«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы және фразеологиясы» пәні Билет №27



бет4/6
Дата23.12.2022
өлшемі33,06 Kb.
#59263
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекс- 27,28,30 билет

Айырмашылықтары

  • Мақал-мəтелдердің мағынасы құрамындағы сөз сыңарларының /компоненттерінің / бір-бірімен байланыссыз өзара жеке тұрып тақолданыла беретін сөздерден шығады. Мысалы, Көрдім – көп сөз,көрмедім – бір сөз; Шегірткеден қорыққан егін екпес. 

  • Фразеологизмдердегі əрбір жеке сөздердің барлығы бірігіп бір фразеологиялық мағынаны білдіреді. Мысалы, жүрегі тас төбесіне шығу – қорқу; Қыпша бел – жіңішке бел; Мұрнына су жетпеу – қолы тимеу, уақыты жетпеу,

  • Фразеологизмдерді фразеологизм деп тану үшін қойылатын үш түрлі басты ерекшелік бар. Олар: мағына тұтастығы; тіркес тиянақтылығы; қолдану тұрақтылығы. Ал мақал-мəтелдерде тек тіркес тиянақтылығы; қолдану тұрақтылығы байқалады.

  • Фразеологизмдер функционалдық қызметіне қарай бейтарап, кітаби, ауызекі сөйлеу тіліндегі жəне қарапайым, дөрекі мəнде қоланылатын стильдік қабаттарға жіктеледі. 

  • Фразеологизмдердің сөйлем ішінде жұмсалуы үшін белгілі бір оралымға негізделеді. Сүйемел сөздер жұмсалады.

  • Айтылатын ойды жеткізудегі пресуппозициялық ерекшеліктеріне қарай, мақал жəне мəтелдер деп бөлінеді. Мақал ойды толық аяқтайды. Мысалы: Қазанға жолама, қарасы жұғар, Жаманға жолама бəлесі жұғар. Балалы үй – базар, Баласыз үй – мазар. Мəтелде айтылатын ой тұспалдап жеткізіледі: Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме; Жығылсаң нардан жығыл.

Ұқсастықтары

  • Тұрақты тіркестер ретінде мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің құрылымдық ерекшеліктері сөз тіркесі, сөйлем құрылымдас, ұқсас болып келеді. 

  • Екеуі де ұлт менталдығы мен ұлт рухын сипаттайды.

  • Мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің мағыналық қалыптасу үрдісіне қарай прагматикалық мəніне этнолингвистикалық талдау жасалынады.

  • Фразеологизмдерге қойылатын кртеритерийлердің қолдану тұрақтылығы мен тіркес тиянақтылығы мақал-мəтелдерге де ортақ.

2. Экспрессивті-эмоционалды сөздердің тілдегі қызметі, көркем шығармада, ауызекі сөйлеу тілінде қолданылу ерекшеліктерін мысалдар арқылы көрсетіңіз




Қазіргі тіл білімінде эмоционалды (эмотив-экспрессив) сөздер сөз мағынасы-ның қыры (аспектісі) ретінде тіл білімінің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Тілдегі экспрессивті сөздер жайында ғалым Б.Қ. Момынова былай деп тұжырым жасайды: «Көркем шығарма тілі-не талдаулар жасауды шындап қолға алған лингвистер кейінгі жылдары жаңа шығармашылық табыстарға қол жеткізуде. Сондай соңғы жетістіктердің бірі – сөз бейнелілігінің уәжділігі жөніндегі ғылыми пайымдаулар. Бейнелі немесе көркемдеуіш сөздер, экспрессиялық бояуы қою сөздер – әр жазушының стильдік тұғырын айғақтай-тын тілдік категориялар. Көркем әдебиет стилі қарастыратын экпрессиясы бар сөздердің тілдік қорымызда мол екендігі экспрессиясы жоқ я болмаса экспрессивті емес сөздермен салыстырылғанда анық көрінеді.
Тіл біліміндегі эмоционалды сөздер деп аталатын сөздер тобы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы кезінде ерекше қолданысқа ие болады. Сол себептен олар ауызекі сөйлеу тілі мен көркем әдеби шығармалар тілінде көрініс табады.
Эмотив сөздер мен экспрессив сөз-дердің ортақ және айырым белгілері бар. Нақтырақ айтқанда, олардың ортақ белгі-лері ретінде, эмотивтің де, экспрессивтің де негізінде эмоция жатады. Ал айырым белгілері ретінде, біріншіден, олардың білдіретін мағынасынан көрінеді: эмотив сөздер еліктіру, толқытуды берсе, экспрес-сив сөздерде көркемдік, мәнерлілік болады. Екіншіден, тілдік деңгейі: эмотив сөздер сезімді, эмоцияны білдіретін тіл элементі болса, экспрессив сөздер тіл бірліктерінің семантикалық-стилистикалық белгілерінің жинақталған түрі болады. Үшіншіден, тілдік қызметі: эмотив сөздер қоршаған ақиқат болмысқа деген адамның әртүрлі көңіл-күйін, сезімін, әсерін білдіреді, экс-прессив сөздер сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын тілдің көркемдегіш құралдары арқылы бейнелейді. Төртіншіден, тілдік құралдары: эмотивтілік эмоциялық өң берілген лексика арқылы, ал экспрессивтілік тілдің барлық категориялары арқылы білдіріледі.
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі эмоцио-налды лексика эмоционалды және экспрес-сивті болып екіге бөлінетіні белгілі.
Эмоция сөзі француз тілінің emotion; латын тілінің emovere – қыздыру, толқыту сөзінен шыққан. Эмоционалды сөздер дегеніміз – сезім негізінде шыққан эмоция-лар. Эмоционалды сөздер адамның сезім өрісінің бай екендігін дәләлдейді.
Экспрессия адамның сөйлеу кезінде ғана емес, сонымен бірге ым, дене, бет қимылдары, жұмыс кезіндегі адамның барлық мінезінде пайда болады. Тілде экспрессивті элементтер мен эмоционалды элементтерді айыру, олардың өзара байланысына қарамай, функционалдылық мақсатының бөлек болуымен түсіндіріледі. Эмоционалдылық ой және ерік бір қатарда тұрады және олардың тілде қолданылу тәсілдері бар. Экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционалды болып қабылдануы мүмкін.


Көркем шығармаларды оқыған кезде бұлардан басқа да адамның көңіл-күйін, ішкі тебіренісін, сезімін, яғни эмоциясын беретін сөздер бар. Олар түбір қалпында ақ ешқандай қосымшасыз, жеке тұрып адамның қандай жағдайда тұрғандығын білдіре алады. Бұларға тілдегі одағай сөздер мен еліктеуіш сөздерді жатқызуға болады. Мысалы, пахпах, ух, шіркін, уа, әттең, ойбай десек, адамның қатты қуанышын немесе ренішін байқаймыз. Бұл сөздерді адамның ішкі сезіміне, көңіл-күйіне байланысты шыққан сөздер деп атауға болады. Мысалы: «Ура! – деді санын сабалап, - Ура!, машина келе жатыр!»
Ойбай-ай, ойбай! – деп құлындаған даусы құраққа ұшты [3]
Әттең, буаз қайнаға екеуіңді жаратқан құдай да бөлек қой!.. [4]
Суреткер жазушы осындай сөздерді қолдану арқылы сөйлемдердің экспрессивті-эмоционалды қуатын арттырып, айтар ойын оқырмандар көңіліне бірден, нақты жеткізеді.

3. Берілген сөйлемдерден тұрақты тіркестерді ажыратыңыз


Төбем көкке жетіпті, есімнен шығып кетіпті (С.К.). Ақын жаны оңай жараланады, оңай жазылады, емі көп (Ғ.М.). Бала кірпік қақпай, көрер таңды көзімен атқызды (М.И.). Тайжан екі өкпесін қолға ала Мақсұттың үйіне қарай бар пәрменімен жүгіре жөнелді (С.М.). Ботагөз де бұл танысуды жек көрген жоқ (С.М.). Раушан қалтырап тұр, өкпесі аузына тығылып сөйлеуге ерік бермейтін секілді (Б.М.). Сойып қаптап қойғандай Шыңғысханның өзінен аумайтын Жошы деген ұлы бар еді (Ақсақ құлан). Майданға түспей, бәйге алма (Абай). Ойлай берсең, ой деген не қызыққа келер кез (Абай).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет