Қазіргі тіл білімінің лингвомәдени аспектілері Оқытушы: Мұратбек Бағила Құрманбекқызы


) Мәдени-тілдік деректерді антропоөзектік бағытта зерттеудің теориялық-танымдық негіздері



бет4/6
Дата31.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#22165
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лингвомәдени аспектілер

3) Мәдени-тілдік деректерді антропоөзектік бағытта зерттеудің теориялық-танымдық негіздері

Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісіне сәйкес тіл біліміндегі зерттуелер бағытының кешенді де интеграциялық сипатына сай тіл мен мәдениет сабақтастығын анықтаудың маңызы зор. Оның нақты көрінісі – «ғаламның тілдік бейнесін» ұлт тілі арқылы зерттейтін этнолингвистика, лингвомәдениеттану салаларының теориялық-әдістанымдық негіздері В.Гумбольдт, Э.Сепир, Б.Уорф, Н.И.Толстой, Г.В.Колшанский, Ю.Н.Караулов,А.Вежбицкая, В.Маслова т.б. қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, К.Хұсайын, Н.Уәли, М.Малбақов, А.Сейілхан, Қ.Қайырбаева т.б.еңбектерінде жасалған себебі, кез келген тілдегі ғалам бейнесі екі жақты сипатқа ие: бір жағынан, кез келген тілдегі ғалам бейнесі адамның әлемге көзқарасымен байланыста болса, екінші жағынан, нақты әр тілдегі әлем моделіне әлеуметтік-мәдени қоғамдық ұлттық «әлем бейнесі» жалғасады. Осының нәтижесінде жеке тіл өзіндік сипатқа ие болады. Сондықтан ғалам бейнесі мәселесі адамның елестетуі мен санасындағы әлемді көру мен суреттеуіне негізделеді.



Рухани мәдениет арнасының заттық мәдени атаулармен тығыз байланысын, тіпті бір-бірінің тууына себепші болғандығын халқымыздың көптеген дәстүрлерінің шығуымен де дәлелдеуге болады. Мысалы, халқымызда сәби дүниеге келгенде кигізетін ең бірінші киімі – иткөйлек, сәукеле – ұлттық бас киімдер ішінде ең бағалы, ерекше салтанатқа арнайы тігілетін, қалыңдық елінің байлығын танытатын, материалдық сипаттағы ғана бұйым емес, сонымен бірге бір елдің әлеуметтік тұрмысынан хабардар ететін, халқымыздың мәдени өмірінен елес беретін және жұртымыздың әсемдік әлеміндегі эстетикалық талғамын көрсететін, әйел адамның әлеуметтік өмірдегі орны мен жас ерекшелігін танытатын сәнділігмен, байлығымен ерекшеленетін бас киім».

Демек, заттық(материалдық) мәдениеттің мәні дегеніміз адам әрекетінің нәтижесінде заттандыру. Оның ішкі мәні соны тұтынушы қоғам өкілдерінің санасында, рухани дүниесінде.

М.М.Копыленко: «Этностың тұрмыс-тіршілігі, қазіргі болмысы мен тарихы, оның материалдық және рухани мәдениетінің тілдік көріністері айқындалады және жете зерттеледі»,-деп анықтайды. Ол – адамзат қауымының этностық деңгейдегі балаң, бастау тұсындағы тек-тамырын, мекен-жайын, өмір тәжірибесін, салт-санасын, кәсібін, жеке этностық топтардың алғашқы анайылық қалпындағы дүниетанымын, мифтік танымын,сакральды атауларын, киімін, ішкен тамағын, т.б., яғни мәдениет тілі арқылы зерттейтін тіл білімінің саласы. Себебі жоғарыда атап көрсетілген жағдайлардың барлығы адамдардың бастапқы ұғым-түсінігіндегі «өзіндік әлем үлгісі»(«модель мира») ретінде тек тілде таңбаланып отырған. Мұны акад. Ә.Қайдар тілдің кумулятивтік немесе «құжаттық» (Э.Сепир) қызметімен байланыстарады: «Этнос және оның тілін біртұтас, өзара тығыз байланысты құбылыс деп қарасақ, тіл қоғамда тек сол этностың қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар оның(этностың) бүкіл рухани, мәдени байлығының куәгері іспетті барлық болмысы мен өмір тіршілігінің, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасы, асыл қазына ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын қызметі тағы бар»

Шын мәнінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау, әрі қарай дамыту арқылы жүзеге асады. Атап айтқанда, мәдени ақпараттар салт-дәстүр, әдет-ғұрып т.б.рәміздік жүйемен қатар тіл арқылы, сөз өнері, сөз мәдениеті арқылы жүзеге асады.

Э.Кассирер, З.Фрейд т.б. зертеулеріне сүйеніп, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап батыс ойшылдарының зерттеулеріне мәдениетті тілмен теңдестіре қарау әдісі кең өріс ала бастады. Нақты айтқанда, тіл тек коммуникативтік құрал ғана емес, мәдени коммуникацияны да іске асырушы негізгі тетік, мәдениеттің өзінде метатіл деп қарастыратын үрдіс белең алуда.

Осы тектес қағидаға сай қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығындағы зерттеулер мәдениеттің өзін метатіл деп анықтап, оның коммуникативтік, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет метатілін этномәдени негізде сипаттайтын өзекті арналар – тілдік деректерді этнолингвистикалық, лингвомәдени, әлеуметтанымдық жүйеде зерттеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет