Бақылау сұрақтары:
1.Адамзат, ғаламзат есімдері, оларға тән ерекшеліктер.
2. Жалпы мен жалқы есім, бұлардың семантикалық-морфологиялық сипаты.
3. Көптік мәнді білдіретін зат есімдер.
4. Эмоционалды-экспрессивті мәнді зат есімдер, жасалу жолдары.
5. Көмекші есімдердің қолданылу ерекшелігі.
1. Зат есімнің грамматикалық ерекшеліктері.
2. Зат есімнің морфологиялық сипаты. Зат есімдердің құрылымы туралы.
3. Зат есімнің синтаксистік қызметі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы Алматы,1967
2.Қазақ грамматикасы Астана, 2002
3.Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966
4. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1991
10 дәріс тақырыбы: Сын есім. мағыналық түрлері. сын есімдердің құрамы. шырай категориясы және сөйлемдегі қызметі
1. Сын есімнің семантикалық топтары.
2. Сын есімнің морфемалық құрамдары.
3. Сын есімнің шырай категориясы
3. Сын есімнің сөзжасамы
Сөздерді таптастыру ұстанымдары бойынша сын есімнің жалпы грамматикалық мағынасы-сындық белгі. Сын есім деп заттың эр түрлі сыр-сипатын қасиеттерін тікелей не басқа заттың катысуы арқылы білдіретін сөздер аталады. Мысалы, жақсы, жаман, тогайлы, елсіз т.б.
Әр сөз табының ерекшелігін танытатын өзіндік морфологиялық көрсеткіштері болады. Олар екі түрлі, бірі- сөз табының грамматикалық категорияларының көрсеткіштері, екіншісі- сөз табының сөзжасамдық жұрнақтары. Бұл екі түрлі морфологиялық көрсеткіштің екеуі де сын есімде бар. Сын есімнің шырай категориясы оны басқа сөз таптарынан ерекшелендіреді. Сын есімді танытатын екінші морфологиялық белгі - сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Сөзжасамдық жұрнақтардың өзіндік бір ерекшелігі-олар сөз табына байлаулы, әр сөз табының өзіне ғана тән сөзжасамдық жұрнақтары бар. Сөз таптары танылу үшін қойылатын синтаксистік ұстаным түрғысынан келгенде, сын есімнің атқаратын негізгі синтаксистік қызметі-анықтауыш. Сын есім сөйлемнің баяндауышы қызметін де жиі атқарады, ал сын есімнің пысықтауыш қызметінде қолданылуы сиректеу.
Сөйлемде қолданылатын сын есім сөздер төмендегі тұлғаларда болады: негізгі түбір сын есімдер, туынды түбір, біріккен түбір, қос сөз, тіркесті күрделі сын есімдер.
Негізгі түбір сын есім сөздер бір ғана морфемадан тұратын, тілдің казіргі даму сатысында әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі морфемалар: ақ, қцара, көк, қызыл, жасыл, қоңыр, сары, үлкен, кіші т. б.
Туынды түбір сын есімдер ең кемі екі морфемадан құралады- негізгі морфема және сөзжасамдық жұрнақ: өнерпаз, білгіш, үйшіл т.б.
Біріккен түбір сын есімдер: жалауқазықтай, жалңаяқтай, жалмауыздай, басыбайлы, бәйшешектей, бойкүйез, аққудай т.б.
Қос сөзді сын есім сөздер: үлкенді- кішілі, аумалы- төкпелі т. б.
Тіркесті күрделі сын есімдер: көк ала, сара көк, қара күрең т.б.
Сын есімдер морфемалық құрамдарына қарай, негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер деп бөлуге болады. Бірақ оларды осылайша жіктеу шартты нәрсе екенін есте ұстау қажет, өйткені қазіргі кезде негізгі сын деп жүрген сөздердің көпшілігінің төркінін талдап қарағанымызда, туынды сындар болып келеді. Мысалы: тұнық, суық. Сын есімдер морфологиялық, синтаксистік, морфологиялық-синтастиктік тәсілдер арқылы жасалады.
Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Сын есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сын атаулары жатады.
Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген туынды түбір сын аталымдарын ғана қосқан, сондықтан олар өнімсіз жұрнақ аталады.Мысалы: -қы, -кі жұрнағы арқылы жинақы, күлдіргі, бұралқы сияқты туынды сын атаулары ғана жасалған. Сол сияқты –ын, -ін жұрнағы да аз ғана туынды жасаған. Мыс: бүтін, ұзын, ортан.
Заттың белгісі я сипаты біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады. Сын есімнің 4 түрлі шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.
Достарыңызбен бөлісу: |