді
E) Бір себептен оған күлуге болмайды
F) Оқуын бітіріп кеп, қалалық больницаға қызметке кірді деген
69. Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарын көрсетіңіз-
А) Күрделі баяндауышының бірінші сыңары барыс септік жалғаулы тұйық етістік болып, екінші сыңары болады, болмайды, бола ма сынды көмекші сөздерден келеді
В) Баяндауыш формалары кәдімгі жақты сөйлем баяндауыштарымен сәйкес
С) Бастауышы белгісіз болатын сөйлем
Д) Жақсыз сөйлемнің баянауышы –қы/-кі, -ғы/-гі жұрнақты күрделі формасында тұрады
Е) Бастауыш пен баяндауышы белгілі бір жақта тұрады
Ғ) Бастауышы 2-жақта жекеше, анайы я сыпайы түрде тұрса, баяндауышы да 2-жақта жекеше, анайы я сыпайы тұрде тұрады
70. Төмендегідегі толымды және толымсыз сөйлемге берілген анықтамалардың ішінен 1961 жылы шыққан М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінен қатыстысын анықтаңыз
A) Ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем толымды сөйлем болады
B) Толықтауыштың қатысу-қатыспауы да сөйлемнің толымды я толымсыз екендігін білдіреді
C) Ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдер толымсыз сөйлем болады
D) Толымды сөйлем деп бастауышы мен баяндауышы, кейде толықтауышы түгел айтылған сөйлемді айтады
E) Толымсыз сөйлем деп сол аталған тұрлаулы мүшелер мен толықтауыш қатыспай тұрған сөйлем
F) Мағыналық мазмұны толық берілген сөйлем


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет