Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз



бет35/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

Кейіпкерлер

Мінездеме

Хансұлу

Хансұлу Пахраддиннің маңдайына біткен жалғыз қызы. Өзі сұлу десең сұлу, ерке десең ерке. Тал шыбықтай бұралған бойжеткен Хансұлудың мінезі паң, тəкəппар. Айналадағы ауыл-аймақтың бозбалаларының арманы болған Хансұлу.

Шеге

Романның басты кейіпкерлерінің бірі – Шеге бейнесі.
Дызылдауық Шәріптің баласы Шеге де әлжуаз. Сырттай қызыққаны болмаса, әлі жетілмеген сары тұмсық, үрпек бас бала. Өздігінен іс бастап, бұлқынып тұрған жоқ. Кейін партияға еніп, артынан істі болуы оны біраз пысытты.
«Бұ да қызық. Əліне қарамай армандағаны – Хансұлу. Күн, түн демей көксегені – сол қыз. Ау, сонда жалғыз Хансұлу дəмегөй қалың бозбаланың қайсібіріне жетеді? Не көп, осы елде қыз көп. Солардың біреуіне неге көңілі соқпайды? Хансұлуда несі бар? Несі бар, аспандағы айға қол созып? Білмейді. Пахраддиннің ерке-бұлан қызының бетін қай қасиетімен бұрмақ өзіне? Не дəулеті тасқан, не атақ-абыройы асқан текті атаның ұлы емес. Үйінің сиқы анау – қырық жамау, ауыл шетінде қиқиып тұрған. Əкесінің түрі анау – ақсақ қойға жете алмай, ойбайлап, көгенді айнала жүгіріп жүрген Жеті атасынан шыр бітпеген, етікші Шəріп. Жұрт оны күйгелек мінезіне қарап, «Шырылдауық Шəріп» дейді. Өзінің түрі мынау – жаман орының арқасында суырша сопайып отырған. Шоқпыт үйден шыққанын былай қойғанның өзінде қара басынан да бір көз қонақтар ерекше қасиет табылмайды-ау. Қысық көз, арық, пышақтың қырындай сопайған қара бозбала. Сорайған бойдан басқа Жасаған Ие бұған еш нəрсе бермепті. Не өнер бермеген, жиын-тойда домбыра тартып, əн салып суырылып шығып, қыз-қырқынның назарына іліне қоятын. Не шешен тіл бермеген, бұзіп-жарып сөйлеп жұртты елең еткізетін. Ең болмаса, анау құдық басында су тартып жатқан Бұлыштың атындай жүйрік ат, жеткір тазы да жазылмаған бұның маңдайына. Қайсібірін айтарсың, ең азы, жасы он алтыға келсе де осы Шегеде ұялмай киетін қиім де жоқ...»

Жорға Күрең

Романда байдың сойылын соққан кейіпкердің бірі – Жорға Күрең. Романда Күрең бейнесі былай суреттеледі: «Бұл кісінің аты Күрең, Мажанға жамағайын болады. Мажанның оң қолы. Аздап сауаты бар, қала көрген, көзі қарақты. Мажанға ақылшы, кеңесші тəрізді жан. Қала шыққанда байдың сауда-саттығын жасайтын да осы кісі. Соның арқасында қожалығы күйлі.
Досқа да, дұшпанға да бірдей майда тіліне, үнемі жымсиып жүретін езу күлкісіне бола «Жорға Күрең» деген лақапқа ие болған кісі».
Өзінің қара басының қамы үшін бірде бай жағында болып қызмет етсе, қажет кезінде «Қызыл əскердің» жағына шығып, сөзін сөйлейтін сұйық адам.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет