ТАҚЫРЫП 5. ПАЙДАНЫ МАКСИМИЗАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІК ҰСЫНЫС СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
5.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР: «Табыс» пен «пайда» категорияларына анықтама беріңіз. Бухгалтерлік және экономикалық пайда дегеніміз не? Қарапайым пайда деген не?
Жалпы, орташа, шекті табыс деген категорияларға түсінік беріңіз.
Нарық құрылымдар түрлерінің жіктеуін келтіріңіз. Оларға сипаттама беріңіз.
Пайданы көбейтетін өндіріс көлемін анықтау үшін қандай қағидалар пайдаланады?
Шекті шығындардың шекті табысқа теңдік ережесінің мәні неде?
Қысқа мерзімді фирманың ұсыныс қисық сызығының графигі қандай?
Бәсекелес саланың тепе-теңдігі қалай қалыптасады?
ТЕСТІЛЕР 1. Қалыпты пайда өндірістің қандай шығындарына кіреді? а) кірмейді
б) көрінетіне
в) ауыспалысына
г) тұрақтысына
д) көрінбейтіне
3. Пайданы көбейтуге ұмтылған бәсекелес фирма өндірістің қайкөлемін ұстауға тиісті? а) ол ең жоғары бағаның өскен кезінде
б) орташа шығындар азайғанда
в) шекті шығындар шекті табысқа тең болғанда
г) шекті шығындар орташа шығындарға тең кезінде
ЕСЕПТЕР 1. Кестеде бәсекелес фирманың жалпы шығындары келтірілген:
Q
0
1
2
3
4
5
TC
5
8
10
13
18
26
Фирма өз өндірісін тоқтатуға мәжбүр болу үшін оның өніміне баға қай деңгейден төмен түсуі керек?