Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары



бет48/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60
түрлері

Жасалу жолы

мысалдар

Метафора

(грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.

Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.
Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт— есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау — бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т. б.
Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі — аң, айлакерлік белгісі; балшық — зат атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т. б.).
Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, ұлиды деп қасқырды айтады, бірақ ақындардың шығармаларында жел ұлиды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолдынылып жүр.

а) тілдік (сөздік)метафора
б) поэтикалық (сөйлеу кезінде туатын контекстік) метафора
Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамып отырады. Тілдік метафора жалпыхалықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те айтылады. Дәстүрлі метафора арқылы ұқсату заңына сүйеніп, қазақ тілінде көп мағыналы сөздер шыққан.
Поэтикалық (контекстік) метафора ойды әсерлі әрі айқын етіп жеткізу үшін қажет. Ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылуымен тығыз байланысты. Мысалы: сары алтын, ақ алтын, қара алтын.
Тілдік метафора мынадай ұқсастықтар негізінде тууы мүмкін:
а) заттар мен құбылыстардың түр-тұлға ұқсастығы негізінде бір зат атауы екінші бір затқа атау болуы. Мысалы: ит тұмсығы-қайық тұмсығы.
ә) қимыл ұқсастығы. Мысалы: тіл- адамның тілі, сағаттың тілі.
б) заттардың қызметіндегі ұқсастық. Мысалы: серік- адамның серігі (жолдасы), жер серігі;
в) ұғымдардың бір-біріне қатыстылығынан туатын ұқсастық. Мысалы, сұлу- сұлу адам, сұлу табиғат, құлау- аттан құлау, емтиханнан құлау т.б.

Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:
“Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”
“Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).
Ол мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздерде жиі кездеседі. Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды.
Мысалы, тас жүрек. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым. Көбіне ондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі емеурінмен білдіріледі.
“Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей” (Мағжан).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет