Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде Геоинформатика өзіне лайықты орын алуда



бет5/29
Дата11.11.2022
өлшемі95,99 Kb.
#49375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Кеңістік мәліметтер түсінігі. Кеңістік мәліметтер дегеніміз – географиялық ерекшеліктерді айқындау үшін карталарды қолдану. Географиялық ерекшелік дегеніміз – жер бетінде немесе жерге жақын орналасқан зерзаттар. Географиялық ерекшеліктерге табиғи компоненттер ( өзен, жер бедері, өсімдік) антропогендік құрылымдар (жолдар, құбырлар, ғимараттар) және жер бетінің аумақтық бөлшектері (аудандар, аймақтар, округтар және саяси бөлшектер) жатады.
Географиялық ақпаратты карталар нүктенің, сызықтың және аудандардың көмегімен нақты өмірді үлгілейді. Символдар мен мәтіндер осы зерзаттарды сипаттайды. 
Нүктелер сызық немесе аудан түрінде бейнелеуге өте ұсақ болып келген географиялық ерекшеліктердің дискретті орналасуын анықтайды. Мысалы, құдық, телефон бағаналары, ғимараттар. Нүктелер сонымен бірге тау шыңы сияқты ауданы жоқ зерзаттарды көрсетеді. 
Сызықтар аймақтарды бейнелеуге келмейтін өте тар географиялық зерзаттарды (көше, өзен) немесе ұзындық көрсеткіштері бар, бірақ көтерілім контуры сияқты ауданы жоқ зерзаттарды бейнелейді. 
Аудандар – біртекті зерзаттардың орналасуы мен формалары бар штаттар, аймақтар, жер бөлінділері, топырақ типтері және жерді пайдалану зоналароы сияқты тұйық фигуралар. 
Беткі қабат Жердегі әрбір нүкте үшін маңызы бар нәрсені бейнелейді. Мысалы, көтерілім. Жердегі әрбір нүкте көтерілімге ие. Міне, сол беткі қабаттарды көрсетудің қиындығы- олдың нақты шекараларын көрсету мүмкін емес. Сондықтан беткі қабатты көбіне сызықтар сериясы арқылы көрсетеді. 
Көтерілім контуры – бірдей мағыналы сызықтарды анықтайтын изосызық типі. Изосызықтар, сонымен бірге, жауын-шашын ағыны, ластану концентрациясы және су деңгейі сияқты басқа беткі қабат типтерін көрсетуге пайдаланады. 
Бейнеақпараттарды карта қалай көрсетеді? Географиялық зерзаттар туралы бейнеақпараттарды карта, символ және мәтін көмегімен ұсынады. Мысалы, жолдар әртүрлы жолдардың кластарын көрсету үшін бірлесе ағындар мен судың бөліктері көбінесе суды бейнелейтін көгілдір түспен бейнеленеді. Ал арнайы символдар спеццификалық зерзаттарды (темір жол, аэропорттар) көрсету үшін пайдаланды. Қала көшелері, олардың аты және мекен-жайының диапазоны арқылы арнайы ғимараттар олдың атын және фигуралары арқылы бейнеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет