12. Д.Исабековтың «Әпке» пьесасының тәрбиелік мәнін айқындау Әпке образын сомдаған бірден-бір үздік шығарма жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің «Әпкесі» болып табылады. Шиеленісті түрде жазылған әрі терең философиялық мағынаға ие болғандықтан, әлі күнге дейін осы кітап көп адамның сұранысын тудыратыны анық.
Туындыда ата-анасынан ерте айырылған бір отбасындағы бес баланың басқа түскен қиындықтарға мойымай, өмірден өз орындарын тапқаны баяндалады. Бір ата, бір анадан туса да, мінездері әрқилы ұл-қыздарды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бағып-қаққан шаңырақтың үлкені Қамажай – бауырларының бақыты үшін өмірлік қызығынан бас тартып, артынан ерген іні-сіңлілерінің жолына барлығын құрбан етуге даяр мейірімді жан.
Бұл туындыны оқи отырып отбасының адам өміріндегі маңызының биіктігін, әр отбасы мүшесінің қадірлілігін көре аламыз. Қаршадай болса дағы өз бауырларына ана орнына ана болып, әке орнына әкеше қамқорлық көрсетіп, өз болашағын емес бауырларының болашағын ойлаған Қамажайдың іс-әрекеті арқылы өзіміздің бауырларымызға, ізімізді басушы ұрпаққа үлкен тәрбие бере аламыз. Адам өмірінде отбасылық құндылықтардың құндылығы, кішіге қамқор болу үлкеннің міндеті екендігі, әпкенің бауырларлары үшін шырылдаған жүрегі ешқашан айнымайтындығын көрсететін бұл туынды бауырлардың әрқашан бірлікте, бір-бірлеріне жылы жүректі болу керектігін айтады. Және әр отбасы мүшесін бағалап, сыйлап, жақсы қарым-қатынаста болу керектігін ғана айтып қоймай, әр тұлға отбасының мүшесі ретінде өзіне сай міндеттерін атқару қажеттігін үйретеді.
13-16. Жанс
17. Тәуелсіздік кезең поэзиясындағы тақырыптық жаңашылдыққа санаптама: Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы- бұл кеңес империясының бұғауынан құтылып, еліміз өз еркіндігін алып, өз тағдырын өзі шешетін, өзінің келешегін өзі жобалап, өз еліне, өзінің материалдық және рухани байлығына билік етіп, өзі баға беретін жылдарда жарық көрген қазақ поэзиясы. .Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының басты ерекшелігі – қазақ әдебиеті тарихында әдебиеттің идеяларға тола, еркіндік сарынын барынша жүрегін толқытқан барлық рухани күшімен жырлаған поэзия. Тәуелсіздіктің қуанышын ғасырлар бойы тәуелді болған халық ғана біледі және оны өз мазмұнында, өзіне лайық әуенмен жырлай алады. Сондықтан болар тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы идеялық жаңашылдығы, тақырыптық ерекшелігі, лирикалық кейіпкерлері, көркемдік сарындары жағынан бұрын қазақ поэзиясында болмаған жаңа парақтарды ашты.
Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ халқының поэзиясында жаңашылдық лебі есті. Дәстүрлі даму арнасынан ауытқымаса да мазмұн мен идеяда жаңашылдықтар, көркемдік жаңа айшықтаулармен ерекшеленді.
Қазақ лирикасындағы «Желтоқсан оқиғасы» қазақ лирикасында өте көп жырланған тақырып болып әдебиет тарихында жаңа бет болып ашылды. «Желтоқсан көтерілісі», «желтоқсан тағылымы», «желтоқсан қасіреті» жайында жырларда қазақ халқының Отанның ар- намысын қорғау, Отан үшін өз өмірін құрбан ете алатын отаншыл жастарымыздың бейнесін жасау, қоғам және заман шындығы, қоғамның халық тағдыры, елдің келешегі мен бірге жасайтын бейнесі көрінді.
• Ақын С.Адай «Желтоқсан 1986 жыл» атты өлеңінде:
Біздің тарих ұстағанның қолында,
Тістегеннің ұртында жүр көріп ек.
Жатып алып бар шындықтың жолында,
Мүйізділер жолатпайды мөңіреп. Желтоқсанда болашаққа ұмтылды,
Кіл қызғалдақ-Алашымның боздағы! Кетті ұйқыға…Оятсам деп ұлтымды!
Бар жазығы күнге қолын созғаны…
• Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-рухани дағдарыстар, экономикалық-тұрмыстық ауыртпалықтар, одан кейінгі бірте-бірге еңсе тіктеудің, қиындықтарды еңсерудің қазақ поэзиясында бейнеленуіне Қ.Мырза Әлидің “Заман-ай!”, Т.Медетбектің “Тағдырлы жылдар жырлары”, үзінділері мерзімді баспасөзде жиі жарияланған “Көк түріктер сарыны” жыр топтамалары, Н.Оразалиннің “Құралайдың салқыны”, Иран Ғайыптың “Жыр әлемі”, И.Сапарбайдың “Махаббат пен ғадауат”, Н.Айтұлының “Рухымның падишасы”, С.Тұрғынбекұлының “Жерорта”, Ж.Бөдешұлының “Жұлдызға орнын Ай бермес”, Ұ.Есдәулеттің “Киіз кітап” атты туындылары идеялық, көркемдік ізденістерінің өзгешелігімен жаңа қоғамдағы жаңа әдебиеттің талаптарына сай келетін деңгейде назар аудартады.
• Елге егемендікпен бірге нарықтық экономика келді. Сауда келді. Таршылық пен тапшылықтан шығар жолды іздеп жанталасқан қауым базар жағалады. Отбасын асырау үшін базарда жүк арқалаған әйел бейнесі жырлана бастады. Ақын Ш.Жұбатованың «Ең әдемі келіншек» атты жырында базарда тұрған әйелдің бейнесі суреттелген:
Жастық көрмей, қараңыз, жар құлағы
Шынашақтай күйеуін нар қылады.
Жоқ деген сөз аузынан шыққан емес,
Жоқ боп тұрған нәрсені бар қылады.
Толқынына өмірдің батып шыдап.
Құласа да жағады жатып шырақ.
Келіншектің жұп-жұмсақ алақаны
Тұрғандай-ау ақша емес,бақыт сұрап.
• Қазақ поэзиясындағы көп жырланған тақырыптың әрі өзекті тақырыптың бірі-ана тілдің жырлануы. Ана тілдің тағдыры-ұлттың тағдырымен өзектес. Ақындар ана тілдің бүгінгі жәйі мен келешегіне алаңдаулы. Ел тәуелсіздігі -ұлттық тіліміздің бағын ашты. Қаншама қиындықпен, күреспен, мылтықсыз майдан үстіндегі жанкешті шайқаспен қазақ тілі — мемлекеттік тіл болып мерейі асып, мәртебесі биіктеді, шын мәнінде, қайта тіріліп, өмірге қайта келді.
Ақын Алмас Исаділдің «Шоқынған бала» атты жырында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі-өзге дінге өту мәселесі жайында жырланған. Әке тәрбиесі мен ана тәлімін алған жастың өзге діннің жетегінде кетіп, шоқынуы ұлттың ұйысуына төнген қатер.
Түс елемей аят, Құран, ғазалды,
Кәпірлермен қоса айтысып жаңа әнді,
Мұхаммедтің кім екенін ұмытып,
«Иегова куәгері » саналды.
Өз тіліне,Өз дініне қас ұлға,
Өлгеннен соң ,тыныштық жоқ ақымда.
Қазақ болып туғаннан соң,күні ертең-
Ай тұрмай ма,қабірінің басында.
Бұл кітаптар тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығындағы адам және қоғам, адам жөне уақыт, лирикалық кейіпкер және дәуір аясында ой-санадағы күрделі өзгерістер атаулыны жан-жақты қамтуымен де ерекшеленеді деп арнайы қарастырылған зерттеу еңбектер де аз емес.