Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


XXI ғасырдағы жоғары кәсіптік білім берудің ерекшеліктері



бет48/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
ЖМП 1-75 (1)

XXI ғасырдағы жоғары кәсіптік білім берудің ерекшеліктері.

Қазіргі қазақстандық қоғамда жоғары білім берудің рөлі үнемі өсіп келеді. Бұл жоғары білім берудің сандық өсуінен және функциялары мен міндеттерін кеңейтуден, оның мәртебесі мен беделін арттырудан көрінеді. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің экономикада, ғылымда, мәдениетте болып жатқан өзгерістерге байланысты дамыған жақтарының ерекше белгілері: ашықтық, жоғары оқу орындарының ғылыммен және өндіріспен тығыз өзара әрекеттестігі, жоғары білім деңгейі, оқытушылардың
жоғары кәсібилігі, жоғары оқу орындары мазмұнын ғылыми-техникалық прогресстің жаңа жетістіктеріне бағдарлау.
Қазіргі кезеңде қазақстандық білім беру кеңістігіне келесі тенденциялар тән:
Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты тереңдету 1999 жылы Еуропа елдерінің жоғары кәсіптік білім беру саласында одақ құруда айқын көрініс тапты, оның идеялары Болон декларациясында тұжырымдалған.
Білім беруді демократияландыру жоғары білімнің жалпыға қолжетімділігінен басқа білім беру түрі мен мамандығын, оқыту сипаты мен болашақ қызмет саласын таңдау еркіндігінен, авторитаризмнен және басқарудың командалық-бюрократиялық моделінен бас тартудан көрінеді.
Білім беруді ізгілендіру және гуманизациялау адамға бағытталған жаңа ғылыми және оқу пәндерін енгізу есебінен гуманитарлық құрамдас бөлікті нығайтуды көздейді.
Білім беруді ізгілендіру қазіргі заманғы мәдениет кеңістігінде студенттің өзін-өзі жүзеге асыруына, жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашуға, ноосфералық ойлауды, құндылық бағдарлары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін гуманитарлық саланы құруға жағдай жасау үрдісі деп түсіндіріледі. Әсіресе техникалық білім беруді гуманитаризациялау гуманитарлық пәндер тізбесін кеңейтуді, жүйелі білім алу үшін олардың мазмұнын интеграциялауды тереңдетудің
қажеттілігін көздейді.
Жоғары кәсіптік білім беруді ақпараттандыру оқытудың автоматтандырылған жүйесі ретінде оқу үдерісі мен педагогикалық бақылау үшін ақпараттық жүйелерді пайдаланумен түсіндіріледі. ЖОО-дағы оқу-тәрбие үдерісі ақпараттық технологияларға, ақпаратты ұсыну құралдарына және сабақтарда интерактивтік өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға негізделген.
Ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды сақтау қалыптасқан ұлттық дәстүрлер және елдер мен аймақтардың ұлттық бірегейлігін сақтау барысында жаңа енгізілімдерді таратуда әрбір жоғары оқу орны өзіне барынша сәйкес келетін инновацияларды енгізуінен көрінеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет