Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз



бет12/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

Авторлық ұстаным– автордың идеялық нысанасы, көзқарасы, ұғым-түсініктері, наным-сенімдері, көркемдік принциптері, суреткерлік шеберлігі бәрі-бәрі кең, толық мағынасында, әрине, шығарманың өн-бойынан, бүкіл құрылыс-бітімінен, идеялық-көркемдік сипатынан танылады. Бұл-оның шығармашылық тұлғасы, жазушылық, суреткерлік сипат-өзгешілігі, ал оның өнер иесі ғана емес, өз тағдыры, өз мінез-құлқы бар жеке адам ретіндегі бейнесін алсақ, ол жекелеген жанрда (мысалы, өмірбаяндық, мемуарлық) болмаса, айқын көрініс таппайды. 
20. Қазақ прозасындағы миф, аңыз желісінде жазылған шығармадағы фольклор мен бүгінгі прозаның өзара ерекшеліктеріне талдау жүргізіңіз

Фольклорлық проза

Бүгінгі проза

Фольклорлық проза шығармаларын айтылу мақсатына (пайда болуына да) қарай үш топқа бөлуге болады. Бірінші топты танымдық (познавательный) мақсат көздейтін шығармалар құрайды. Мұндай шығармалар тыңдаушы жұртқа жаратылыстың, дүниенің адамды қоршаған нәрселердің және неше түрлі жан-жануарлардың пайда болуын, олардың мінез-құлқын түсіндіреді (мифтің барлық түрі, кейбір аңыздар). Екінші топқа мағлұматтық (информативный) мақсатпен айтылатын шығармалар жатады. Бұл шығармалар көбінесе екі-үш адамның сұхбаты, әңгімесі түрінде болып келеді. Мұнда көп жағдайда айтушы өз басында болған ғажайып оқиғаларды немесе естіген хикаясын әңгімелейді (хикая, меморат-әңгіме). Үшінші топтың шығармалары көркемдік-тәрбиелік (эстетическо-воспитательный) мақсатпен айтылады. Бұл шығармалардың көркемдігі жоғары, сюжеті дамыған болып келеді. Бұған классикалық ертегілердің барлық түрі кіреді.
Қазақ халық прозасын жанрлық классификациялауға байланысты фольклортанушы ғалым С.Қасқабасов мынадай шарттарын атап көрсетеді:
Жанрдың атқаратын қызметі. Бұл шарт бойынша, қазақ фольклорының прозалық жанрлары танымдық (позновательный), мағлұматтық (информативный), ғибраттық (воспитательный), тамашалық (развлекательный), эстетикалық болып бөлінеді.
Шындыққа қатысы. Бұл критерийге сәйкес қазақ халық прозасы тарихи негізі бар (деректі), тарихи негізі жоқ (дерексіз) деп жіктеледі.
Прозалық шығармалардың көркемдік сипаты. Аталмыш принцип бойынша қазақ халық прозасы қарапайым және көркем проза болып екіге бөлінеді.
Прозалық шығармаға айтушы мен тыңдаушының қатысы. Бұл шарт негізінде фольклорлық прозаны ел сенетін, сенбейтін деп саралауға болады.
Прозалық жанрлардың шығу мерзімі. Аталмыш шарт бойынша баяғыда пайда болып, қалыптасқан жанрлар бар және бұрын да, қазір де туатын жанрлар бар.
Міне, осының бәрі ескеріліп, фольклортану ғылымының фольклорлық жанрлар теориясын зерттеудегі табыстарына сүйене отырып, қазақ халық прозасын екі үлкен топқа бөлуге болады. Бірі - аңыздық проза, екіншісі -ертегілік проза. Бұлардың әрқайсысы ішкі жанрларға жіктеледі. Аңыздық проза миф, хикая (быличка), аңыз (предание), әпсана-хикаят (легенда) жанрларын қамтиды. Ертегілік прозаға жануарлар жайындағы, қиял-ғажайып, батырлық, новеллалық және сатиралық ертегілер жатады.

Қазіргі қазақ прозасында Т.Шапайдың «Үйдің иесі» атты туындысы − гротескілік әңгіме. Бұл әңгіме ә дегенде ұсақ-түйек оқиғаға құрылғандай көрінеді. Кейіпкер өзі туралы айтқанда, «орташа» деген ұғымға екпін түсіреді. Бұл ойдың астарында иллюзия бар. Т.Шапай прозасы − қазақ әдебиетіндегі саяси гротескінің ерекше үлгісі. Үйдің иесі – бұл қожайын емес, біздің қоғамның аллегориялық бейнесі. Қаламгер аталмыш шығармасында тұрмыстық, заттық, этнографиялық портреттік детальдар арқылы кейіпкердің рухани әлеміне тереңдей үңіліп, адам психологиясын ашады. «Детальдар арқылы кейіпкердің қоршаған ортасы, халық тұрмысы шыншылдықпен бейнеленуі және сол дәуірдің мәдени-тарихи, тұрмыстық ерекшеліктері айқындалары хақ». «Бұл пәтер бүгінде – сайтанның сауық үйі. Өзгелер бұл үйді Сайтан – клуб дейтін көрінеді». Сол сәт сөрелер қайғыдан «опырылып түсті». Бұл − күшті деталь. Қоғамның дерті күшті, ішінен іріп жатыр. Ал, бұл қоғамның рухани азғындап, іріп-шіруі қашан басталған?! «Сіз кітап оқуды қойғалы бері (яғни, не заманнан бері) осы үйді жын иектеді…» дейді үй иесіне қарсы сотта кітап шкафы. Жазушы заттарға адами кескін береді. Сылаңдаған сұлу қасық, күлімкөз рюмкалар – сайтанша арбайтын сұлудың өзі. «Алтын қасық аузыма кіріп шыққан сайын мадақ айтады, күміс қасық құлағыма жағымды тәтті өсектермен сыңғырлайды» – бұл ер-азаматтың асыл қалыбына көлеңке түсіретін, қазақ қоғамын өрмекшінің торындай торлап алған жағымпаздықтың персонификациясы, яғни тұлғалануы. Өзі тұтынған заттар үй иесін жан-жағынан қаумалап, қарғыс айтады. Сол сәт тәубесіне түскендей болған ол «қайран алтын күндерім» деп, көкірегі қарс айрылады. Бұл өкініштен Шәкерім қажының тура осылай зарлағаны, жастық шағын сағына, алаңсыз күндерін аңсап құса шеккені еске оралады. Абайда бұл өкініш − ұлттың, этностың ащы өкініші: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» − қазақтың көп игіліктен кенже қалуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет