Авторлық ұстаным: Тарихтан белгілі Ұлы Отан соғысында жау тылында қалған әйелдер мен өздері қайнаған қан майданның қақ ортасына кіріп кеткен әскери адамдардың бала-шағасының басынан кешкен тағдыры.Отан-ананы қорғау жолында жандарын пида еткен боздақтардың рухына тағзым ете отырып,жазушы осы жерде өзіміз елей бермейтін жерлік тірлікке қатысты көп нәрсенің бетін ашады.
A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).
L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру). Романға Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ел басына түскен нәубет өзек болған. Жазушы ауыр кезеңді романның бас кейіпкері – Нәзираның басынан кешкен оқиғалары арқылы суреттеп берген. Шығармада көп қасірет көріп, азап шеккен, қиындықтың бәрін мойымай көтере білген қарапайым қазақ әйелі – Нәзираның қайтпас қайсарлығын танытып, соғыспен келген зұлымдыққа адами күш-қайратты қарсы қояды. Сондай-ақ автор қазақ елінің басынан кешкен ашаршылықты, сталиндiк асыра сілтеушілікті нанымды көрсетіп, романның құндылығын арттыра түскен.
51.Ә.Тарази «Қорқау жұлдыз» романына бүгінгі күн тұрғысынан баға беріңіз. Қорқау Жұлдыз - 1988 жылы, атақты жазушы - Әкім Тарази жазған роман. Сюжет Романның негізгі кейіпкері - Лима - педогогикалық институтта білім алған, өз құдастарымен салыстырғанда терең ойлайтын жас қыз. Алайда, бейкүнә жастың мойнына ауыр әрі азапты кіна тағылады. Бір мезетте, жас баладан оның туған-туыстары, достары бет бұрады. Өмір шымылдырығын енді ашқан бойжеткен оның ащы дәмін тартады. Кейіпкер алдында, сол заманның, сол адамдардың бетпердесі ашылып, шынайы түрі көрінеді. Қоршаған ортаның көрсеткен қысымына шыдай алмаған қыз жанкештілік әрекетке баруға мәжбүр болады.
Әңгіме жанұя абыройын ту қылып ұстап, кісінің сөзіне көңіл бөлген жігіттің, егізіндей қатар өскен қарындасын Өзбекстандағы досының үйіне апарып тастауынан басталады. Сол кеткеннен қыз мол кетеді, ағасы да іздеп келе қоймайды, ақыр соңы жас қыз сот залының алдында өзіне жанармай құйып өртеп жібереді.
«Қорқау жұлдыз» романында да бір әулеттің отбасында болған оқиғаларды суреттеу арқылы қазақ болмысын, отбасылық тәрбие, жеке адамның психологиясы сияқты мәселелер қозғалады. Әулеттің «атына кір келтірмеу» деген қасиетті ұғымды қалыптастырған отбасының, бойжеткен қызының мінезін түсінбей трагедияға ұшыраған тағдырын суреттейді.Тәрбиелі отбасында өскен қыздың байқамай жасаған ағат мінезін түсінбей, алыс ауылға жіберіп, отбасына жолатпай жазалауы оқырманның да қарсылығын туғызары сөзсіз. Өзінің ішкі сырын басқаларға білдірмей, ешкімге түсіндіре алмай, әдептен аттай алмаған қыздың ақыры өзіне қол жұмсауы шынымен де өкінішті, аянышты. Бұл мәселе автордың өзін де ойлантып, басқаларды да ойландыруға қозғау салған. Шын мәнінде қазақ қоғамында отбасындағы балалармен санаспау, олардың ойларына мән бермеу, ішкі дүниесіндегі сырларын түсінуге тырыспау сияқты жағдайлар бар. Адамның ішкі дүниесіне үңілуден гөрі, сыртқы бөтен елдің сөзіне еру, басқа адамдардың ойын тыңдау, өсекке еру деген сияқты мінездің басым екендігі аңғарылады.