Қазіргі еліміздегі инновациялық экономиканың дамуы, оның қадамы туралы айтсаңыз?



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата15.03.2017
өлшемі6,78 Mb.
#9763
1   2   3   4   5   6   7   8

 

: Олар немен айналысып 

жатыр?


 

Түрлі 

жоба бар. Соның 

бірі – кәдесый 

ойыншықтарын 

жасау. Кез 

келген мерекеге 

арзан бағамен 

сатып алуға 

болады. Қазір 

2 млн теңгенің 

тапсырысын 

алып, жұмыс 

істеп жатыр. 

Екінші 


жоба 3D бойынша түрлі бағдарлама 

жасау. Оларға қолдау к рсету үшін 

қажетті құрал жабдықты алып бердік. 

Жасаған жұмысының жемісін к ріп 

отырғандықтан, қызығушылық танытып 

отыр. Негізгі мақсат – студенттерге 

қолдау к рсету. Олардың бизнесінің 

тұсауын кесіп беріп, әрі қарай алып 

кетуіне жағдай жасау. Бағыт-бағдар 

беру. Оқу процесін де осыған бейімдеп 

жатырмыз. Ертеңгі күні студент не 

істеймін деп ойланып отырмауы керек. 

зі жасаған жобасының жемісін к ру 

керек. Түрлі мекемеге түйіндемесін 

таратып, жұмыс іздемеуі үшін  зінің 

алдына қойған нақты мақсаты болғаны 

абзал. Биыл байқаудан  тпей қалған 

студенттерге 

келер жылға 

жетілдіріп 

келуге кеңес 

береміз. 

Алматы 

елімізде 



инновациялық 

жобалар 


бойынша алда 

келеді. Жастар 

к п. Ғылыми 

институттың басым б лігі осында 

шоғырланған. Тек университет қасынан 

емес, қала жастарының мүмкіндігін 

жүзеге асыратын инновациялық орталық 

құрсақ деген ниет те бар. Мұнайдан  зге 

саланы дамытсақ. Қарап отырсақ, тіпті 

мұнайсыз да кейбір елдер дамып отыр. 

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 

Оңтүстік Кореядан неге Бразилия артта. 

Себебін анықтап к рсек, кадр дайындау 

мәселесінде екен. Бразилия Оңтүстік 

Кореядан он есе PhD докторын аз 

дайындайды екен. Қазір таңда бакалавр, 

магистр, PhD деп б лінеді. Ал біздің елде 

90% бакалавр дайындайды екенбіз. Ал 

инновацияға келетін болсақ, бакалаврдың 

білімі жетпейді. Ал Оңтүстік Корея 

59 мың PhD дайындайды екен. Бізде 

еліміз бойынша шамамен 500 адам.  з 

экономикамызды дамыту үшін отандық 

німді дамыту керек. Ол қазір қолға 

алынды. Сырттан әкеліп жатқан кейбір 

німдерді  зіміз  ндіруге шамамыз жетеді. 

Себебі шикізат,  німге сұраныс бар. 

 

Жалпы, елімізде сан түрлі 

инновациялық жобаларды қолға алып 

жүрген жастардың қадамына берер 

бағаңыз қандай? 



 

Қазіргі балалар 

есептеу жағына мықты деп айта аламын. 

Олар интернет арқылы жан-жақты талдау 

жасап отыр. Ал осы жобаларды  з елімізде 

дамытуға әрекеттенуіміз керек. Мысалы, 

жақында жастарымыз шағын акционерлік 

қоғам ұйымдастырып, жобаларын сатты. 

Айталық, олардың жобасы 5 мың еуро, 

ал ірі кәсіпорын оны 50 мың еуроға 

сатып алды. Сондықтан жақсы жобалар 

сатылуы керек. Ол үшін арнайы бір жүйе 

болу тиіс. Елімізде ақшасы бар адамның 

идеясы жоқ, ал идеясы бар адамның 

ақшасы жоқ. Осы екеуінің басын қосу 

керек. Осы инновациялық жоба аясында 

ұйымдастырылатын конференцияларда 

инвесторлар мен жоба авторларының 

басын біріктірсек. Ортақ пікір алмасуына 

септігін тигізсек. Мысалы, біз Қытайдан 

үйренуіміз керек. Олар бір жерге барса, 

барлығы топырлап жүреді. Біреуі жазып, 

біреуі суретке түсіріп, біреуі ақпарат 

жинап дүниежүзін шарлап жүреді. 

Неге бізге осылардан үйренбеске. Бізде 

жұмыс қолы бар. Соны біріктіретін ой 

болмай тұр. Біріктіретін жоба болмай 

тұр. Сол үшін насихат керек. Сондықтан 

мектептен бастап нақты бағыт берілуі 

тиіс. Баланың болашақта кім болатыны 

мектептен қалануы керек. 



¾

 

Þ  Ө

Рахман АЛШАНОВ:



Инновацияны 

Инновацияны 

жасайтын жастар

жасайтын жастар

меже биік

меже биік

Ақтөбеде ұлттық валюта және қаржы саласының қызметкерлері 

күніне орай салтанатты шара өтті. Оған облыстың қаржы басқармасы 

саласындағы ардагерлер, басқарма басшылары, аудандық қаржы 

бөлімдері, мемлекеттік, банк мекемелері мен кәсіподақ ұйымының 

мүшелері, екінші деңгейлі банктердің, сақтандыру компанияларының, 

қаржы даму институттарының өкілдері қатысты. Өңір басшысы 

Бердібек Сапарбаев қаржы жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекесімен 

құттықтады.

Ол «Тәуелсіз мемлекеттің бар болуы 

және дамуы заманауи экономиканың 

ажырамас б лігі, біздің еліміздің 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығының басты 

атрибуттарының бірі – ұлттық валютасыз 

мүмкін емес. 1993 жылдың 15 қарашасы 

жас мемлекеттің дамуындағы кезекті 

саты символданған күн, Қазақстан 

Республикасының ұлттық валютасы – 

теңгенің енгізілген күні болып белгіленді. 

Сонымен бірге 15 қараша тағы 

бір елеулі күн болып – Президент 

Н.Назарбаевтың Жарлығымен 

Қазақстан Республикасының қаржы 

жүйесі қызметкерлері үшін кәсіби 

мереке белгіленді», – деді.

Бердібек Сапарбаев мерейтой – 

ткенге к з салу,  ткен жолды бағалау, 

болашаққа міндеттер қою екендігін 

атап  тті. Бұл жылдарды қаржыгерлер 

барлық қиындықтар, барлық 

сынақтар арқылы елмен 

бірге, бүкіл халықпен бірге 

абыройлы  ткізді.  рқашан, 

барлық сатыларда мемлекеттің 

қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз 

етті.


Қаржы саласының қызметкерлері күн 

сайын қиын міндеттерді шешеді. Олар 

қаржы нарығының, бюджеттік процестің

салықтық және банктік заңдылықты 

егжей-тегжейлі 

қарайды. Бүгін 

27 ең үздік 

қызметкерлер 

облыс әкімінің 

алғыс хаттарымен, 

Ақт бе 

облысының 



мемлекеттік, банк 

мекемелері мен 

Қазақстанның 

қоғамдық 

қызмет к рсету 

қызметкерлерінің 

облыстық 

кәсіподақ 

ұйымының құрмет 

грамоталарымен 

марапатталды.

 

,

ө¾

Қаржыгерлерге құрмет

Қаржыгерлерге құрмет

Астық 

Астық 

экспорты:

экспорты:


5

№47 (619) 18 қараша 2016 жыл



www.jasqazaq.kz

Дарын – адам баласының 

бойына екі түрлі жолмен келеді. 

Жүре келе пайда болатын 

дарындарды, естіп, көріп жатамыз. 

Алайда дүниеге келгеннен бойында 

ерекше қасиет пайда болып, 

болмысы мен бітімі ерек болған 

жандар да аз емес. Ақындық 

қасиетті осының екінші түріне 

жатқызып жатамыз. Себебі ақын 

болу кез келгенге бұйыра бермейді. 

Бұйыра қалса да, өмір мен оның 

соқпағын басынан өткеріп, сол 

арқылы шыңдалып жатады. Алайда 

табиғаттан қонған дарын қашан да 

таза әрі тұнық болары сөзсіз.

Қазақтың дарынды ұлы Жамбыл 

Дүйсенов 2003 жылы Алматы 

қаласында дүниеге келген. Алты 

жасында Б.Момышұлы атындағы 

131 мектеп-лицейіне оқуға барып 

1 жылда 1-ші және 2-ші сыныпты 

бірден аяқтады. Ал 3-сынып оқып 

жүрген кезінде, ел Тәуелсіздігінің 20 

жылдық мерейтойына және Жамбыл 

Жабаевтың туған күніне арнап, 

Жамбыл атындағы мемлекеттік 

филармонияда  зінің жеке 

шығармашылық кешін  ткізді. Астана 

қаласының тұрғындарына арналған 

жыр кеші де елдің есінде. Осылайша, 

ол Қазақстанның «Гиннес» рекордтар 

кітабына Қазақстан бойынша ең жас 

ақын болып енді. Жас ақынның еліне 

деген, Отанына деген махаббатынан 

туған жырлары барша қазақ халқын 

тебірентті. Бала жүректен шыққан 

с здердің жалынды әрі жанды келуі 

біраз ақындарды таң қалдырды. Жас 

Жамбыл  зін баламын деп есептемеді. 

Осының арқасында ол  Ж.Жабаев, 

Б.Момышұлы, М.Мақатаев, 

Д.А.Қонаев, Ботпай батыр сынды  

т с белгілерін  иеленді. Жоғарыда 

атап кеткен тума дарын иесі міне, 

осы еді. Жамбыл жырларында  те 

ауқымды дүниелерді қозғап, маңызды 

мәселелерді к теріп, еліне деген 

ыстық сезімін жаудырып отырады. 

Жамбылдың 2010 жылы 

«Тәуелсіздігім-тәңірден келген тәтті 

сый» атты аудиожазба кітабы 2000 

данамен жарыққа шықты. Ал 2012 

жылы «Періште тілек» атты алғашқы 

жыр жинағы оқырманға жол тартты. 

Осылайша  з оқырмандарына 

жырынан шашу шашып, к пшілік 

қауымның ыстық 

ықыласына б леніп, 

үлкен ақын ата-

апаларының батасын да 

алып үлгерді. Ақындық 

дейтін әлемге бала 

жүрегімен, батыл 

жырымен  осылайша 

қадам басып кетті. 

Республикалық 

байқаулардың бас 

жүлдегері жас ақын 

Жамбыл Дүйсенов 

қазақ елін тағы бір 

қуантпақ. 2016 жылдың 

30 қарашасында Алматы 

шаһарының 1000 

жылдығына арналған 

«Алматым-бақ мекенім» 

атты шығармашылық 

кешін «Студенттер» сарайында 

ткізбекші. Сонымен қатар Астана 

қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына арнап «Егемен елім – 

ерке елім» атты шығармашылық 

кешін  ткізуді жоспарлап отыр. 

Алматы қаласында  тетін кешке жас 

ақынды қолдап, Бибігүл Т легенова, 

Ескендір Хасанғалиев, Мақпал 

Жүнісова, Сұлушаш Нұрмағанбетова, 

Майра Ильясова, Рамазан Стамғазиев, 

Қараг з Тілеубекова, Ибрагим 

Ескендір, Бейбіт Мұсаев, Еркебұлан 

Елшатқызы, Іңкар Нұрмағанбетова 

сынды қазақ  нерінің саңлақтары 

қатысады. Елім деп соққан адал 

жүректі ұлдың, отты жырларынан 

сіздер де сусындап қайтыңыздар. 



  ¾

«Қазақтың 

«Қазақтың 

Жамбылымын...»

Жамбылымын...»

ww

www

.

j

a

w

.

j

asqazaq

.

k

z

sqazaq

.

k

z

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай 

да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің 

маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейін 

өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіпке бару маңызды 

шаруа. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, 

бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Өз кәсібін жаңылмай таңдап, 

болашақта оның дамуына үлес қосып жүрген IT маман Арман Сүлейменовтің 

жастарға арналған бастамасын ерекше атап өтпекпіз. Арманның ІТ салаға 

құштарлығы оқушы кезінде оянған. Дәл осы жаста алғаш рет интернет 

қолданып, Энди Шафранның WEP парақшаларды жасау туралы кітабын 

оқиды. Нәтижесінде алғашқы сайтын жасайды. «Білімге бірге барамыз!» атты 

алғашқы ресурсында мектептегі пәндерге қатысты деректер, ғалымдардың 

шығармалары мен өмірбаяны жинақталады. Кейін ҰБТ-ға дайындық сайты 

мен Брюс Ли, сайт жасау туралы энциклопедия жасап шығады. Бұларды ай 

сайын 300 мың оқырман пайдалана бастаған тұста Арманның ІТ-ға деген 

қызығушылығы түбегейлі оянады.

А.Сүлейменов «Мен 15 жасымнан 

бағдарламалаумен айналысамын. Қазір 28 

жастамын. Яғни 13 жыл тәжірибем бар. 15 

жасымда мен  зіме сайт жасадым. Бір айдағы 

қолданушылар саны 300 мыңға жетті. Сонда 

бұл саланың маңызды екенін түсіндім. Сіз 15 

жасар баласыз. Ешкім танымайды. Бірақ сіздің 

німіңіз қаншама адамға әсер етеді, жүрегіне 

тиеді, мәселесін шешеді. Осыдан артық не 

керек?» – дейді. 

Бұл қызығушылық Арманды осы сала 

маманы болуға жетелейді. 2005 жылы орта 

мектепті бітірген соң, Астанадағы Мәскеу 

мемлекеттік университетіне түсуге талпынады. 

Алайда  мір арнасы оны басқа жаққа бұрған 

еді. ҰБТ тапсырған соң қажетті құжатты 

жинап, барлық емтиханнан  ткен ол Мәскеу 

мемлекеттік университетіндегі екі айлық 

дәрістен соң Америкаға оқуға аттанады. 

АҚШ-та бағдарламалауды барынша меңгеру 

үшін спорттық бағдарламалаумен айналысады. 

Бұл жердегі ерекшелік – бағдарламашылар 

командасы бес сағатта ұялы қосымша жасап 

шығуы тиіс. Кім жылдам, идеясы үздік, сол 

жеңімпаз болады. Арман Сүлейменовтің 

командасы тұрақты түрде үздіктер қатарынан 

табылады. Арманы асқақ жас бұл іске ден 

қойып, университет командасының мүшесі 

ретінде 2009 жылы Швециядағы, 2011 жылы 

АҚШ-та  ткен әлем чемпионаттарының 

финалистерінің бірі болады. Алдымен 

бакалавр, кейін магистрлік білім алғаннан соң 

Кремний алқабында 1 жыл жұмыс істейді. 2013 

жылы кіндік қаны тамған жері, киелі мекені 

Қазақстанға оралады.

Елімізде жастардан жаңа толқынды 

бағдарламашылар қалыптастыруды мақсат 

тұтқан Арман бұған дейін Назарбаев 

университетінде «Стартап  нері: идеядан іске 

қосуға дейінгі 4 апта» курсын, Халықаралық 

ІТ университетте Кремний алқабындағы 

компанияларда тәжірибеден  туге студенттерді 

дайындайтын «Бағдарламашы жолы» мектебі 

жобасын жүзеге асырған. 2015 жылы жазғы 

мультимедиалық инкубаторды іске қосты. IT 

саласына қызыққан жалынды жастар Арманның 

мультимедиялық инкубаторына қатысып 

шеберлігін шыңдады. Инкубаторда жасалып 

жатқан жобаның бірі – тілінде кемістігі бар 

жандарға арналған пернетақта. Оның авторы – 

Назерке Калидолда. Дарынды жас арманымды 

жүзеге асыруға осы жазғы мультимедиялық 

инкубатор мүмкіндік берді дейді. 

Н. Калидолда «Арман Сүлейменов 

ұйымдастырған жобаға  тініш бергенде-ақ біз  з 

идеяларымызды ұсынған болатынбыз. Сонымен 

қатар бізде осы ойларымызды талқылаулар  теді. 

Онда ұстаздарымыз идеяларымызды дамыту үшін 

кеңестерімен б ліседі.  йткені біздің жасаған 

қосымшаларымыз к пшілікке пайдалы болуы 

тиіс. Мәселен, менің жобам – мылқауларға 

арналған құрал жасауға байланысты. Мүмкіндігі 

шектеулі жандарға қол ұшымды созғым келеді. 

Күн сайын дизайн, маркетинг, бағдарламалау, 

мобильді қосымшалар бойынша лекциялар  теді. 

Және олардың тақырыптары да ауысып тұрады. 

Соған сәйкес үй жұмысы беріледі. Осындай 

тапсырмаларды үздік орындау арқылы сен 

зіңе және ұстаздарыңа не үйренгеніңді к рсете 

аласың. Сондықтан біздің әр күніміз  німді» 

дейді. 


Арманның іздеп жүріп тапқан 

таланттарының қатарында мектеп оқушылары 

да бар. Олардың бірі – Ербол Қаршыға 

10-сыныпта оқиды. Жастығына қарамастан, осы 

үздіктердің үздігі іріктелетін жобаға қатысуға 

тініш білдірген. Бұл ретте, ол Арманның 

бастамашы болып отырған жазғы мектеп  зі 

сынды к птеген жастың білімін шыңдайтынына 

сенімді екенін айтады. «Мен осы инкубатор 

туралы сәуір айында білдім. Арман мектебімізге 

лекциямен бізге келген болатын. Дәрісте 

басты мақсаты, не істейтініміз туралы айтып, 

мотивациялқ с здер айтқан. Сол арқылы 

мені қызықтырған болатын. Менің білімім 

кітаптар бойынша, интернеттегі дерекк здері 

бойынша қалыптасқан. Ал осы инкубаторда 

мен к птеген практикалық сабақтар ала алдым. 

Менің осы инкубатордағы басты жобам – 

менталды арифметикаға байланысты. Мен 

қаладағы к птеген менталды арифметика 

бойынша мектептерді к ріп, осы білімімді басқа 

адамдарға Америка Құрама Штаттарындағы, 

Жапониядағы адамдарға беру туралы ойыма 

келді» – дейді жазғы инкубаторға қатысушы 

Ербол Қаршыға. Былтырғы жылы жазғы 

инкубатор түлектері жасаған жобалар бірден 

ел назарына ілікті. Солардың бірі – Назарбаев 

университетінің бірінші курс студенті Динара 

Пердебаева жасаған «Келін» қосымшасының 

182 мың қолданушысы бар. Қыз-келіншектерге 

арналған форумда сән, отбасын құру, жүктілік, 

бала тәрбиесі сияқты 30 тақырып бар. Тағы 

бір танымал қосымша – Кинза деп аталады. 

Оның мақсаты – тоңазытқыштың ішіндегі бар 

нәрселермен тамақ жасау. Сондай-ақ былтырғы 

жобалардан жапон тілінің иероглифтерін 

үйрететін ойын сұранысқа ие болған. Осы 

орайда кейіпкеріміз биыл да осындай әлемде 

сұранысқа ие болатын жобалар жасап, бұл 

межені к теруді мақсат тұтып 

отырғандарын айтты. 

Биыл жобаға қатысуға 700-

ден астам  тініш келіп түскен. 

Олардың барлығымен танысып, 

үздік деп тапқандарымен Арман 

зінің әріптестерімен бірлесіп 

онлайн сұхбат  ткізіп, 190-ын 

іріктеп алған. Ал бүгінде жазғы 

мультимедиялық инкубатор 

аясында 100-і білім алып, 

здерінің жобалары бойынша 

жұмыс істеуде. 

Жобаға үміткерлерді 

таңдау қатаң сынақпен жүзеге 

асқан. Мысалы, үміткер 120 

сұрақтан тұратын анкетаны 

толтыруы керек. Идеясының, 

командаластарының болуы 

да басты талаптардың бірі. 

Сондықтан болар жобаға әлемдік 

олимпиадалардан орын алған, 

үздік оқу ордаларында білім 

алатын жастар қатысуда екен. 

Бір айта кетерлігі

мультимедиялық инкубатор бұл 

Арманның бастамашы болуымен 

жүзеге асырылып келе жатқан 

әлеуметтік жоба. Сынақтардан 

сүрінбей  ткен үміткерлер 

еш ақысыз, компьютерлік бағдарламалау 

саласының үздіктерінен сабақ алып, білімдерін 

шыңдауларына барлық жағдайлар жасалған.

Арманның әріптес досы Мараттың 

айтуынша, кейіпкеріміз елімізде мың ІТ 

маманын дайындауды мақсат тұтады. 

Сондықтан инкубатор мүмкіндігінше басты 

мақсатына қарай жылжи береді. 

Алдына келген әр жасқа шәкірт деп 

қарап, барлық білгенімен б лісетін дарынды 

жан – Арман еліне игілігі мол істер жасаудан 

жалықпайтынын түсіндік. Оның бұл қасиетін 

жанында жүрген әріптестері де ерекше бағалайды. 

Арманның  зі бұл ісіне шығармашылық деп 

қарайды. Бағдарламалаудың қызығы –  нім 

жасап басқа адамдарға қолдануға мүмкіндік 

беруге болады. Оның ары қарайғы дамуын 

к ру шығармашылық ләззат сыйлайды дейді. 

Мұндай махаббат болған жерде Қазақстанның 

ІТ саласының жетістіктері алда екені с зсіз. 

Þ  

j

a

j

asqa aq

k

sqa aq

k

ЖАҢА 

ЖАҢА 

ҚАЗАҚ

ҚАЗАҚ

Баланың тәрбиесі есігін ашқан 

күннен басталады. Тәрбие үшін 

әр минут, әр сағат қымбат. 

Бұрын ата-аналар мектепке 

дейін баланың дамуына аса 

мән бермейтін. Бүгінде арнайы 

орталықтарға әкеліп, әртүрлі 

сала бойынша білім алуына 

қызығушылық танытатындар 

қатары көбейіп келеді. Осыны 

ескерген алматылық Алтынай 

Бижігітова арнайы орталық 

ашты. Оған қазір тілі енді шыққан 

бүлдіршіндерді де әкелуде. Кей 

балақайлар білікті ұстаздардың 

бірнеше дәрісінен кейін ата-ана 

деген сөзден бастап, сөйлем 

құрайтын деңгейге жетеді. Кейін 

тіпті жазу-сызу мен оқуды да 

меңгеріп, шығармашылық пен 

спорттық үйірмелерге 

қатыса бастайды.

Баланың  міріндегі 

ең маңызды нәрсенің бірі 

– отбасындағы тәрбие. 

А. Бижігітова «К пшілік 

бізден «Балаларды дамыту 

академиясына қанша жастан 

баруға болады?», – деп 

сұрайды. «Егер балаңыз 1 

жасқа толған болса, демек, біздің 

орталықтағы баланы ерте дамыту 

сабақтарына қатыса аласыздар» – деп 

жауап беремін. Бұл дәрістер қазақ және 

орыс тілінде  теді. 2010 жылы құрылған 

балаларды дамыту академиясы бүгінде 

Алматы, Астана қалаларында қызмет 

етуде. Мұнда балалардың ой- рісін 

дамыту үшін барлық жағдай жасалған. 

Бұл жерде бүлдіршіндерге қазақ, орыс, 

ағылшын, неміс тілдерін үйретіп, сурет 

салу, би  нері, шахмат, айкидо, каратэге 

баулиды. Алтынайдың айтуынша, 

ең басты инвестиция ол білімге 

және баланың болашағына жасалған 

салым. 2010 жылы ол  зінің алғашқы 

орталығын ашуды шешеді. Алтынайдың 

орталықты ашқандағы негізгі мақсаты 

– әр ұлттың балақайына қазақ тілін 

үйрету. Ол үшін қазақ тілі пәнінің 

ұстазы Нұргүл Т лешқызымен кеңесе 

отырып, ауыз әдебиетінің негізінде 

интерактивтік әдістемелік құралдар 

арқылы дәріс ұйымдастыруды жолға 

қойған. Бұл ретте тәжірибелі ұстаз « р 

ұлт  кіліне сабақ беру оңай жұмыс емес, 

бірақ әр істің  з рахаты бар». Нұргүл 

Б кенова «Біз бір аптаның ішінде 

ұлтына қарамастан, тілі күрмеліп, кейбір 

қазақ әрібін айта алмайтын балаларға 

тоғыз дыбысты қойып береміз. Ң-ды, 

қ-ны, ғ-ны айтқызып, дауыстылардың 

жіктелуін к рсетіп, одан кейін екінші-

үшінші сабақтарда сол 

балалардың кәдімгідей 

сенің даусыңның 

ырғағына қарай, дәл 

сен сияқты с йлеп 

тұрғанын естіген кезде 

қуана-қуана келесі 

кезеңге дайындала 

бастайсың. Күнделікті 

сабағыңа дайындалып, 

ертесінде одан 

жақсы нәтиже 

к ргенге не жетсін», 

– дейді. Қазіргі 

кезде Н.Т лешқызы 

балалардың бойында 

жастайынан кітап оқу мәдениеті 

қалыптасу үшін арнайы дәріс жүргізеді. 

Мәселен, жылдам оқу, к ркем әдебиет 

сабақтары. Оған шәкірттердің де 

қызығушылығы жоғары. Алтынай 

ашқан орталық байқаған адамға еңбек 

пен жеңістің ордасындай к рінеді. 

Күн сайын мұнда білу мен үйрену 

үшін еңбектеніп, талаптанып жүрген 

бүлдіршіндерді к руге 

болады. 

«Еңбектің  нбегі бар» 

деген халқымыз. Кез келген 

игі істің жемісті болуы 

т ккен тер мен жасалған 

еңбектің нәтижесіне 

байланысты. Ал Алтынай 

негізін қалаған академия 

жұмысының  німді, 

берекелі болуы мұндағы 

ұстаздардың арқасы. Мұны 

кейіпкеріміз де жасырмады. 

Себебі «шәкіртсіз ұстаз 

– тұл» деген Алтынай 

олардың басты мақсаты – ел келешегін 

жарқын етер білімді де, дарынды 

ұрпақ тәрбиелеу. Ол «Балалар мен 

ата-аналарды қызықтыратын басты 

нәрсе ұстаздың тұлғалық қасиеттері. 

Осы қасиет арқылы ғана олар 

шәкірттерінің білімге құштарлығын 

арттыра алады. Яғни мұғалімнің 

зінің сабағына деген қызығушылығы 

алдында отырған балаға да беріледі. 

Біз балақайларымызды с збен емес

жеке ісімізбен тәрбиелейміз. Бұл ұстаз 

балаға үлгі болуы тиіс деген с з» – дейді. 

Алматы қаласының тұрғыны Ғалия 

Нүсіпбекова орталыққа 4 жасар баласын 

орналастырған. Ол «Бастапқыда 

бейнелеу  нері сабақтарына бардық. 

Ұлыма қатты ұнады. Тіпті апа-

аталарына да оның салған туындылары 

ұнайтын. Шынымды айтсам, мен 

қазір балам 4 жаста болғанда салған 

суреттерін сала алмаймын. Бірде ол 

менің портретімді бейнелеген. Ол 

туындысы маған қатты ұқсады», – дейді. 

Алтынайдың айтуынша, к птеген 

ата-аналар балалар мектепке барған 

соң, қай салаға бейім екені байқалса 

ғана, сол саланы меңгеруіне 

күш салады. Ал мектепке 

дейінгі тәрбиемен  здері 

айналысқанды ж н к реді. 

Бірақ бұл дұрыс емес, – 

дейді кейіпкеріміз маман 

ретінде. Сондай-ақ ол жеті 

жасқа дейін тек оқу мен 

жазуды үйретіп қоймай, 

шығармашылық тұрғыдан 

ойлауды, эмоционалдық 

тұрғыдан даму 

мүмкіншіліктерін беру керек деп отыр.

« ке к рген оқ жонар, ана к рген 

тон пішер». Ата-ананың айтқанын 

екі етпей, с зіне құлақ асып, сілтеген 

жолына түскен Алтынай бала күннен-

ақ білімге құмар болады. Астанадағы 

химия-биология лицейін үздік бітірген 

соң Еуразия Ұлттық университетінің 

экономика мамандығына оқуға түседі. 

«Білім инемен құдық қазғандай» 

деген қазақы тәмсіл бар. Алтынай 

университетті бітірген соң, ары қарай 

білімін жалғастырмақ болады. Бұл жолы 

АҚШ-тың Денвер қаласында іскерлік 

әкімшілік басқару саласы бойынша 

білім алады. Осы орайда кейіпкеріміз, 

кезінде Америкада алған білімі, 

бүгінде бизнесте үлкен к мегін тигізіп 

жатқанын айтады. 

Алтынай Бижігітова «Қазір 5 жылдан 

бері кәсіпкерлікпен айналыса келе, 

10 жыл бұрын оқу орнында маған не 

үйреткенін түсіне бастадым.  йткені 

іскерлік басқару мамандығында топ-

менеджерлерді, кәсіпкерлерді оқытады. 

Яғни сен аз аздан болса да барлығын 

білуге тиіссің. Мен сол уақытта ай-ти, 

маркетинг, менеджмент, жоспарлы 

менеджмент сынды сабақтарды оқыған 

едім». 

АҚШ-та білім алғаннан кейін 



Алтынай елге оралып, тұрмысқа 

шығады. Қызметтік жолын 

инвестициялар ж ніндегі агенттіктен 

бастайды. Инвестиция тарту кез келген 

мемлекет, бизнес үшін маңызды. 

Алтынай агенттікте қызмет істей 

жүріп, тұрмысқа шығып, Жақсыбай 

әулетінің келіні атанады. Алтынай 

жолдасы Шыңғыс екеуі бүгінде қос 

қарлығаштай екі қыз  сіріп отыр. 

Балаларды дамыту академиясының 

мірге келуіне түрткі болған осы 

қос перзенттері. Олардың тәрбиесі, 

білімді қылуға құштарлығы 

Алтынайды үлкен бастамасына 

себепші болды. Отбасындағы қос 

бүлдіршіннің тәрбиесімен қатар 

орталықтағы жүздеген бүлдіршіннің 

тәлімімен айналысып келе жатқалы 

биыл 6 жылға жуықтаған. Бұл 

кезеңде баланың ақыл-ойын 

дамытудың барлық сатысынан  ткен 

Алтынай осы салаға байланысты 

том-том кітап жазуға болатындығын 

айтады. Сурет салу, музыканы 

меңгеру біреулер үшін тума талант, 

шығармашылық болса, Алтынай үшін 

бұл үйренуге болатын, балаға сіңіруге 

тиіс нәрселер. Себебі кейіпкеріміздің 

зі қолына қылқаламды шамамен 

оншақты жыл бұрын ғана алған екен. 

Қазіргі кезде бос уақыты бола қалса, 

қылқаламын алады. « нер – таусылмас 

азық, жұтамас байлық». Алтынай үшін 

музыка  нерінің де орны б лек. Ол 

тәрбие құралы, әлемді танудың бір 

жолы, оның әсемдігіне бойылаудың 

ерекше тәсілі. Сондықтан кейіпкеріміз 

з кезінде күй сандықта ойнауды 

меңгерген. Ал бүгінде анасының жолын 

кенже қызы Ғазиза жалғауда. Қазақтың 

қарапайым қызы, инабатты келіні, 

екі қыздың анасы әрі бизнес ханым 

ашқан орталықтың тыныс-тіршілігі 

осындай. Елінің болашағы үшін еңбек 

етіп отырған Алтынайдың бастамалары 

к ңіл қуантады. Оның игі істері жақын 

жылдары-ақ қоғам үшін жемісін берері 

с зсіз. Себебі ертеңгі ел тізгінін ұстар 

азаматтар – бүгінгі балақайлар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет