Оқиғаның шиеленісуі:Көшкін.Қара құмырсқалар арасындағы қақтығыс.
Мен құмырсқалар нәсілінің екі әулетініңтіршілік үшін күресіне қызықта қарап,таңырқадым да қойдым.Келесі аптада алып қоңырлар мен шарқы қаралардың арасындағы жер дауы мен даңғыл жолдың шеткі ұштығына жеткенін көрдім. «Көке,көке!Құмырсқалар көшіп жатыр!»-дейді.
Оқиғаның шешімі:Қаңырап қалған илеу,жаңа тіршілік.
Енді екі әулет бірме-бір қалған.ертеңіне қан майдан таң атар-атпастан басталса керек.Үш күн бойғы ұрыс даласы,тып-типыл болды.Екі жақта түгел қырылып қалған.Арада оншақты күн өткенде,иен қалған,жауын шайып,жел қағып,түгелге жуық тегістеліп кеткен екі илеудің де кейбір тұстары қайта ашылып,бұрынғы,кішкентай болса да шымыр қара құмырсқалардың өзінен кіші,өңсіз,сылбыр,ұсақ шымалдар бой көрсеткен.
46 Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі ата-жұрт идеясының берілу тәсілін талдаңыз.
Айнабұлақ қой бұл. Анау төбедегі құлаған зираттың ішінде мұның ата-анасының сүйегі жатыр. Шыр етіп жерге түскенде, арқасы осы топыраққа тиген. Кіндік қаны осында тамған. Осы арада жалаң аяқ шаң бұрқатып шапқылаған. Тұңғыш рет тайға мінген. Ат жаратып, көкпар тартқан. Құрбы қыз-келіншектермен ақ сүйек ойнап, талай таңды ұйқысыз атырған. Осының бәрі оның санасынан жарқ-жұрқ етіп өте шықты. «О, туған жер! О, қасиетті атамекен! Торқадай топырағыңды қия гөр адасқан ұлыңа... Ел шетіне бір жеткізсең, екі дүниеде арманым жоқ деген сертім бар еді. О, Алла, аманат жаныңды бүгін алсаң да разымын!» – деді тәңірге жалбарынып.
Тұған жердей жер болмас ,тұған елдей ел болмас деп бабаларымыз бекер айтпаған. Барлығынан, отбасынан, жалғыз жапырақ немересінен айырылып, өзге елде сыймай кеткен шалдың қырық жыл бойы кеудесін тесіп бара жатқан арманы оны алыс жолдың азабына, сынағына төзіп, тұғаа жеріне қайта оралуына жол салады.Шіркін, адам баласы қиналғанда тәніне де, жанына да сая болатын тұған жерінің топырағы, жусанының иісін иіскеп, ауасымен тыныс алу ғой. Жолындағы Етікшінің асуы да, аш қасқырдың қызыл көздеріде, сыздатып ауыртып жатқан тәні де, шалдың Тұған жерімді бір көрсем екен деген үмітін тұншықтыра алмайды, бұл дегеніміз атамекенге деген сүйіспеншіліктен, махаббаттан, сағыныштан тұған күш қайрат.Ауылына келгенде шал бар өмірін көз алдына келтіреді, жеті жасынан мінген аты, бірге ойнаған құрбы~құрдастары, әкесі келеді. Сол кезде шал нағыз бақытын табады, не жыларын, не күлерін білмей кеудесін керемет күй билейді.
Ата-жұрт идеясы қария өмірі арқылы беріліп тұр. Ата-жұрттың ыстық екендігі жайлы болса да жат жұртты жатырқап туған жерін аңсауы.Патша өкіметініңқазақ халқына азап көрсетіп,бір түйір азығына дейін тартып алып кетіп,тыныштығын бұзғандықтан елін тастап ауа көшкен қандастарымыздың елге қайта жол салуы хақында.
Достарыңызбен бөлісу: |