Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Араб-парсы тілдерінененгенсөздердіңенужолдарыбойыншахронологиялық карта жасаңыз



бет25/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
32. Араб-парсы тілдерінененгенсөздердіңенужолдарыбойыншахронологиялық карта жасаңыз.

Араб тілі

Араб-парсы тілі

Қазақ тіліне енген араб кірме сөздерін төмендегі бірнеше тақырыпқа бөліп зерттеуге болады: а) діни сөздер: Алла, Құран, аят, сүре, тəпсір, күрсі, т.б. сөздер; ə) оқу-білімге қатысты сөздер: ғылым, ілім, дəріс, əліпби, хат, т.б. сөздер; б) адамның рухани жағдайын білдіретін сөздер: мəшһүр,
мəжнүн, əзиз, зағип, т.б. сөздер; в) абстракті мағынада қолданылатын сөздер: зейін, пайым, сабыр, рух, ниет, т.б. сөздер; қолданыстағы заттар атауы: аса, дабыл, халат, т.б. сөздер. Осы тақырыптық топтардың ішіндегі сөздер екі халықтық əдеби байланысының, рухани жазба дүниелері арқылы келгенін айта аламыз.Араб мəдениеті, оның ішінде Шығыстыңкөркем əдебиеті қазақ жеріне көптеген шы- ғыстық образдарды əкелді. Сонымен қатар араб жəне шығыс ақын-жазушыларына еліктеп жыр шумақтарын жазған ақын-жазушыларымыз да аз емес. Алыстан мысал іздемей-ақ ұлы Абай атамыздың өлеңдерінен мұндай элементтерді көре аламыз. Ақын-жазушыларымыздың еңбек- терінен образды сөз тіркестерін байқауымызға болады. Мысалы: лебі шекер, ақыл көзі, ғашықтың оты, ғашықтық мехнаты, т.б. сөздер.Араб тілінен енген сөздер қазақ тілінің даму тарихында айтарлықтай рөлі бар сөздер деп айта аламыз. Қазіргі заман талабына сай сөздерді аударуға да үлкен септігін тигізіп келеді.

Араб жəне парсы елдері де өзгелер тəрізді ғасырлар бойы алыс-жақын көрші мемлекет- термен экономикалық саяси, мəдени, қарым- қатынас жасап келеді. Тіпті бұл екі тілдің өзі аралас-құралас деп айтсақ та болады. Мыса- лы: парсы тілінің сөздік құрамының жартысы араб сөздері. Ал парсы лексикасының баюына əзірбайжан, түрік тілдері зор үлесін қосқан.
Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, деген- мен де қазіргі заман талабына сай ғылым мен техниканың даму кезеңінде, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруда біршама қиындықтарды осы араб-парсы тілінен енген қазақыланған сөздердің көмегімен шешуге болады.
Сонымен, араб-парсы тілдерінен енген кірме сөздер қазіргі қазақ тілінің активті лек- сикасының шамамен 15%-ын, пассивті лек- сикасының шамамен 7%-ын құрайды. Ислам дінінің тікелей ықпалына ұшырамауының, араб парсы лексикасының аздығына, ұлан- ғайыр қазақ даласының көшпелі тұрмысы мен қалаларға қоныстанбауы себепші болды деп Л.З. Рүстемовтің пайымымен аяқтаймыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет