Қазіргі тіл білімінің лингвомәдени аспектілері Оқытушы: Мұратбек Бағила Құрманбекқызы


) Тілдің таңбалық сипаты мен мұрагерлік (кумулятивтік) қызметінің сабақтастығы



бет6/6
Дата31.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#22165
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лингвомәдени аспектілер

5) Тілдің таңбалық сипаты мен мұрагерлік (кумулятивтік) қызметінің сабақтастығы

Мәдениеттің немесе оның жеке тұрлері мен формаларының таңбалық сипаты туралы ой өте ертеде қалыптасқан. «Таңба» категориясының енуімен лингвистикадан тыс салт-дәстүр, әдет-ғұрып, т.б. белгілі бір мәтін ретінде қарастыру көпмағыналы мәнге ие «мәдениет» терминінің астарында, қоғам тұтастай, салт-дәстүр, әдет-ғұрып жатқанын жеке алып қарауға мүмкіндік туды. Сондықтан мәдениет тілін адамзат әрекетін көрсететін таңбалар жиынтығы ретінде сипаттауға болады. Мұндай таңбалық құралдарды этнотаңбалар деп айтуға болады (Ю.М.Лотман,т.б.). Бірақ ең негізгі форма – сөздік ақпарат. Бұның негізін құрайтын этнографизмдер мәдениетті айқындап қана қоймай, оны символдау қызметін атқарады. Ал этнографизмдер дегеніміз – өткен тұрмысымызда болған, көбі әлі де қолданып келе жатқан тұрмыстық бұйымдкрдың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, наным-сенімге. Баспанаға, киім-кешекке, заң тәртібіне, әдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық жіне тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері.

Мысалы, кез келген зат күнделікті тұрмыс қажеттілігін өтеумен қатар, символдық, белгілік қатынаста да жұмсала алады. Оның нақты көрінісін фразеологиялық тіркестердегі этнотаңбалардан көреміз: байғазы беру, қалжа жеу, қанжығаға байлау, бесік құда, ежеғабыл құда, киіт кию, т.б.

Сонымен, көне тамырлы этнолексика – халықтың этномәдени тарихы және тілдік процестері мен тілдік шығармашылығы туралы баға жетпес «ақпарат» көзі.

Демек, мәдениеттің өзегін жалғастық, мұрагерлік құрайды десек, мәдени мұралардың сақталуы, танылуы, қабылдануы, шығармашылықпен дамуы тілдік ақпараттар арқылы іске асады.

Ұлттың болмысын тілі арқылы сипаттайтын төл мәдениеттің этнотаңбалық деректерінің мәні,біріншіден, эстетикалық, екіншіден, тарихи-этникалық тұрғыдан уақыт пен кеңістік контекстегі әлеуметтік функционалдық, үшіншіден, танымдық-аксиологиялық(құндылықтық) қызмет атқарады. Бұл мәселені зерттеу қазіргі қазақ тіл білімінде «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағиданы ұстанатын антропоөзектік бағытқа сәйкес жүргізіле бастады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  • Манкеева Ж. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы,2014.
  • Манкеева Ж. Қазақ сөзінің синергиясы. Алматы,2021.
  • Сыздықова Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. 8-том. Алматы,2014.
  • Сыздықова Р. Тіл және ұлттық мәдениет(көп томдық шығармалар жинағы).14-том. Алматы,2014.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет