E –Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).
Шығарма тұғырлы келген тас үйде Моншақты толғақ қысып, құлын-сәбиді дүниеге алып келуімен басталады. Ұзақ жылдар бойы Аққазы мен Моншақ балалы болмайды. Моншақ 2 рет түсік тастап, 3-шісінде құлын-сәбиді дүниеге алып келеді. Әңгімедегі ерлі-зайыпты Аққазы мен Моншақ ел-жұрттан бөлек, адам аяғы жетпес, мал тұяғы тимес жерде күн кешіп, аң аулап, өз күндерін өздері көріп жүреді. Бұл шығармада көтерілген тағы да бір мәселе бұл табиғат пен адамдардың арасындағы қарым қатынас. Басарыс қонжықтарды көріп олармен дос болуы бұл жануарлар арасындағы достық катынастың бірден бір мысалы. Адам қатігездігін біз Керімқазы мен оның құрдастарының аншылыққа барған кезде байқай аламыз. Олар аюды өлтіре қоймай оның екі қонжығында атып тастады. Сол кезде Басарыс олардан кек алып, адамдарға жабылып жатқанда ағасының қолынан қаза табады. Яғни Кентаврдың өлуімен, трагедиямен аяқталады. Әңгімедегі басты кейіпкерлер: Аққазы, Моншақ, Арыстай (кейде Басарыс). Жанама кейіпкерлер: Керімғазы, Дулат, Василий. Географиялық атаулар көптеп кездеседі: Семей, Өскемен, Өкпетінің тауы, Астана, Алматы, Күршім, т.б.
A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).
Қорытындылай келе, қазіргі қазақ әңгімесіндегі Асқар Алтайдың «Кентавр» шығармасы антропоморфизм көрінісінде жазылған шығармалардың бірі. Әдебиеттанушы ғалым Бақытжан Майтановтың пікірінше «Кентавр» әңгімесіндегі мифопоэтикалық ойлау жүйесі қазіргі экосоциологиялық проблемаларды бейнелі, астарлы түрде ұштастырған идеологеманы құрайды. Сондықтан бұл әңгімені постмодернистік шығармалардың қатарына қосқан.
L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).
Атом сынағының кесірінен кәдімгі сәби емес, құлын-сәби дүниеге келеді. Бұл жерінен шығарма Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесіне ұқсас. Себебі, Ләйлә есімді қыз да Семей полигонының кесірінен мүгедек болып қалған. Сонымен қатар, әңгіме 2021 жылы жарық көрген «Көкжалдар» фильміне ұқсас.