26. Қазіргі қазақ лирикасындағы нарық тақырыбы, қоғамдағы әлеуметтік мәселеге дәйектеме келтіріңіз Нарық тақырыбына Бауыржан Өміржанұлы Жақыптың «Оразаға тілек» атты өлеңін мысал ретінде алдым.
Тақырыбы: Күнкөріс
Идеясы: Халық арасындағы жоқшылық,мүсәпірлік халін көрсету.
Мысалы: Алматының көшесіне
Қайдан келдің жоқшылық.
Базар барсаң қол жаяды
Бала емізген бір ана,
Шыға берсең жәутеңдейді
Көзін ашқан көк шыбық.
Мешіт барсаң, Алла үйінің
Алдында отыр пақырлар,
Авторлық ұстаным:Халық арасында ұрлық-қарлықты доғару
Мысалы: Еріксізден тамағы үшін
Жасайды енді күнде ұрлық.
Оларға да берген Алла
Ар мен ождан, ой-сана.
Өлеңдегі көңіл-күй: Өкініш
Жанр:Поэзия
Қоғамдағы әлеуметтік мәселеге Темірхан Медетбектің «Базарға барғым келмейді» атты өлеңін жатқызамыз.
Шолпан, қинама!
–Сен, сенбе,Сен мейлі.,
Менің базарға
Барғым келмейді.
Базардан не көрем!
–Қазақты көрем,
Қазақты көріп, азапты көрем;
Дорба сүйреткендер де Қазағым.
Арба сүйреткендер де Қазағым.
Құлап жатқандар да Қазағым.
Жылап жатқандар да Қазағым.
Сұрап жатқандар да Қазағым...
Қазағым, Қазағым, Қазағым,
–Азабым!
Шолпан, қинама!
–Сен, сенбе,
Сен мейлі.,
Менің базарға
Барғым келмейді.
Қазақтың азабын,
Көргім келмейді.
Тақырыбы: Дерт
Идеясы: Қазақ халқының қазіргі күндегі өмірі. Өмірде болып жатқан қиыншылықтар пен заман көрініс. Қазақстанның экономикалық хал ахуалы.
Авторлық ұстаным: Қазіргі күнге ашына қарау. Бауырларының басындағы қиыншылықтарына жүрегі ауыра, жани аши сөз қозғау.
Өлеңдегі көңіл-күйі: ашыну
27. А.Алтайдың «Кентавр» әңгімесіне DEAL тапсырмасын жасаңыз D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).
Асқар Алтайдың «Кентавр» әңгімесі адам жанды, хайуан тәнді құнан-жігіт жайында. Басарыстың осындай болып туылу себебі - бұл Семей полигонындағы өткізілген сынақтар болып табылады. Бұл сынақтардан зардап шеккен адамдар өте көп және әлі күнге дейін олардың саны ген арқылы берілу кесірінен артуда. Автор осы шығарманы жаза отыра, ең алдымен Семей полигонындағы сынақтардың зардабын Кентавр бейнесінде көрсеткізі келді.