46. Оқыту технологиялары, оларға қысқаша сипаттама. Оқыту технологиясының мазмұны студенттерге ұсынылатын оқу ақпаратының мазмұны мен құрылымы, оқу және кәсіптік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, кәсіби қызметтің бастапқы тәжірибесін жинақтауды қамтамасыз ететін жаттығулар мен тапсырмалар кешені ретінде қарастырылады.
Оқыту технологиясы – құрылымдық құрамдас бөліктері бар жүйелік санат.
Сонымен, оқыту технологиясы оқыту процесін ұйымдастыруды, басқаруды және бақылауды көздейді. Бұл үдерістің барлық жақтары өзара байланысты және бір-біріне әсер етеді.
Жоғарыда атап өтілгендей, бүгінгі күні оқыту технологияларының нақты белгіленген жіктемесі жоқ, алайда екі градация – дәстүрлі және инновациялық – оқыту технологиялары бөлінген. Ғалымдар жоғары мектепте білім беру технологияларының келесі сыныптамасын ұсынады:
Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы (ДО) тұлғаның тұтас үйлесімді дамуына бағытталған:
ДО = ББД + АӘТ+ТӨБТ+ЭАС+СДП.
Қазіргі педагогикадағы тұлғаның барлық қасиеттерінің топтары:
ББД – білім, білік, дағды;
АӘТ – ақыл-ой әрекетінің тәсілдері;
ТӨБТ – тұлғаның өзін-өзі басқару тетігі;
ЭАС – эмоционалды-адамгершілік саласы.
Оқытудың ақпараттық технологиялары
Оқытудың ақпараттық технологиялары (ОАТ) оқыту қызметін іске асыру үшін пайдаланылатын электрондық құралдар мен олардың жұмыс істеу тәсілдерінің жиынтығы ретінде анықталады.
Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың (БТҚ) жіктемелік белгілері ретінде:
Қашықтықтан білім беру технологиялары
Қашықтықтан білім беру (ҚБ) елде және шетелде тұратын халыққа оқу ақпаратымен алмасу құралдарына негізделген мамандандырылған ақпараттық-білім беру ортасының көмегімен ұсынылатын білім беру қызметтерінің кешені (спутниктік теледидар, радио, компьютерлік байланыс және т.б.) деп түсіндіріледі.
Қашықтан оқыту (ҚО) халықаралық жүйелері теледидар мен радио сияқты бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану есебінен ағарту мен білім беруді іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.