Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз



бет25/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Кәдірбек Сегізбай: «Жалпы, менің объектім, кейіпкерлерім – өзімнің кіндік кескен туған жерімнің, өзімнің Зайсанымның адамдары. Мен кез келген көркем шығарма жазып отырғанда бір тауды суреттейтін болсам, ең алдымен өзімнің Ақшоқымды, өзім өскен ауылдағы үлкен өмірге қанаттандырған кішкентай тауымды еске аламын. Егер мен мінезі алабөтендеу адамның образын жасағым келетін болса, ондайда сол өзімінің жарсулықтарымды, өзімнің кішкене тауда жүрген ойшылардың арасынан сол образдарды іздеп тауып, солардың бейнесін жасауға тырысамын.»


34. Б.Тілегеновтің «Қара жел» романындағы экологиялық апат көрінісіне мәтіннен мысал келтіріңіз.
1989 жылы төрт-ақ айдың ішінде жазылып, тоқсаныншы жылдары «Жұлдыз» журналында жария көрген осынау «Қара жел» романы жер әлемге жазылмастай дерт әкелген полигон зардабын баяндайды. Бұл – Кеңестік жүйе тұсында жазылып, басылған, экологиялық апат пен полигон зардабы хақындағы тұңғыш роман, алғашқы көркем шығарма, сүйекті дүние. Рас, сену қиын. «Бәрі де аяқ астынан болды. Бір-ақ күнде бүкіл аудан қопарылып, орнынан қозғалды», – деп басталатын алғашқы сөйлемінен-ақ Семей аймағында жарылған алғашқы атом сынағының ауыр салмағын бар жүйке-жүйеңізбен сезесіз. 1953 жылдың тамыз айында Кеңес Одағында алғаш рет сутегі бомбасы сыннан өтуі ғылымға айтарлықтай жаңалық әкеліп, саяси сахнада бәсін өсіргенімен, қарапайым халыққа, Дегелең тауының баурайындағы жандарға, жүгірген аң мен жыбырлаған жәндіктерге дейін айтулы апат әкелді. Айдын-күннің аманында, бейбіт аспан астында тірлік жалғаған қазақ баласына ғана төнген зауал сәті еді бұл. Әлденеден үріккендей үдере көшкен елдің кескіні автор тілінде: «Ғасырлар бойы орнынан қозғала қоюы қиын жайбасар ауыл бір-ақ күнде топалаң тигендей апыр-топыр болып, ойран-асыры шығып, дүр сілкінді. Алдымен аудан орталығы көшті. Аудандық мекемелердің біраз қызметкерлері облыс орталығына, қалғаны көрші аудандарға ат­танды. Басшылар қастарындағы Ақшатау ауданынан тиген Ақтерек жазығына қаптаған малмен, қалың жанмен көшетін болды», – деп әдіптеліпті.
«…Дегелеңнің төбесінде қара бұлт­тай үйіріліп, қалың шаң бұрқ ете қалды. Осы қара бұлт­тың арасынан найзағай оты жарқ еткендей қызыл жалын түйдектеп от шашты. Тапа-тал түсте ашық аспанның беті өрт­тей алаулап, жалындай лап ете түсті. Жай оты Дегелеңнің құз биігіне ұрып шағылғандай тау ішін күңірентіп, жаңғырықтырып жіберді. Найзағай оты да көбейіп, түйдек-түйдегімен жер астынан бұрқырап шығып жатыр. Жүздеген, мыңдаған жай оты бірден жарқ етіп, күн күркіреп, жер сілкініп, тау ортасынан қақ айырылғандай болды» – бұл үзінді жазушының атом бомбасының жарылысын сурет­тейтін сәт­тен алынып отыр. Қара толқындай толқыған қара құйынның арасында топырлап қалың топ араласып бірге келеді. Соңынан өкшелей қуған қара желмен қалың топ қоса жарысып, ұйқы-тұйқы боп, арпалысып бой бермейді. Жан дәрменге түсіп, қашып құтылғысы келеді. Құтылмаса, сол қара түнектің арасына көміліп, жоқ болатындай үрейі ұшады. Қара жел үйірген сол үрей соңдарынан қалатын емес».
Бұл – біз сөз етіп отырған «Қара жел» романының соңғы түйіні. Шығарма шешімі. Қара жел – қазақтың ғана емес, адамзат баласының басына төнген қара түнек дегенді қайталау емес, қайта сырына үңілу деп бағамдасаңыз болады. Дегелеңнен бастау алып, Арқа даласына жайылған, дауасын таба алмай дал ұратын дерт­тің ұшығы осы болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет