Кеңістік өзара байланысты карталар қалай көрсетіледі? Өзара байланыстар біз үшін өте маңызды, олар бізге жағдайды түсініп, шешім қабылдауға көмектеседі. Ақпараттардың орналасуына негізделген географиялық зерзаттар арасындағы өзара байланыс кеңістік өзара байланыс деп аталады. Кеңістікті өзара байланыстар картада жобаланады, ал оларды түсіну сізге байланысты. Мысалы, сіз төмендегілерді анықтай аласыз:
географиялық зерзаттар арасындағы салыстырмалы ерекшелік.
Осы өзара байланыстардан өте пайдалы ақпараттар алуға болады.
Карта масштабы. Қашықтық – географиялық зерзаттар арасындағы байланыстың маңызды бөлігі.Көп уақытта зерзаттардың бір –бірінен қанша алыс орналасуын білу керек, мысалы, аэропортқа дейінгі немесе кітапханадан поштаға дейінгі қашықтық. Картадағы қашықтықты нақты қашықтыққа ауыстыру үшін картадағы қашықтықтың жердегі қашықтыққа қатынасын білу керек. Осы қатынас карта масштабы деп аталады.
Координатаның Декарттық жүйесі. Карталар географиялық зерзаттардың Жер бетіндегі орналасуын көрсетеді.Нақты идентификация (ұқсастыру) карта бойынша зерзаттың нақты орналасуын анықтау үшін белгілі бір құрлымды қажет етеді. Немесе координаттың Декарттық жүйесі дегеніміз осындай құрлым болып табылады.
Координаталардың Декарттық жүйесі екі өсті қолданады:
вертикальды (у) – солтүстік пен оңтүстікті көрсетеді.Олар қиылысатын нүкте санау нүктесі деп аталады.
Географиялық зерзаттардың орналасуы салыстырмалы санау нүктесімен анықталады. Ол (х,у) әріптерімен белгіленеді,мұндағы х- горизонталь өс бойындағы, ал у- вертикаль өс бойындағы аралықты білдіреді. Санау нүктесінің басы (0,0) болып анықталады.
Жер дөңгелек болғандықтан, картография төменгідей мәселелерге тап болады: