Зат есім - сөйлемде заттық үғымға қатысты ойды білдіретін сөздер.
Сын есім деп заттың әр түрлі сыр-сипатын білдіретін сөздер.
Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз табы.
Етістік деп заттардың қимыл-әрекетін білдіретін сөз табы аталады.
Етіс – қимыл-әрекеттің субъектіге, қимылдың нысанына қатысын білдіріп, салт, сабақты етістік жасайтын етістіктің түрі.
Көсемше деп сөйлемдегі негізгі қимылдың жайы-күйін, жанама қимылды білдіретін етістіктің түрі аталады.
Үстеу- қимылдың жайы-күйін, эр түрлі белгілерін сипаттайтын сөз табы.
Еліктеуіш сөздер деп өмірдегі заттардың әр түрлі дыбыстарға еліктеуден немесе заттардың әр қилы көріністерінен пайда болатын сөздер аталады.
Түбір – сөдің лексикалық мағынасын сақтаушы негізгі бөлік.
Шылаулар грамматикалық дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық мағынаға көшкен, түрлі грамматикалық қызмет атқаратын тілдік бірліктер.
Одағай – адамның сезімін, көңіл- күйін білдіретін сөз табы.
Сөзжасамдық ұя – бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы. Сөзжасамдық тізбек – бір түбірден тараған, бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы.
Сөзжасамдық жұп – «негіз сөз – негізді сөз» қатынасы.
Сөзжасамдық тип – әр сөз табының туынды сөздерінің жасалу үлгісі. Сөзжасамдық типті белгілеуде негізгі үш белгісіне сүйенген жөн: 1) негіз сөздері бір сөз табынан болуы; 2) негіз сөздер мен туындылардың мағыналық қатысы ұқсас болуы; 3) сөзжасам тәсілінің бірлігі, синтетикалық тәсілде бір аффикс арқылы жасалуы.
Сөзжасамдық үлгі – туынды сөздердің нақтылы жасалу үлгісі, сөзжасамдық типтен гөрі тар ұғымда қолданылады.
Сөзжасамдық тарам – бір түбірден сөзжасамдық бір сатыда жасалатын туынды түбірлердің тобы.
Сөзжасамдық саты – бір түбірден тараған, құрамындағы жұрнақтардың жалғану ретіне қарай сатылай орналасқан туынды сөздердің жиынтығы. Сөзжасамдық саты жұрнақтардың жалғану ретіне қарай, өз ішінде тік қатардағы сатылар және көлденең қатардағы сатылар болып екіге бөлінеді.