Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


 Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы психологизм түрлері



бет10/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
18. Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы психологизм түрлері
Қазақ әдебиетінде Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мазмұны мен түрі жағынан ерекше шығарма. Ғалымдар тарапынан да психологизм тұрғысынан көп зерттеліп келеді. Әдебиеттанушы зерттеушілер де, әдебиет сыншылары да бұл роман жайлы оң пікір берген. Роман желісіндегі оқиға туралы да көптеген пайымдар айтылған. Көркем шығармадағы психологизмнің орны жайлы ойланғанда М.О. Әуезовтің «прозаға психология араласпаса, өзгенің бәрі сылдыр су» дегені әуелі еске оралады. 
Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романында негізгі үш кейіпкердің образын олардың сана ағымындағы ойлары мен іс-әрекеті бірлігінде сомдау арқылы қазақ прозасындағы психологизмнің озық үлгісін жасайды. Роман барысында символ, деталь көптеп кездеседі. Әрбір деталь өзінің орнында үлкен көркемдік мәнге ие.
«Аңыздың ақыры» романындағы басты символ – мұнара. Басты үш кейіпкерді байланыстырып тұрған да, шығарма желісін тұтастырып тұрған да осы символ. Мұнараның тілсіз кейпі Әмірші мен Кіші ханымға және Ұстаға әр қырынан қарағанда өзгеше сыр ұқтырады. Осы мұнараның салынуы мен салынып біткеннен кейінгі басты кейіпкерлерге түрлі ой салуы оқырманның өзіне ерекше ықылас танытуына себеп болады.
Деталь: «Мұнара күніне бір мінез шығарады. Бір күні жас майсадай үлбіреп, жас сәбидей мөлдіреп тұрса, ертеңіне-ақ жан-жағына ойнақы нұр таратып, жайнақтап шыға келеді.Бірде терезенің алдынан ет жүрегіңді елжіретіп, үн-түнсіз телміріп түрып алса, артынша- ақ төбесімен көк тіреп аспандап шыға келеді».Мұнара бірде «күледі», бірде «мұңаяды», бірде «сұстанады», бірде «алыстан ым қаққандай» болса, бірде «жалбарынады». Шығарманы мұқият оқып шықсаңыз, мұнараның мұндай «мінезінің» сан қырына куә боласыз. Шығармада мұнара романтикалық бояумен бейнеленген. Оның қасиетін суреттеуде әсірелеу де басым.
Романда Әмірші образын автор қатал, жеңімпаз билеуші ретінде сипаттауымен қатар пенделік ішкі сырларын психологиялық талдау арқылы ашады. Бұл туралы Ә. Кекілбаев романның жазылу себебінің бірі ретінде шығыс деспотизміне қарсылық екенін атап өтеді. Бір ғана тұлғаның қолына шоғырланып халық мүддесі ескеріле бермейтін жүйені сынайды. Сол жүйенің басындағы тұлғаның жан күйзелісін сипаттау арқылы оның ақырын баяндайды.
Қаһарманның ішкі әлемін суреттеу арқылы бір қоғамның ішкі құрылымын, ондағы теңсіздік пен әділетсіздік жайлы үлкен көлемді туынды жасау Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романында жүзеге асқанын көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет