Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Сөздердіңтіркесусипатынабайланыстытуғанлексикалықмағыналары, жасалужолдарынмысалдармендәйектеңіз



бет11/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60
15. Сөздердіңтіркесусипатынабайланыстытуғанлексикалықмағыналары, жасалужолдарынмысалдармендәйектеңіз.
Оларға сөздердің еркін және байлаулы (еркін емес) мағыналары жатады. Сөздің еркін мағынасы оның атауыш (тура) мағынасының негізінде пайда болады. Атауыш (тура) мағынадағы сөздердің басқа сөздермен тіркесімділігі кең болған жағдайда туатын мағынасы еркін мағына деп аталады. Мысалы, жас сын есімі жас адам, жас мал, жас ағаш, жас бала, жас иіс, жас ет т.б; Байлаулы мағынадағы сөздер шындық болмыстағы заттармен тікелей емес, жанама түрде байланысады. Байлаулы мағынаға әдетте фразеологизмдердің мағынасы жатқызылады, шын мәнінде синтаксистік шартты мағынада да белгілі дәрежеде байлаулы сипат бар.
16.Сөздіңстилистикалыққызметінебайланыстытуғанлексикалықмағыналары, жасалужолдары, мысалдармендәйектеңіз.
Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналарына сөздің бейтарап мағынасы, бейнелі мағыналары, кәсіби-терминдік, поэтикалық мағыналары жатады. Бейтарап мағына – зат, құбылыстар мен сапалық белгілерді, әрекет-қимылды атап білдіретін жалпылама лексикаға тән. Мысалы: құстың қанаты, ұқсату заңы негізінде пайда болған ұшақтың қанаты десек те атауыштық мағынаға ие болып тұр, ал ұшарға қанатым жоқ, қанатты сөздер дегендегі қанат сөзінде бейнелі мағына бар. Бейнелі мағына - адамның сезімі мен көңіл күйіне байланысты айтылатын эмоционалды сөздердің мағыналары жатады. Олар стилистикалық бояма мағына деп те аталады. Мысалы: тамаша, шіркін, қалш-қалш, шілтию, тылтию, жалпию және т.б. Терминдік мағына ғылым, техника өнер саласында қолданылатын арнаулы сөздердің лексикалық мағынасы. Мысалы, объект, предикат, диалект, меридиан,вольт, қаратпа сөз сияқты сөздердің терминдік мағыналары. Терминдік мағына ғылым, техника, өнер саласында «таза» ұғымдармен сәйкес келіп, соларды білдірумен шектеледі. Онда ауыс мағына, эмоционалды-экспрессивті реңк сияқты үстеме «мағыналық жүк», яғни күрделенген мағына болмайды. Поэтикалық мағына – троп, фигураның түрлері сияқты поэтикалық тәсілдерді қолдану арқылы сөздің айрықша көркем, ерекше әсермен, мәнермен көтеріңкі айтылуынан туатын мағынасы. Мысалы, Абайдың «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Сөзімде жаз бар шыбынсыз», «Өзімде басқа шауып, төске өрледім» тіркестерінде поэтикалық мағына айқын байқалады.Поэтикалық мағынаның бастау көзі халықтың ауыз әдебиетінде жатыр. Онда поэтикалық мағыналардың не түрлі үздік үлгілері сақталған: «Буырқанып, бұрсанып, мұздай темір құрсанып», «Темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей болғанда».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет