Негізгі қызметі:
Адамаралық қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу.
Қарым-қатынас жасауда қарым-қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Ежелгі тіл білімі заманынан бері анықталып келе жатқан оның ең негізгі мәселесі – тіл мен ойдың байланысы. Ал, тіл арқылы берілетін ойдың ар жағында сол тілде сөйлеушінің танымы, мәдениеті, психологиясы, өмір тәжірибесі т.б. Рухани-прагматикалық жүйесі жататыны белгілі. Демек, тіл қызметін сол тілде сөйлеушінің жан-жақты қызметі мен болмысынан тыс қарау мүмкін емес.
Өз бастауын тіл білімі тарихының тереңінен алатын антрополингвистикалық көзқарас қазіргі лингвистикалық зерттеулер мен экстралингвистикалық факторлардың әсерімен жаңа сапада қайта жаңғыруда. Бұл көзқарас алғаш рет ХІХ ғасырда пайда болғанда, ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда ұсынылған логикалық бағыт пен универсалды грамматикаға қарсы, яғни негізгі назарды тілдің ішкі формасына аударған лингвистикалық ілім ретінде қалыптасты. Оның негізін салушы – көрнекті неміс лингвисі В.Гумбольдт.
Достарыңызбен бөлісу: |