Билет №30 1.Қазақ лексикографиясының қалыптасуы
Қай тілде болмасын онда қолданылатын сөздерді, яғни лексиканы реттеп отыратын тіл білімінің саласы лексикография болып саналады. Қазақ лексикографиясының қалыптасу мен зерттелу тарихына көз жібермек болсақ, онда ең алдымен ауызға ілінер еңбек М. Қашқаридың ХІ ғасырда жазылған «Түркі тілдерінің сөздігі» тілге оралады. Сөздік 1073-74 ж жарық көрген.Аталған сөздік жалпы түркі тілдеріне оның қолданылатын сөздеріне арналса да бір сыпыра сөздер қазақ тіліне тән болып келеді. Соңғы кезде М.Қашқаридың жоғарыда көрсетілген еңбегіндегі мақал-мәтелдерді талқыласақ, көптеген мақал-мәтелдер қазақ тілінің сөздік құрамында бар екендігі байқалады.
Лексикографияға байланысты екінші бір еңбек ХІҮ ғасырда жазылған В.В. Радлов сөзі болып есептеледі. В.В.Радловтың "Опыт словаря тюркских наречий" атты сөздігі фонетика, морфология, лексиканы зерттеуде теориялық дереккөз ретінде пайдаланылды.Аталған сөздіктер негізінен түркі тілдеріне қатысты болса да қазақ тіліне де тән сөздер аз емес сол сияқты «Кодекс-куманикус» атты сөздікті атап өтуге болады. Аталған сөздік туралы сөздікті профессор Ә. Құрысжанов жазды. Бұл еңбекте көрсетілген бір сыпыра сөздер тек қана құман халқының сөздерін ғана емес жалпы түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де ортақ сөздердің бар екендігі жан-жақты баяндалған.
Лексикографиялық жұмыстар - жалпы тіл мәдениетіндегі табыстарды, тіліміздегі сөздердің қалыптанған нормаларын қалың жұртшылыққа жеткізудің бір формасы. Бұқаралық ақпарат құралдарында, орта жіне жоғарғы оқу орындарында оқылатын лекциялардың бәрі, кез келген кеңсе қызметкерлері, жалпы жұртшылық осы сөздіктерге жүгінеді. Сқздіктер тілді жүйелендіруде, әдеби тілдің нормаларын қалыптастыруға септігі тиеді. Қазіргі ана тіліміз кез келген мәселені, ой пікірді соншалықты анық, дәл және нақты етіп түсіндіріп алатындай дәрежеге жетті.
2. Ономастика және оның салалары
Ономастика (грек onomastіke – ат беру өнері) – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Ономастиканың басты бөлімдері :Топонимика,антропономика экономика, космономия,зоономия т.б.Ономастика –лингвистика, география,этнография,және тарих ғылымдарымен тығыз зерттеледі.