Енді және бойлық. Жер бетінде географиялық зерзаттардың орналасуы ендік және бойлық арқылы беріледі.Бұл жер орталығынан жер бетіндегі нүктеге дейінгі бұрыш өлшемінің мәні. Ендік –экватордан солтүстік немесе оңтүстікке қарай өлшенеді, ал бойлық – нөлдік меридиннан батыс немесе шығысқа қарай өлшенеді.
Ендік пен бойлық, х,у координаттары ретінде қарастырылады. Бірақ ол дұрыс емес: ендік пен бойлық координаталар жүйесінің сфералық өлшемін есептеу бірлігі. Картографиялық проекция ендік және бойлық арқылы берілген орналысуды картадағы Декарттық координатаға айналдырылады.
Картографиялық проекциялар. Әр түрлі картографиялық проекциялар бар. Олар өздерінің әр түрлі орналасуларын көрсету үшін жерді қамту санына, аудан, форма, қашықтық және бағытты сақтау қажеттілігіне байланысты бөлінеді.Қажетілікке қарай картографиялық проекцияларды тандау маңызды шешім болып табылады.
Картографиялық зерзаттарды көрсету үшін компьютерлерді қолдану.Біз карталар түсінігін картада шынайы өмір қалай бейнеленген және карталар ақпаратты қалай көрсететініңн бейнелеу үшін қолданамыз.ГАЖ- дар дәл осы мүмкіндіктерді беру қажет. ГАЖ- дың күші географиялық мәліметтерді сақтау қажеттілігінде ғана емес, сонымен бірге оларды тиімді және өте ыңғайлы түрде талдауда болып отыр.Бұл үш компьютерлік үлгіні қаоастырады:
векторлық
растрлық
ТЖТ (триангуляцияланған жүйесіз тармақтар) мәліметтердің кеңістік үлгісі деп атайды./3/
Мәліметтердің векторлық үлгісі. Мәліметтердің векторлық үлгісі карталар жасайтындай геогрфиялық зерзаттарды көрсетеді, яғни, нүктелер - өте ұсақ географиялық зерзаттарды, сызықтар - өте тар зерзаттарды,ал аудандар–біртекті географиялық зерзаттарды бейнелейді.Нүктелер координаталардың қарапайым жұбы ретінде,сызықтар координаталардың реттелген жұбының сериясы ретінде немесе сегмент түрінде, ал аудандар полигондарды қоршайтын сызықтардын сегментін координаталар жұбының сериясы ретінде жазылады.
х,у координаталардың көмегімен және полигондарды сурет немесе графиктің орнына координаталар тізімі түрінде көрсетуге болады. Полигон координаталарының ьірінші және соңғы жұптары сәйкес келеді, полигон әрқашан тұйық болады.Әр зерзатқа жеке идентификациялық нөмір немесе тэг беріледі.