Ќазтўтынуодаєы


Экономикалық шығындар құрамына



бет14/29
Дата04.10.2022
өлшемі326,5 Kb.
#41319
түріНұсқаулар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
СРСП ЖАШ

5. Экономикалық шығындар құрамына:
а) айқын және айқын емес шығындар, сондай-ақ кәдімгі пайда да қосылады;
ә) айқын шығындар қосылып, айқын емес шығындар қосылмайды;
б) айқын емес шығындар қосылып, айқын шығындар ескерілмейді;
в) айқын және айқын емес шығындар қосылмайды.


6. Ұзақ уақыт мерзімінде:
а) барлық шығындар айнымалы болады;
ә) барлық шығындар тұрақты болады;
б) айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі;
в) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі.
7. Қысқа мерзім аралығында:
а) барлық шығындар айнымалы болады;
ә) барлық шығындар тұрақты болады;
б) айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі;
в) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі.


8.Төменде көрсетілгендердің қайсысы жалпы шығынды сипаттайды:
а) Δ MC;
ә) VC-FC;
б) FC+VC+MC;
в) FC+VC;
г) (FC+VC)/Q.


9. Орташа жалпы шығындар дегеніміз:
а) тұрақты және айнымалы шығындар;
ә) тұрақты шығындар;
б) айнымалы шығындар;
в) шекті шығындар.


ЕСЕПТЕР
1-есеп. «Мерей» фирмасы жиһаз шығарумен айналысады. Берілген кәсіпорынның бухгалтерлік шығындардың негізгі бөлшектерін атап көрсетіңіз. Бұл жағдай шығындардың қайсысында орын алады?
2-есеп.Үкімет заңды тұлғалардың мүлкінен алынатын салық көлемін көтерді деп жорамалдайық. Бәсекелестік фирмалар үшін орташа айнымалы, тұрақты және жалпы шығындардың мөлшері өзгере ме?
3-есеп. Киім тігумен айналысатын фирма үшін матаның бағасы көтерілуі оның тұрақты шығындарының мөлшеріне қалай әсер етеді? Бұл жағдайда шекті шығындардың мөлшері өзгере ме?


Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиеттерді талдаудан бастау керек. Семинар сабағына дайындалу барысында қызметтер өндірісі және оның ерекшеліктері, қызметтер өндірісінің тұрақты және айнымалы (өзгермелі) факторларына, жалпы, орташа және шекті шығындарға, өндіріс ауқымын жоғарылату тиімділігі сияқты сұрақтарға ерекше назар аударған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет