ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР: 1. Өндірістің мәні неде? Қандай өндіріс технологиялық нәтижелі деп аталады? Экономикалық нәтижелер?
2. Өндірістік функцияның мәні неде? Кобба – Дуглас функциясы деген не?
3. Изокванта деген не? Технологиялық ауысудың шекті нормасы.
4. «Фактордың жиынтық өнімі», «орташа өнімі», «шекті өнімі» деген категориялардың мәнін ашыңыз.
5. Кемушілік қайтарым заңы және ауқым әсері дегеніміз не? Олардың арасында не ортақ және айырмашылықтары қандай?
6. Шығындар деген не ? Шығындардың жіктеуін келтіріңіз.
7. Қысқа мерзімді өндірістің шығындарын сипаттаңыз. Олардың графигін салыңыз.
8. Ұзақ мерзімдегі өндірістің шығындарын сипаттаңыз. Олардың графигін салыңыз.
9. Өндіріс тепе-теңдігі деген не? Оған жетудің шарты қандай?
10. Изокоста деген не? Өндіріс тепе-теңдік графигі қалай көрсетіледі?
ТЕСТІЛЕР 1. Өндіріс функциясы деп нені айтамыз: а) өнім көлемі мен өндіріс факторларының арасындағы байланысты;
ә) өндіріс факторларының белгілі бір қүрамын пайдаланғанда өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемін;
б) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс емес.
2. Өндіріс факторлары дегеніміз: а) өндірістік процесте қолданылатын шикізаттар, құрал-жабдықтар және еңбек күштері;
ә) өндірісте алынатын дайын өнім көлемі;
б) а және ә пункттері;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
3. Қысқа мерзімді кезең дегеніміз: а) негізгі өндірістік қорлардың болатын уақыт аралығы;
ә) өндірісте қолданылатын материалдар мен заттардың құны тұрақты болатын уақыт аралығы;
б) негізгі өндірістік қорлардын, көлемдері айнымалы болатын уақыт аралығы;
в) жоғарыда айтылған тұжырымдардың ешқайсысы да дұрыс емес.
4. Ұзақ мерзімді кезенде өндірістік процесте қолданылатын: а) факторлардың бәрі де түрақты болады;
ә) факторлардың бәрін де өзгертуге болады;
б) еңбек факторларын ғана өзгертуге болады;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.