Жоғары оқу орнындағы қоғамдық ұйымдардың студент жастарды тәрбиелеудегі рөлі.
Қазіргі қоғамның динамикалық дамуының нәтижесінде маманның кәсіби ұтқырлық талаптары өсті, бұл оның кәсіби сапасын және жеке оқытуды ұйымдастырудағы өзгерістерді анықтайды. Адамдардың жинақталған білімі мен дағдыларын дәстүрлі түрде беруді бағыттау бүгінгі күні тиімсіз болып отыр. Бұл жоғары оқу орындарындағы оқытушылық қызметтің мағынасын өзгеруіне әкеледі және оның кәсіби өзін-өзі жетілдіру және іске асыру шарты ретінде студенттің оқу үрдісін қолдау тұлғалық және кәсіби өзін-өзі дамыту мәселесін шешу қажеттігін анықтайды.
Бұл үрдістің толыққанды тиімділігін іске асыру үшін педагогикалық мүмкіндіктерді толығымен пайдалану және білім беру мекемелерінің ресурстарын және қоршаған қоғамды, жеке тұлғалық дамытушы жүйені және субъектілердің арасындағы мағына құраушы қатынастарды орнату.
Жоғары оқу орындарындағы көп жоспарлы және көп мағыналы тәрбие жұмысы түлектерде тәрбиенің қалыптасуына бағытталуы керек, болашақ мұғалімнің қалыптасуы, азаматтық, рухани және өнегелі қасиеттерін, кәсіби жауапкершілік және байланыс дайындығы жұмылдырылатын әмбебап құндылықтарға құрмет, олардың шығармашылық ойлау қабілеті мен әлемге деген қөзқарасын дамыту үшін қажет .
Педагогикалық жоғары оқу орнындағы тәрбие жүйесі маңызды құрылымға ие, ол бірнеше компоненттерден тұрады;
тәрбиелік жүйені құру процессіндегі барлық қатысушылардың мақсаттары;
педагогикалық жоғары оқу орнындағы тәрбиелік жүйені меңгерудегі өзара түсіністіктер мен құзыреттілік идеялары,
іс-әрекет субъектілері және оған қатысушы және ұйымдастырушылар;
қоғамдастық түрі, субъектілер мен ортаны құрушы компоненттер;
жоғары оқу орнының тәрбиелік ортасы, қоғам, субъектілердің кеңістікті қабылдауы және іс-әрекеті.
Тәрбиелік ортаның қалыпты және сапалы сипаттамасы – біртұтастық болып табылады. Біртұтастық - элементтер мен ортақ білім беру тұжырымдамасын қатысуымен олардың арасындағы қарым-қатынастың біртексіз нәтижесі болып табылады, субъектілердің жүйені ұстануынан, қолдауынан тұрады. Тәрбиелік ортадағы біртұтастық студенттерді тәрбиелеудегі ортақ істе, оларды тәрбиелеудегі метадологиялық байланыста, педагогтардың тәрбиелік күштерінің координациясы және студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінен көрінеді.
Пед ЖОО тәрбие жұмысының жүйесі концепциясы студенттік қоғамдастық түрінде немесе студенттік өмірінің моделі ретінде ұсынылуы мүмкін.
Тәрбие жүйенің тұжырымдамасына кіруі мүмкін:
жастар саясатының басымдықтары, ҚР жастар саясатын іске асыру принптері, мақсат, міндеттер, ұйымдардың тәрбиелік іс-әрекетінің топтардағы принциптері, тәрбие жұмысын ұйымдастыру деңгейлері;
бірінші курс студентінің құзыреттілік моделі;
екінші курс студентінің құзіреттілік моделі;
үшінші курс студентінің моделі;
бакалавр түлегінің құзіреттілік моделі.
Педагогикалық жоғары оқу орнындағы тәрбие жүйесін құрудағы өлшемдері мен көрсеткіштері :
факультеттегі студенттердің абыройы;
топта әр студенттің қауіпсіздігі мен жайлылығы;
топтағы өмір әрекетімен студенттің қанағаттандырылуы;
университетте студенттің таңдаған мамандығы бойынша қызығушылығының деңгейі;
студенттер тобына әсер ететін студенттерде біліктіліктің қалыптасуы.
Жоғары оқу орнындағы тәрбиелік жүйені құру методологиялық бағыттылық негізінде жастардың құндылық-мағыналық бағдарында жатыр. Студент жастар, өз қоғамының көрінісі, мемлекеттегі инновациялық процестердің дамытушы күші болып табылады. Тұлғаның біртұтастық сфераны меңгеруі заманауи шарттар бойынша әлеметтік қоғамның құрылымы негізінде актуальды мәнге ие болады. Ол дамудың негізі, тұлғаның біртұтастық сферасының дамуы, қазіргі уақытта болшақ ұрпақтың дамуымен құрылып, болашақта қалыптасады. Біртұтастық сфера – адамның құндылықтарының жүйесі, құрамына құндылықтардың иерархиясын құрайды («маңызды - шамалы маңызды», «шамалы пайдалы – пайдалырақ» қарама-қарсы қарым-қатынас, бағыну және қосу – қарым-қатынасы (бір – құндылық – басқаның құрылымдық бөлігі болуы мүмкін) және тағы солай. Құндылықтық бағдар – жеке тұлғаның құндылықты сферасының бір бөлігі болып табылады, кәсіптік – педагогикалық іс-әрекеткттің табысты болуына септігін тигізеді.