17. Сөз мағынасының дамуы қалай қалыптасады? Хронологиялық шолу жасаңыз. Мысалдармен дәйектеңіз. Сөз мағынасы - белгілі бір зат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстар, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі. Мағына өзгеріп, жаңарып, жоғалып та отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген сөздердің бірқатары алғашқы мағынасын сақтаса, енді біреулері қосымша, үстеме мағыналармен өзгерген. Сөздердің беретін лексикалық мағыналары, өзгеру ерекшеліктері, шығу тектері түсіндірме, этимологиялық, диалектологиялық сөздерде көрсетіледі. Сөз мағынасы әрқашан бір қалыпта тұрмайды. Тіл жүйесінің ішкі заңдылықтары және одан тыс ақиқат өмірдегі мәдени-тарихи, санадағы психологиялық езгерістер сөздің лексикалық мағынасының мазмүнына әсер етіп отырады. Лексика дамуындағы тарихи кезеңдерде сөз мағынасы кеңейіп, тарайып не жаңарып, жаңғырып болмаса қолданудан шығып қалып отырады. Мысалы, қыз-қырқын сөзінің құрамындағы қазір жеке қолданылмайтын қырқын сөзі көне түркі тайпалары тіліңде "күң қыз", "күңнен туған қыз" мағынасында қолданылған. Кейін ол өзінің дербестігінен айрылған соң, бұл мағынада қолданылмайтын болды да, қазір қыз сөзімен қосарланып, "қыз балалар" мағынасын береді. Сөз мағынасының дамуы тілдің ішкі және сыртқы себептері арқылы жүзеге асады. Сөз мағынасының дамуындағы ішкі себептер - тілдің өз мүмкіндігін пайдаланып, семантикалық заңдардың нәтижесінде сөз мағынасының ұлғаюы. Мысалы: жұрнақ - 1. тура мағынасы: бір нәрсенің қалдығы; 2. термин. Сөздің сыртқы заңдылықтар арқылы дамуына тілден тыс қоғамдық, әлеуметтік, тарихи жағдайлар мұрындық болады. (қатын - хатун - әйел) 1. Сөз мағынасының кеңеюі - сөз тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынаның үстіне жаңа мағынаның жамалуы: құн, талқы
2. Сөз мағынасының тарылуы - тарихи, әлеуметтік, қоғамдық жағдайларға қара сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуы: (қарындас, жесір)