Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Қазіргі қазақ әдебиетіндегі көркемдік ізденістерді атаңыз



бет17/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

25. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі көркемдік ізденістерді атаңыз
Қазіргі қазақ әдебиетінде әңгіме жанры дамып, кең етек орын алды. Ол өзінің тақырыптық идеялық тереңдігі, эстетикалық көркемдігі жағынан өзіне дейінгі әдеби кезең жемістерін жан-жақты игергендігін байқатты. Кешегі тоталитарлық кезеңді басынан өткеріп, бүгінгі демократиялық қоғамда өмір сүріп жатқан ел өміріне шағын жанрдың бір түрі әңгіме сыншылдық тұрғыдан келе бастады. Өйткені өтпелі кезеңнің бел қайыстыратын ауыртпалығы мен қоғамға жан-жақты қаумалап енген өзгерістері жаңалыққа тез бой алдыратын, ұшқыр жанр әңгіме назарын бірден өзіне аударған еді. Елдің қоғамдық саяси-әлеуметтік жағдайы адам өміріне, оның сана-сезіміне, дүниетанымына әсер ететіні белгілі құбылыс. Осы орайда, адам тағдырын өзіне арқау ететін көркем әдебиет оны жаңа қырынан тануға талпынды. Қаламгерлер бұрынғы қалыптасқан көркемдік тәжірибеден оза шығып өз мүмкіндіктерінің кеңдігін байқата бастады. Баспасөз беттерінде өздерінің алғашқы үнін танытып, өзіндік қолтаңбасын ала келген жас қаламгерлер көрініп жатты. Олар өздері өмір сүріп отырған қоғам тынысын зерттеп, зерделеп, адам мен қоғам, адам мен табиғат, адам мен тарих сияқты келелі мәселелерге, қоғам өміріндегі «қабылданған» немесе «қабылдатқызылған» бұлжымас заңдардың мәңгілік емес екенін танытуға, ашып көрсетуге ден қойды. Жас суреткерлер қаламынан туындаған әңгіме өзегінде шым-шымдап айтылған осындай өмір шындықтары көзі қарақты оқырман санасына жетіп қалып жатты. Сондықтан да, өзінің «мөлшері» жағынан дайын тұрған қалыпқа сыя бермейтін, идеялық нысанасы философиялық ауқымдылықты танытқан туындылар әдеби процесте өзінің сонысымен ерекшеленген еді. Көркемдік ойлау жүйесінің негізі болып табылатын реалистік және романтикалық әдістерде қалам тарта отырып, образ жасауда авторлық тұрғыны беруде өрнекті поэтика элементтерін қолданып жүрген қаламгерлеріміздің қатарына Роза Мұқанованы, Асқар Алтайды, Нұрғали Оразды, Қасым Аманжолды, Қуандық Түменбайды, Сейітқұл Оспановты, Қуаныш Жиенбайды, Талаптан Ахметжанды, Думан Рамазанды, Айгүл Кемелбаеваны, Дидар Амантайды жатқызар едік. Бұлар әдебиетке тыңнан қосылған күш. Әрине белгілі қоғамдық құрылыстың күні жетіп, құлдырап бара жатқанын, ел өмірінде өздері сезе отырып, оны халыққа шығарма өзегі арқылы жеткізбек болған қаламгерлер әртүрлі әлемдік әдебиеттегі көркемдік ізденістерді қолданғаны белгілі. Бұл туралы зерттеуші Ш.Ыбыраев былай деп пікір білдіреді: « Қазіргі кезде дүние жүзі көркем әдебиетінде өмірді бейнелеудің әдіс-тәсілдері, көркемдік машықтары, әдеби-тәжірибелер бой көрсетті.Олардың бірқатары қалыптасу үстінде. Модернизм, авангардизм, мифологизм, эксизтенциализм, сюрреализм сияқты ағымдар өркениетті елдер әдебиетінің тарихында өз ізін қалдырды. Енді осы әдіс-тәсілдерге үрке қарауды қою керек сияқты. Көркемдік ізденістері алуан түрлі егемен еліміздің ешкімге ұқсамайтын жаңа дәуірінің ұлттық әдебиетін жасау алдымызда тұрған зор міндет». Әрине әр жанр өзінің табиғатымен жаратылысына орай қоғам келбеті мен қазіргі өмір әр алуан дәреже деңгейде өрнектейтіні анық. Ойы терең, айтары мол бірақ көлемі шағын әңгіме жанры өз мүмкіндігін аталмыш кезеңде көрсете білді. Адам тіршілік етіп отырған қоғам өмірі кез келген көркемдік түрден және әдеби процестен әрқашан бай болып келеді. Уақыт, адамдар ұғымының, қоғамның саяси-әлеуметтік, ұждандық құрамына қарай өнердегі көркемдік әдістер де өзгеретіні аян.
Көркемдік әдіс - көркем образ арқылы сана-сезімді қалыптастырудың тәсілі және образдар жасаудың жолы. Бұл түсінікке көркемдік әдістің көптеген қасиеттері мен сипаттары жатады. Атап айтсақ, әдеби әдістің нақты болмысқа тәуелділігі, суреткердің өз жеке басының ролі, көркемдік әдістің эстетикалық көзқарастар мен дәуір мұраттарына тәуелділігі жоғарыдағы ұғымға жатады, ал осылар жинала келе көркемдік ойлаудың белгілі бір бағытын, дүниені бейнелі түрде көре білудің қасиеттерін дарытады.
Жалпы, көркемдік әдістер кездейсоқ пайда болмайды. Бұл белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар тоғысуында пайда болатын заңды құбылыс. Оның дүниеге келуі мен бірте-бірте дамуы үшін нақтылы әлеуметтік тарихи жағдайлар қажет. Сондай-ақ өмірді көркемдік тұрғыдан тану тәсілдері де, заман құбылысын көкірек-көзіңмен көре білу қабілеті де, — жазу өнерінде әркімнің өз ерекшелігі, табиғаты, талантының шама-шарқына қарай әр алуан екені түсінікті. Бүгінгі қаламгерлер қоғамның рухани бейнесін көрсету, ұлттың рухын көтеру идеясын өз әңгімелеріне өзек ете отырып, өз шешімін күтіп жатқан сұрақтардың бірі халық пен өнерді әлеуметтік қолдауды бірінші кезекке шығарды. Себебі, өтпелі кезеңнің әлеуметтік қиындығы ең бірінші халық пен оның өнеріне қатты тиген еді. Өзінің өнері арқылы ұлт басқа елге танылады .Сол өнердің ыстық-суығына күйіп жүрген өнер адамдарының тағдыры бүгінгі күні не болып жатыр деген сауал жазушылар қауымын ойлантқан. Осындай азаматтық, адамзаттық мәселелер бүгінгі қазақ әңгімелерінің тартысының синкретті сипат алуына негіз болды. Әлеуметтік, ішкі психологиялық тартыс бірінен-біріне ауыса отырып, кезең бейнесін характер болмысы арқылы танытуды көркемдікпен игере бастады. Қазіргі заман тынысын, ондағы құбылыстар мен өзгерістер адам бойына қандай сезімдік әсерлер дарытты, қандай қайшылықтар туды, оның таным-түйсігіне ойлау бағытына қалай әсер етті. Міне осы жағдайлар бүгінгі қазақ әңгімелерінің күрделі мәселелерінің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет