Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі



бет32/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
Байланысты:
ЖМП 1-75 (1)

Офис регистраторы (бұдан әрі - ОР) - білім алушының оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеумен айналысатын және білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз ететін Академиялық қызмет.
ОР университеттің стратегиясы мен миссиясына сүйене отырып, жұмыс процестерін автоматтандыру және цифрландыру құралдарын толық көлемде пайдаланатын жоғары тиімді департамент құру жолында тұрақты трансформацияда.
ОР функциялары, қызметтері:

  • оқу процесін ұйымдастыруда институттар мен кафедраларға жәрдемдесу;

  • университет білім алушыларының оқу жетістіктерін тіркеу және есепке алу процесін жетілдіру;

  • дайындықтың барлық бағыттары бойынша білім алушыларды қолдауды қамтамасыз ететін нақты және уақтылы деректерді алу мақсатында базаны жаңарту;

  • бакалаврлар, магистранттар мен докторанттар үшін оқу сабақтары мен емтихан сессиясының кестесін жасау;

  • статистикалық есептілікті жасау сапасын арттыру;

  • білім алушылар қозғалысының бұйрықтарын дайындау және бекіту;

  • мұрағаттық анықтамаларды, дипломдар мен қосымшалардың телнұсқаларын, оқу орнынан анықтамаларды, транскриптерді беру;

  • университет түлектерінің дипломдарын растау;

  • студенттерге университетте оқу туралы толық және тұтас ақпарат беру бойынша Call-орталықтың жедел телефон желісі арқылы сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  • шетелдік білім алушылардың Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында болуын заңдастыру, шетелдік білім алушылардың қозғалысын тұрақты негізде мониторингтеу және бақылау;

  • академиялық ережелер мен рәсімдерді әзірлеуге және талдауға үнемі қатысу.



45. Бақылаудың түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды.
Кредиттік оқыту жүйесінде білім алушылардың білімін бақылау және бағалау баллдық-рейтингтік жүйе (БРЖ) бойынша жүзеге асырылады.
БРЖ ағымдық, аралық бақылауды, өзіндік жұмыстың орындалуын бақылауды және қорытынды бақылауды/аралық аттестаттауды жүргізуді көздейді. Көрсетілген бақылау нысандарының үлес салмағын жоғары оқу орны дербес айқындайды. Бұл ретте аралық бақылауға қорытынды бағаның жалпы сомасының 60% - ын, қорытынды бақылауға 40% - ын аудару ұсынылады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандары көзделеді.
Білім алушылардың білімін бақылау мен бағалаудың барлық кешені ағымдағы, аралық, қорытынды бақылау мен қорытынды мемлекеттік аттестаттауды жүргізуді көздейді.
Ағымдағы бақылау – бұл ағымдағы сабақтарда тьютор өткізетін білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексеру.
Ағымдағы бақылауды оқытушы (СОӨЖ) (Office Hours) басшылығымен практикалық, зертханалық сабақтар және білім алушының өзіндік жұмысы шеңберінде тьютор жүзеге асырады.
Білім алушылардың білімін аралық (рейтингтік) бақылауды тьютор бекітілген кестеге сәйкес академиялық кезең ішінде 8-ші (Р1) және 15-ші (Р2) апталарда өткізеді. Ағымдағы және аралық білімді бақылауды ұйымдастыруды деканат және тиісті бөлімдер (оқу) жүзеге асырады. Баға әр пән бойынша 100%-дық шкала бойынша пайыздық мазмұнда жеке қойылады.
Бір оқу жылындағы академиялық күнтізбеге сәйкес күндізгі оқу бөлімінің білім алушылары әдетте 2 емтихан сессиясынан (қысқы және жазғы), ал сырттай оқу бөлімінің білім алушылары – оқуемтихан сессияларынан өтеді.
Күндізгі оқу нысаны бойынша қорытынды бақылауды (емтихан сессиясын) өткізуге екі апта беріледі. Емтихан кестесін тіркеуші кеңсесі жасайды. Білім алушыларға кешенді емтихандарға дайындыққа кемінде 3 күн беріледі.
Барлық пәндер бойынша қорытынды бақылау - емтихан өткізіледі. Емтихан өткізу формасы: компьютерлік немесе бланктік тестілеу, жазбаша немесе ауызша емтихан. Білім алушыларға емтихан тапсыру тілін (қазақ, орыс немесе ағылшын) таңдау құқығы беріледі.
Емтихан кешенді түрде, логикалық байланысы бар 2-3 пән бойынша бір мезгілде өткізілуі мүмкін.
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау білім алушылардың білім беру бағдарламасының соңғы кезеңі болып табылады және олардың кәсіби деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.
Бітіруші курста өткізілетін қорытынды мемлекеттік аттестаттауға белгіленген GPA (СБ) кредит санын жинаған және мамандықтың оқу жоспарын толық көлемде орындаған білім алушылар жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет