Олардың айырмашылығы: Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай, шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды. Олардың байланысы: сөз болған жерде ұғым бар. Мысалы, «адам» деген сөзді алып, ұғым ретінде жалпылық мәнге иелендіруге болады. Барлық адамдарға тән ерекшелікті бейнелеумен қатар, кез-келген жеке адамның басқалардан айырмашылығы барлығын да көрсетеді.
12. Сөзжәнемағынабайланысы, қалайқалыптасады? Болжамжасаңыз. Мысалдармендәлелдеңіз. Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке мағынасы болады. Мысалы: қар деген сөздің білдіретін мағынасы— түсі ак, салқын, еріп, суға айналатын зат.Парта — ағаштан жасалған оқушының мектептегі құралы, отыратын орны. Әр сөздін білдіретін осындай мағынасы болады.Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді, Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалык мағына және грамматикалық мағына.Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы онын лексикалық мағынасы болады: Тау, тас, орман. Ал осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырғанда, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады: Тау мен тасты жел бұзар; Орман — ел байлығы деп, сөйлем құрастырсақ, тау, тас, орман, ел, байлық деген сөздер, бір жағынан, жеке-жеке ұғымның атауы болып, лексикалық мағынаны білдіреді. Екінші жағынан, ол сөздердің барлығы да жалпы зат атауы мәнін білдіріп, зат есім болып грамматикалық мағынаны білдіріп тұр. Грамматикалық мағына деп - сөздің әртүрлі грамматикалық тұлғалары арқылы түрлену нәтижесінде пайда болған мағыналары. Мысалы, кітап сөзіне –ым жалғауын қоссақ- тәуелдік мағына, -тар жалғауын қоссақ – көптік мағына, -тың, -пен деген сияқты септік жалғауларын қоссақ септік мағына туады.