2) Тілді зерттеудің рухани-танымдық бағыты
А.С.Чикобаваның көрсетуінше, В.Гумбольдттың философиялық теориясын одан әрі қарай жалғастырған М.Лацарус, В.Вундт «рух», «халықтық рух» деген ұғымдарын «психикаға» айналдырып, «халықтар психологиясы» деген бағыттың негізін салды. Ол бағытқа сай тілдің ішкі формасы – психологиялық процесс, ал мақсаты – халықтың психикалық (рухани) қызметі деп анықталды. М.Лацарустың айтуынша: «Подлинно человеческая жизнь человека, духовная деятельность человека возможна лишь в обществе; дух – это совместное порждение человеческого общества». Нақты айтқанда, ұлттық мәдениеттің құралы, таңбасы ретіндегі тіл табиғатының жан-жақты ашылуы ұлттық психологияның мәліметтерімен тығыз байланысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |