«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет6/22
Дата02.03.2023
өлшемі351,5 Kb.
#71095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Бақылау сұрақтары:
1. Сөзжасамдық тізбек дегеніміз не?
2. Сөзжасамдық тарам дегеніміз не?
3. Сөзжасамдық тарам дегеніміз не?
4. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тұлға қалай жасалады?
5. Сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тарам дегеніміз не?
6. Сөзжасамдық тәсілдер дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
3. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-А., 2000.
4. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.
5. Қалиев Ғ. Қазақ тілінің сөзжасам мәселелері. Алматы, 20002ж.

2 модуль.


Сөз таптарының сөзжасамы. Есім сөздердің сөзжасамы

4 дәріс тақырыбы: Зат есім сөзжасамы




1.Зат есімнің жасалу жолдары
2.Есімдерден зат есім жасайтын аффикстер
3.Еліктеу сөздерден зат есім жасайтын аффикстер
4.Реңк мәнін білдіретін жұрнақтар
5. Етістіктен жасалған туынды зат есімдер
6. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдер
7. Күрделі зат атауының жасалуы.
8. Есімдерден зат атауын жасайтын жұрнақтар
9.Етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақтар.


Сөзжасамдық құбылыстың зат есімде орасан мол орын алатыны, тілдік сөз-жасамдық тәсілдерінің бәрінің зат есімнің жасалуында кеңінен қызмет атқаруы туралы. Зат есім сөзжасамы үзілмей жүріп жататын құбылыс. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің синтетикалық сөзжасамы екі морфеманың қатысы арқылы жүзеге асуы, олар: негіз сөз бен жұрнақ. Негіз сөз қызметінде құрамы, тұлғасы жағынан негізгі түбірлер, туынды түбірлер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер. Негіз сөздің туынды түбір зат есім мағынасына арқау болуы, негіз сөздің мағынасы мен одан жасалған туынды түбір зат есім мағынасының байланыстылығы. Зат есімнің сөзжасамына негіз сөз қызметінде қатысатын сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, еліктеуіш сөздер, модаль сөздер. Олардың туынды түбір зат есім жасацу қабілетіндігі, қызметіндегі айырмашылық, белсенді қатысатын сөз таптары. Туынды түбір зат есім жасайтын зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Зат есімнің сөзжамсамдық жұрнақтарының көлемі, жалпы мөлшері, зат есім жұрнағының дара, құранды, байырғы, кірме түрлері, қолданылуына ұқарай өнімді, өнімсіз, өлі, белсенді түрлері, жұрнақтардың әр кезеңде белсенділігі өзгеруі, мағынасына қарай зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының сөз мағынасын өзгертуші, сөз мағынасын түрлендіруші түрлері, олардың айырмашылықтары. Зат есімнің есім сөздерден зат есім жасаушы жрнақтар. Зат есімнің етістіктен зат есім жасаушы жұрнақтар. Зат есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің сөзжасамына аналитикалық тәсілдің барлық түрлері қатысатыны, олардың күрделі зат есімдер жасайтыны. Зат есімнің сөзқосым тәсілі арқылы жасалуы, оның туынды зат есімнің ішінде тұлғасы жағынан біріккен сөздер жасайтыны. Зат есімнің біріккен сөздерінің өзіндік белгілері, оның сыңарларының зат есімдерден, сын есім мен зат есімнен, зат есім мен етістіктен, сан есім мен зат есімнен жасала беретіні. Біріккен зат есім жасайтын сыңарлардың әрқайсысының өзінің дыбыстық құрамын сақтап бірігуі, не дыбыстық құрамдарын ықшамдап, бір-бірімен бірігіп кетуі мүмкін екендігі. Біріккен зат есімдердің тілде көптігі, тілдің сөз байлығына өзіндік әсері. Зат есімнің қосарлану тәсілі арқылы жасалуы, бұл тәсіл арқылы зат есімнің сөз тұлғасы жағынан қос сөздер аталатын түрі жасалатыны. Қосарланған күрделі зат есімнің екі сыңары мағынасы жақын, бір-біріне қатысты бар заттардың атына жасалуы: қас-қабақ, сақал-мұрт, бай-бәйбіше, қайғы-қасірет, құрт-май, сауық-сайран; сө табы жағынан екі сыңары да зат есімдерден жасалатыны: жиын-той, ақын-жазушы, ішім-жем, майлық-саулық. Зат есімнің тіркестіру тәсілі арқылы жасалуы, тіркестіру тәсілдерінің тілде күрделі зат есімдер жасауы, оның кейде тіркескен күрделі зат есім деп те аталатыны. Тіркестіру тәсілі арқылы жасалған зат есімдер ең кем екі, не одан да көп сөздердің бір-бірімен тіркесіп, бір заттың, заттық ұғымының атын білдіретін, тілдегі дайын лексикалық тұлғаға айналған, тілде бір сөздің қызметін атқаратын күрделі зат есімдер жасайтыны (қайын ата, сым темір, тоқ ішік, ара ағайын, ұзын омыртқа). Бұлардың ішінен біртіндеп біріккен сөздерге қосылып отыратыны (қайнаға, жамағайын). Бір топ күрделі зат есімдердің бірде бірге, бөлек жазылуының көбіне шартты түрде шешіліп жүргені. Күрделі зат есімдердің бұл тобының бірге, бөлек жазылуының көбіне шартты түрде шешіліп жүргені. Тіркескен күрделі зат есімдердің тобына тілде кейін пайда болған терминдік тіркестер аталып жүрген күрделі сөздердің де жататыны: қалалық кеңес, Еңбек Ері, Совет Одағының Батыры, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық университеті. Бұлардың еркін сөз тіркесінен айырмасы мен ұқсастығы. Олардың басқа күрделі сөздер тобынан өзіндік ерекшелігі, тілдегі бұл сөздердің қыр-сырының әлі толық ашылмағаны. Зат есімнің қысқару арқылы жасалуы. Қысқарту тәсілі кез-келген сөзге қолданылмайтыны, оның күрделі сөздердің ішінде көбіне терминдік тіркестермен, ғылыми терминдермен, т.б. белгілі топтағы сөздермен байланысты қолданылатыны. Қысқарту тәсілінің жолдары. Қысқарған сөздердің өздік ерекшеліктері. Зат есімнің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есім сөздер тілде белгілі мағынасының үстіне басқа мағынаны қосып алып, екі кейде одан да көп сөздің мағынасын беріп, қызметін атқаруы семантикалық сөзжасамға жататыны (жұма-бір күнің аты, жұма- бір жетінің аты, тәсіл-айла мағынасында, тәсіл-ғылымындағы термин, түбір-ағаштың түбірі, түбір-термин). Зат есімнен басқа сөз таптарының сөз құрамын өзгертпей, заттанып, зат есімге көшуі де зат есімнің семантикалық тәсіл арқылы жасалуына жататыны (жетісін беру, ыстығы үлкен, ыстық (тамақ мағынасында), ақ молайды, туысы көп, шығысы артық, айтысқа түсті). Контекстік заттанудың сөзжасамға жатпайтыны (үлкенді сыйла).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет