Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Г.Шойбекованың «Бұрым» әңгімесіндегі антропологиялық тәсілге талдау жүргізіңіз



бет33/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

47 Г.Шойбекованың «Бұрым» әңгімесіндегі антропологиялық тәсілге талдау жүргізіңіз.
Антропологиялық әңгіме дегеніміз-аданың жеке дене мүшесіне көркемдік сипат бере отырып,бедерленген туынды.
«Бұрымыңды кескенің-ақылыңды кескенің»,-деді әкесі.
«Бұрымыңды кескенің-өмір жолыңды кескенің»,-деді анасы.
«Бұрымыңды кескенің-жаңа өмірге келгенің»,-деді құрбысы.
«Осы үшеуінің өайсысы әулие»,-деп ойлады ол. деп бастайды. Жазушы кейіпкерінің түн баласына бұрымынан қорлық көріп, кірпік ілмей шығатынын, қылқындыра тұншықтырып шошып оянатынын баяндайды.Бұрымды қыздың жан арпалысы мына күрделі тіршілікте қайтсем, адамдарға соның ішінде туғандарына, тіпті өзіне зиянын тигізбей бұрымынан құтылсам деген ой. Оның шашын қимақшы болғанын әркім әр қалай түсініп, сол түсінігіне орай өз пайымдауларын қыз санасына сіңіріп әлек. Сондықтан да өз-өзіне сенімсіз, тіпті айналасындағы адамдардың айтқанынын қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін де ажырата алмай ойы сан-саққа кетіп басы қатып жүрседе сырт көзге біртоға көрінетін кейіпкер болмысының қалыпты күй-қалының өзі – жан мазасыздығы. Әңгіме адам жанының, тақырыпқа орай бұрсақ, әйел жанының дисгармониясы, оның арман-мұраты мен қимыл-қаракетінің дисгармониясы неден басталған деген сауал төңірегінде ой тастайды.
«Ата-анаңа рахмет !» – деді көрген қарттар.
«Қарындас, танысайық» – деді жігіттер.
«Қай заманнан келдің?» – деді құрбы қыздар.
«Осы үшеуінің қайсысының сөзі шын» деп ойлады ол балгерге бара жатып.
Бәрінікі де дұрыс, – деді балгер, – бірақ кеспегенің жөн. Кімге кестірсең соның тағдыры сенің басында қайталанбақ. Егер кесе қалсаң оны адам баласының табаны тимейтін жерге жерлеуге тиістісің. Өйткені, ол – анаңның құрсағынан бірге келе жатқан жолдасың, қарын-шашың» деп жазушы қазіргі зымыран уақыт, жаппай урбанизация әйел жанына дақ түсірмесе екен деп; қоғамдық қарым-қатынастардың, әлеуметтік ахуалымыздың көптеген көлеңкелі жақтарынан туындайтын біртұтас проблемалар жағдайында тұрмыс-тіршілігінің оңай еместігіне қарамастан әйел қашанда әйелдік қаситінен, төл табиғатынан ажырамаса екен деп алаңдайтындай.Біздіңше, өз дүниетанымында, мінез болмысында лирик-романтик жазушының бұл әңгімесінде өмір-болмыс бейнесі авторлық «менімен» үндесіп, әрі қым-қуыт қақтығыстарға түсе бейнеленеді. Оның кейіпкері сырт қарағанда төрт құбыласы тең көрінгенімен, жан дауасын таппай жүрген жан. Автор-кейіпкердің жалғыздығы бір өлшемге сыймайды. Бұл орайда жан жалғыздығы деген ұғым турасында ой қозғаған орынды. Жазушы ұғымында Бұрымды қыздың жалғыздығы, жан жалғыздығы деген тым күрделі нәрсе. Жалғыздық әрә тек демографиялық себептерден туындап отырған проблема емес, жеке адамның, индивидуумның өзіне де тікелей байланысты жайт. Тең құрбыларының алды болып, өз ерекшелігі өзінде іштей жүдеп-жадаған Бұрымды қыздың мұңайатын мұңы да өзгеше. Сырт жұртқа таңсық көрінетін бұрымынан құтыла алмай әлек. әрбір түні өз бұрымынан өзі үрейленген азапты өзінен басқа адам баласы білмейді де түсінбейді. Сұңғыла қыз ешкімнің тағдырын қайталағысы да, біреуге кестіріп өзге жанды бұрымының наласына қалдырғысы да келмейді. Іштен тынып, жан далбаса күй кешкен кейіпкерінің рухани әлемін, сезім сергелдеңін, жан жалғыздығынның психологиялық астарын ашуға автор барын салғандай. Жазушы кейіпкері ақылы, білімі, көркі ешкімнен кем емес Бұрымды қыз – тұрмыс тауқыметінен гөрі жан жалғыздығынан жүдеп жүрген жан. Ол осы бір өзіне ғана мәлім, өзіне ғана көрінетін, өзі ғана білетін қапасты бұзғысы келеді. Бірақ бұза алмайды. Себебі неде? Ол неге жарым көңіл? Оған не жетіспейді?
Ол соңғы рет айна алдында бұрымын желке тұсынан шорт кеспекші болғанында бұрымы әлде қоштасқандай, әлде күрсінгендей қолына ырық бермей бұлғақтап кетті дейді автор. Бұрымды қыз жылап отырып, өзінің бұрымын қимайтынын түсінгенін кейіпкерінің жан-сезімі арқылы жазушы шебер бере білген.
Г.Шойбекова адам жанының тазалық, адамдық, адамгершілік бұлақ бастауын драмалық шағын ситуацияларда ашуға бейім. Ол бұл туындысында мораль тақырыбына батыл барады, өзінше түйін жасауға талпынады. Әсіресе, әйел тағдырына, әйелдің жан дүниесіне, сезім иірімдеріне, әйел және әлеуметтік орта байланысына көп үңіледі, бұл ретте айтар ойы да жоқ емес.
«Бұрымын кескен күні әкесінің бұл өмірмен қоштасатынын;
Бұрымын кескен күні жолында тек сәтсіздіктер басталатынын;
Ешкімнің алғыс айтпайтынын;
Айналасында тек қана шуласқан құрбы қыздар қалатынын; бәрін-бәрін көрді.
Ол ұзақ ойға шомып отырып, осылардың ішінде ең қадірлісі әкесі екенін жақсы түсінді. Түсінді де әкесінің бір күн де болса өмірін ұзартқысы келіп аласұрған көңілін басып, төсегіне жантайды» деп аяқталады. Өмірі қиындау, жан азабы молдау Бұрымды қыздың жан азабынан қалай құтылудың амалын таппай шарқ ұрған, тағдырына мойын ұсынған автор-кейіпкерінің өмірінің шындығын ішкі жан дүниесін қазбалай отырып ден қойғызады. Әрі ата—анаға деген сенім-құрметін өз жан азабынынан, болашағынан жоғары қойып отырған қыздың сұңғыла сезімталдығын аңдатады. Жап-жас қыздың бойындағы адамгершілік қажыр-күш туып-өскен отбасынан, ұлттық дәстүр әліппесінен бастау алған. Абай «Ойлы жанға бақыт жоқ бұл жалғанда» дегенде үй-ішілік, аз ғана топтың бақытын айтпаған болар. Тағдыр тәкегінен қорқып емес, әке қабағына қарап құрақ ұшатын, өйткені бақыт дегеніміз – айналадағы адамдардың жарқын жүзі, қуанышы екенін бұлжымас қағида етіп өскен Бұрымды қыздың шыдамдылығына, төзіміне иланасыз.
Өз таным-түсінігі, өз шындығы бар бұл кейіпкер алғашқы планға өзін қояды. Яғни дүниедегі өз тағдырының ең негізгі нүктесі де, тағдырының түйіншегін шешуші де – бұрымды қыздың өзі. Бұл шығармада кейіпкер мен автор позициясы үнемі бір жерден шығып отырады да, автор өмірдің өміршеңдігін, былайша айтқанда өмірдің қарапайым заңдылықтарын ескере бермейтіндей.
Автор-кейіпкер өз басындағы оқиғаны жай қадағалап жеткізіп беруші сияқты көрінеді де, қорытынды-түйінді оқырманның еншісіне қалдырады.
Жазушы бұрымды қыздың санасындағы эволюцияны, оның жан сұлулығын, сұңғылалығын, жан жарасымының күрделі психологиясын тап басуға ұмтылған. Автордың айтпағы әр әйел заты шашын қияр алдында өз кейіпкеріндей қиналып, өз тағдырына жауапкершілікпен қарайтын болса, Бұрымды қыздардың қатары көбейген болар еді деген ой

48 С.Елубайдың «Ақ боз үй» романына SWOT талдау жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет