Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде Геоинформатика өзіне лайықты орын алуда


Кесінді – нүкте мәліметтерінің құрылымы



бет8/29
Дата11.11.2022
өлшемі95,99 Kb.
#49375
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
?азіргі уа?ытта ?ылымдар ж?йесінде Геоинформатика ?зіне лайы?ты

Кесінді – нүкте мәліметтерінің құрылымы.Картада жердің екі көрші бөліктерінің шекараларын салу үшін сіз жалпы шекараны қацта салып жүрмейсіз.Бірнеше сызықтармен бөлінген нүкте үшін координаталар жұптарын қайталау да қажетсіз.Векторлық мәліметтерді сақтау үшін ең тиімді жол – мәліметтердің кескінді- нүкте құрлымы.
Мәліметтердің кескінді –нүкте құрлымы мәліметтерді нүктелер – кескінді, ал кескінділер полигон құрайтындай етіп сақтайды. Нүктелер кесіндінің 2 шекті нүктелерін анықтайды; олар 2 және одан да көп кесінділерді байланыстыру мүмкін. Кесінді дегеніміз- 2 нүкте арасындағы сегмент.Кесінді өзінің 2 нүктесінен және оның формасын анықтайтын төбесі деп аталатын, реттелген нүктелер сериясынан тұрады.
Топология. Көше бұрыштарында тұрып және картаға қарап, оған қарасты қилысатын көшелер мен зерзаттарды анықтау оңай. Компьютер осы өзара қатынастарды топология әдісі көмегімен «көреді». Тәжірибеде бұл қағида өте қарапайым, кеңістік байланыстар тізімі түрінде белгіленген.
Топологиялық өзара қатынастарды құру және сақтау өте көп мүмкіншіліктерге ие.Кесінді – нүкте мәліметтерінің құрлымы негізгі 3 топологиялық құрлымдар қолданалы.

  • біріккендік: кесінділер бір –бірімен нүкте арқылы бірігеді;

  • ауданды анықтау: ауданды шектейтін және қосатын;

  • жанасу: кесінділердің бағыттары болады: сол және оң шекаралары.

Кесінді – нүкте мәліметтерінің құрлымын еске түсірейік: кесінді екі нүкте арқылы анықталады. From – нүкте кесіндінің қай жерден басталғанын, ал to нүктенің қай жерде аяқталғанын көрсетеді.Міне,бұл «кесінді-нүкте топологиясы» деп аталады.Әр кесіндіге From мен to нүктелерін тізім анықтап береді. 
Ауданды анықтау. Жер бетінде белгілі бір аумақты иемденеді, мысалы, көл, жер бөліктері. Полигонды құратын аумақ бір немесе бір неше векторлық үлгі түрінде көрсетіледі.Ортасында аралы бар көлді көз алдымызға елестетейік, шындығында көлде 2сыртқы және арал арқылы анықталатын ішкі шекара бар. Вектор үлгі терминологиясында арал полигонының ішкі шекарасын анықтайды.
Жанасу. Ортақ шекарасы бар географиялық зерзаттар көрші болып есептелінеді.Жанасу- топологиялық ұғым, ол мәліметтердің векторлық үлгісінде көпшілік жағдайды анықтауға мүмкіндік береді.
From мен to нүктелері кесіндіні айқындайтынын еске түсірейік. Олар кесінді бағытын көрсетеді,сондықтан полигондардың кесіндінің сол және оң жақтарында орналасуын анықтауға болады.Әр кесіндінің әрқашан нақты оң және теріс жақтары болуы үшін ішкі және әмбебап полигон енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет