Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Лексикологияның зерттеу нысаны мен мақсаты, қалыптасуы туралы ғалымдардың зерттеулерін талдап, салыстыру кестесін пайдаланыңыз



бет46/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
62. Лексикологияның зерттеу нысаны мен мақсаты, қалыптасуы туралы ғалымдардың зерттеулерін талдап, салыстыру кестесін пайдаланыңыз.
Мақсаты: лексикология және лексикография ұғымдарын меңгеру. Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық тармақ болып қарастырылады. Әрбір тілдің сөздік құрамында қаншама көп болғанымен, олар бір-бірімен байланысты. Өзара жүйе ретінде өмір сүреді. Әрбір тілдің лексикологиясы нақты бір тілдің лексикасын зерттейді. Мақсаты: лексикология және лекесикография қарастыратын шешуші ұғымдарды меңгерту.
Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамы құралады. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанымен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады.
Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылықтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы заңдылықтардың жеке, нақтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік құрамы мен оның дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалқы лексикологияда ( жеке, нақтылы тілдің лексикологиясында) қарастырылады.
63. Лексикологияның өзімен шектес салалары және тіл білімінің өзге салаларымен байланысыне ерекшеліктерін салыстырып, мысалдармен дәлелдеңіз.
Лексикология мәселелерін жан-жақты, терең түсіну үшін, тіл білімінің оған шектес басқа салаларымен қандай байланысы бар екенін ашып қарастырудың зор мәні бар. Ана тіліміздегі сөз байлығының басынан кешкен ұзак тарихы бар. Сездердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатысты тарихи заңдылықтарын тарихи лексикология тексереді. Тарихи лексикологияның бір саласы (гр.etymon шындық +Ӏogos — олардың ең алғашқы түр-тұрпаты мен мағынасын анықтайды. Сол арқылы қазақ халкының бұрынғы замандағы өмірінен мәлімет алуымызға, қандай халықтармен қарым-қатынаста болғандығын айқындауымызға болады. Ана тілі лексикасының даму, өзгеру зандылықтарын туыстас тілдердің лексикасын тарихи тұрғыдан тексеріп, салыстыра зерттегенде ғана дұрыс танып, білуімізге болады. Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін ономастика ғылымымен де лексикология тығыз байланысты. Ономастика (гр. опо- mastike- ат беру өнері) іштей антропонимика және топонимика болып екі салаға жіктеледі. Антропонимика (гр. аnthropos — адам + опуma - объектісі етіп қараса, топонимика (гр. topos - орын, мекен + - этимология. Этимология ілім) сөздердің шығу төркінін, ат, атау) кісі аттарын (есімдерін) зерттеу 3-3312 65 орута - ат, атау) географиялық (жер-су) атауларды жеке объекті етіп зерттейді. Лексикология тіл білімінің грамматика саласымен де үнемі қарым-қатынаста болады. Тілдегі сөздердің номинативтік (атауыштық) қызметімен қатар грамматикалық кызметі де бар. Tiлдің тарихи дамуы барысында сөздердің бір-бірімен әрдайым грамматикалық байланыс жасауы аркылы бір жағынан лексикалық единицалардың грамматикалану процесі жүріп жатса, екінші жағынан, сөз тіркестерінің бір бүтін лексикалык единицаға (сөзге) ауысу (лексикалану) процесі жүріп жататындығы белгілі. Бұл құбылыс өте-мөте сөзжасам тәсілдерінде айқын байқалады. Мысалы: таңға, күніне, айына, бірде, жақында, басында, аяғында, ақырында, арқасында, бұрыннан, белшесінен, алшысынан, тетесінен, тұтқиылдан, басынан, жасынан, шекесінен, атымен, шынымен, т. б. сөздер-шығу төркіні жағынан о баста септік жалгаулары аркылы жасалған туынды үстеулер. Бүгінде сонгы буындагы косымшалары әбден кірігіп, жымдасып кеткен. Сондай-ак, лексикология фонетикамен де үнемі байланысты. Сөздер көбінесе бірнеше дыбыстын тарихи калыптаскан тіркесімен айтылғанда ғана белгілі бір мағынаны білдіреді. Тілдегі сөздердің дыбыстық құрамының өзгеруі олардың мағыналарының өзгеруіне әкеп соғады. Мәселен, ал, әл, ол, өл, іл, ұл дегенде дауысты дыбыстардың, аз, ақ, ал, аң, ас, ат, ау, аш дегенде дауыссыз дыбыстардын өзгеруінен әр түрлі мағына беретін сөздер жасалып тұр. Тілде белгілі бір дыбыс өзгергенімен, сөздердің сыртқы тұлғасы да, мағынасы да оншалыкты өзгерiске ұшырамай, үнемі ұқсасып келетін жағдайлары болады. Мысалы: айғай-айқай, бау-бақ, сұрау-сұрак, шұкыр-шұңқыр, ауа-әуе, бәйге-бәйгі, улгіру-улгеру, түгендеу-түгелдеу, жұдырық-жұмырық. жаңқа- жоңқа т. б.
Қазақ тілі лексикологиясы қазақ тіл білімінің фонетика және грамматика салаларымен тығыз байланыста болады. Фонетикамен байланысы қандай сөз болса да дыбыс тіркесімен айтылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Мыс: ақ-а/қ дыбыс тіркесімен айтылып түсті білдірсе, бутақ – заттық уғымды, бес – сандық, бару-қимылдық ұғымды білдіріп тур.
Сөздердің бір-бірінен ажыратылуы да фонемалардың саралап ажыратушы қызметіне байланысты. Мыс: сан, сен, бар, бер, бүр, кел, кәл, күл, кіл т.б. Тіл дыбыстары әдетте, сөз ішінде айтылады, сөзден тыс өздігінен өмір сүре алмайды.
Лексикология әсіресе грамматикамен байланысты. Тілдегі сөздер номинативті (атау) қызметпен бірге, грамматикалық қызмет те атқарады. Сөздер жеке дара күйінде емес, өзара байланыста қолданылады. Мыс: Жулдыз сабақ жақсы оқы. Осындағы сөздердің жеке турғандағысы – лексикалық мағыналары. Ал, грамматикалық турғыдан алғанда Жулдыз, сабақ – зат есім, жақсы – сын есім, оқы – етістік. Әрқайсысы сөйлемнің дербес мүшелері қызметінде жұмсалады. Мыс: Жулдыз – бастауыш, сабақты – толықтауыш, жақсы – анықтауыш, оқиды – баяндауыш. Міне, сөздің грамматикамен байланысы. Лексикологияның грамматикамен байланысы әсіресе сөз тудыру тәсілдерінен де айқын көрінеді. Бірақ, бул екеуі байланыста болғанмен, әрқайсысының зерттеу объектілері басқа.
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының мынадай салалары бар: этимология, семасиология, фразеология, лексикография.
Тіліміздің сөздік қурамының шығуы, замандар бойында қалыптасуы мен дамуы т.б. тарихи лексикологияға тиісті, оның бір саласы – этимология. Этимология гректің «ефимос» шындық және «логос» «сөз», «ілім» деген сөздерінен жасалған. Ол сөздердің шығу тегін зерттейді. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Ол сөздердің мағыналарын, оның өзгеру, даму жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейді. Сөз затты немесе қубылысты атайды, ұғымды білдіреді. Сөз өзінің мағынасы арқылы ұғым мен байланысты болады. Сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен қуралады. Бірақ, сөздердің бәрі ұғымды білдіре бермейді. Мыс: одағайларда белгілі мағына болғанмен, ұғымды білдірмейді. Шылауларда солай. Мыс: Сен келесің бе? Осындағы бе? сөзінде сұраулық мағына бар, бірақ ұғымды білдірмейді. Сөз мағыналарының түрлері ауыс, келтірінді т.б. семасиологияда қарастырылады. Гректің «семасиа» белгі – логос ілім сөзінен шыққан.
Шындық болмыстағы заттар мен қубылыстар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестерімен де аталады. Мыс: Қой аузынан шөп алмас (момын), төбесі көкке жету (қуану) т.б. Фразеология турақты сөз тіркестерінің құрамы мен құрылысын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын қарастырады. Фразеология – phrases «сөйлемше» және логос «ілім» жасалған.
Лексикологияның лексикография саласы сөздіктер, олардың түрлерін қарастырады. Грекше лехис – сөз және грапхо «жазамын» сөзінен жасалған. Лексиканың қарастыратыны – табиғат пен қоғамдағы сан алуан құбылыстар мен заттардың аттары болатын дербес сөздер. Сөз жеке нәрсені аңғартады, сонымен бірге оның жалпылама мәні болады. Мыс: өзен, тау жалпы атама.
Сөздің екі жағы болады 1- материалдық, дыбыстық жағы, 2-идеялық, мағыналық, ұғымдық жағы. Булар өзара тығыз байланысты. Дыбыстар – тілдің материалдық таңбалары, есту мүшесі арқылы қабылданып, бір сөзді екенші сөзден ажыратады. Мыс: кел, ел, кес т.б. сөз белгілі бір дыбыстық тіркес арқылы айтылып, сөз түрінде қабылданады. Сөз дегеніміз – басқаға тәуелсіз жеке қолдануға болатын, жеке тұрып белгілі бір мағынаны, ұғымды білдіретін тілдің бір бүтін мағыналық бөлшегі Cөздің мазмұны, ұғымы, оның мағынасын жасайды да, сөздің формасын оның дыбыстық құрамы жасайды. Сөз мағынасы – оның білдіретін түсінігі, мазмұн мен форма бірлігінен турады. Мазмұн мағынасын жасаса, форма – дыбыстық жағын, таңбасын жасайды. Сөздің лексикалық мағынасы деп, әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғандағы нақтылы я негізгі мағынасын айтады. Сөздің лексикалық мағынасын тура негізгі мағынасы деп атайды.
Ал, сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, оны айқындап, саралай түсетін, я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз. Мыс: Бала кітап, жолдас, алып, оқыды әрқайсысының лексикалық мағынасы бар. Осыны Бала кітапты жолдасынан алып оқыды. Бала – заттық атауды білдіруі лексикалық мағынасы, ал жекеше екендігі және атау септігінде туруы грамматикалық жағы. Кітапты – бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар. Жекешелік және табыс септігінің жалғауы – грамматикалық мағыналары. Жолдасынан – бір лексикалық, үш грамматикалық мағына бар. 3. Жекешелік - ы – тәуелдік жалғау, нан – шығыс септігінің жалғауы. Алып – ал қимыл атауы, ып – көсемше грамматикалық мағынасы. Оқыды – ды – өткен шақ, үшінші жақ грамматикалық мағынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет