Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод


шанағына  қорғасын  қүюы.  Үшінші  болшек:  қаһарлы  әкенің  елге  ғаламат



Pdf көрінісі
бет21/36
Дата06.02.2017
өлшемі22,51 Mb.
#3547
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36

шанағына  қорғасын  қүюы.  Үшінші  болшек:  қаһарлы  әкенің  елге  ғаламат 
ор қаздырып, қүлан біткенді орға түсіріп, қыруы.
Осы  үш  бөлшектің  біріншісі  -   негізгі  оқиға:  Жошының  қаза  болуы. 
Бүл тарихқа сәйкес: Жошы экесінің тірі кезінде өлген. Ал, бірақ Жошының 
әлу  себебін  баяндау -   фольклорлық  қиял,  бірақ  шындыққа  саятын  қиял, 
ойткені  ол  кезде  Шыңғыс  та,  оның  балалары  да  қүлан  аулауды  машыҚ 
еткен.
Алайда,  осы  негізгі  оқиға  аңызда  тікелей  айтылмайды.  Аңыз  басты 
көңілді  екінші  жэне  үшінші  бөлшектерге  аударады.  Мүнда  фөльклөрлық 
дәстүр күшіне еніп, оқиғадан  гөрі Шыңгыстың қаһарлылығын, қаталдығын 
корсетуге күш салынған. Бүл, сөз жоқ, аңыздың коп уақыт бойына көркем 
фольклормен  қатар,  солардың  ортасында  өмір  сүргенінің  нәтижесі. 
Сондықтан да, «Ақсақ қүлан» аңызында тарихи оқиға көмескіленіп, оның
есесіне біршама эрлей баяндау етек алған.
Қазақтың  көне тарихи  аңыздарына  Алтын  Орда дәуірі  мен  Қазақ
хандыгы  күрылган  шақтың  окиғаларын  баяндайтын  Тоқтамыс,
183

Едіге,  Ақсақ  Темір,  Жәнібек,  Асан  қайғы  есімдеріне  баиланысты 
шығармаларды  да  жатқызуға  болады 
[20].  Бұл  аңыздарда  нақты  бір 
тарихи  оқиға  суреттелмесе  де,  жалпы  сол  мезгіл  шындығы  тарихи  бір- 
неше  оқиғаны  шоғырландыру  арқылы  көрсетіледі.  Мәселен,  Тоқтамыс 
жайындагы аңызда сол кезде анық болган Тоқтамые пен Едіге арасындағы 
(бірде  тату,  бірде  араз)  қатынас  Хабардин  жэне  Сәтемір  (дұрысы  Ақсақ 
Темір) атты қаһармандардың араласуы арқылы баяндалады.
Оғыз-қыпшақ  дэуірі  мен  моңғол  шапқыншылығы,  Алтын  Орда  за- 
мандарында пайда болып,  уақытпен  бірге талай  өзгеріске ұшыраган  көне 
тарихи  аңыздарға  қараганда 
ХУІІІ-ХІХ  ғасырлардың  оқиғаларын  ба- 
яндайтын  шығармалар тарихи  негізін  айқынырақ сақтаған. 
Әсіресе, 
жоңғар қалмақтарына қарсы ұрыс-соғыстар жайындағы аңыздар өзінің та-
рихи шындылығымен құнды.
Солардың  ішінде  нақтылы  оқиғаны  баяндайтын  аңыздар  да  көп. 
Мұндай  шығармалардың  көпшілігі  жасақтарды  басқарып,  кескілескен 
ұрыста ерлігімен елді таңдандырған қолбасшы батырлар, сұлтандар есімі- 
мен  байланысты  болып  келеді  [21].  Міне,  осындай  аңыздардың  ішінен 
мысалға  Қазыбек,  Абылай,  Бөгенбай,  Қабанбай,  Байғозы,  Жапақтардың 
басынан  кешкен  оқиғаларды  баяндайтын  шығармаларды  атауга  бола- 
ды.  Бұл  шығармалардың  басты  ерекшелігі  -   нақты  болған  оқигаға  не- 
гізделгендігі.  Мәселен,  Абылай  ханның  жоңғарлықтарга  тұтқын  болуы 
жайындагы аңызды алайық.  Тарихи мағлұматтар бойынша жоңгарлыктар 
небәрі  50  жылдың  ішінде,  ягни  XVIII  гасырдың  бірінші  жартысында, 
қазақ  еліне  бірнеше  дүркін  шабуыл  жасап,  екі  ел  арасында  1710,  1717- 
1718,  1723,  1728,  1730,  1741-1743  жылдары  қиян  кескі  ұрыстар  болган 
[22].  Сондай ұрыстардың  бірінде  (1741  ж.)  Абылай  2  мыңдай  жасағымен
жоңғарлықтардың  қолына түсіп,  тұгқыннан  Россия  елшілігінің  араласуы
арқасында босайды [23].
Аңызда  осы  оқиға  дэл  бейнеленген,  бірақ,  әрине,  тарихи  жылнама-
дар  мен  документтерден  өзгеше.  Шоқан  Уәлиханов  жазып  алған  аңыз
бойынша жоңғарлықтардың кезекті бір шабуылында Абылай жекпе-жекке
шыгып,  Галдан-Цереннің Чарча деген  баласын  өлтіреді.  Галдан  баласын
өлтірген  адамды  кім  болса да,  қайдан  болса  да  тауып  әкелуді  бұйырады.
Қалмақгар  аңдып  жүріп,  Абылайды  серіктерімен  аңда  жүргенде  қолға
түсіреді де Галданға алып келеді  [24].
Ал,  екінші  бір  аңызда  Абылайдың  тұтқынга  түсуі  басқаша  баяндала-
ды. Галдан Абылайға: «Еркімен маған багынасың, әйтпесе согыс ашамын!»
— деп  елші  жібереді.  Абылай  ашуланып,  елшіні  өлімге  бұйырады да,  «Жау 
қолын қарсы алуга дайынмын!» -  деп хабар жібереді.  Галдан мұны естіген 
соң  бірнеше  мың  әскер  жібёреді.  Осы  ұрыста  Абылай  қолға  түседі.  Оның 
жеңілген себебін аңыз елшіні өлтіргендіктен болды деп түсіндіреді  [25].
Міне,  Абылайдың тұтқынға түсуін  екі  аңыз екі түрлі  баяндайды.  Бұл
—  фольклор  табиғатынан  туып  отырған  құбылыс,  сондықтан  бұл  жер- 
де  ешбір  жалғандық  жоқ.  Өйткені,  фольклорлық  шығарма  қаншалықты
184

шыншыл  болғанмен  тарихн  фактіні  сол  қалпында  суреттемейді.  Халық 
ол  фактіні өзінің қалауынша суреттейді.  Мэселен, Абылайдың дэл  қандай 
жағдайда  жау  қолына  түскенін  ешкім  тура  айта  алмайды,  себебі  оны 
көрген  адамдардың, 
я  
болмаса  Абылайдың  озінің  созі  сол  кезде  хатқа 
түспеген, демек, ауызша тарап, бірден-бірге айтылып, біздің дәуірге дейін 
коп  озгеріске  түскен.  Сондықтан  айтушылар  оқиғаның  өзін  сактап,  оны 
өздерінше түсіндіріп отырған.  (Фольклорлық шығармалардың вариантта- 
ры болатыны да осыдан). Сонымен бірге Абылайдың тұтқында не коргені, 
қандай  жағдайда  болғаны  да  дәлме-дәл  аңыздалмаған.  Ол  туралы  эзірге

тарихи дерек те жоқ.

р ас,  Шоқан  нұсқасындағы  аңызда  тұтқында  жатқан  Абылайдың 
тағдыры  шындыққа жақын  келетін  сиякты:  олген  баланың  шешесі  күнде 
Абылайга,  оның серіктеріне  қарғыс  айтып,  лағнеттеп  отырады.  Шыдамы 
таусылған Абылай бір күні дірілдеп, тісін шықырлатып, жұдырығын түйіп

келе жатқан әйелге:  «Ей, қақбас қалмақ!  Сенің ұлың сияқты қаңғыбас құл 

қайда олмеген!»  — дейді.  Эйел  ойбайлап  Галданға барады да,  Абылайды

әлтіруді талап етеді [26].

Міне,  аңыздың осы тұсы шындыққа жанасады:  тұтқындагы адамның

омірі  тэтті  болмаса  керек.  Оның  үстіне  тағы  бір  айтатын  нәрсе.  Шоқан

жазып алған уақытта Абылай туралы эңгіме, аңыздар тарихи шындықтан

онша  алшақтамаған  болатын,  олар  элі  фольклорлык  жанрдың  аясына

толық түспеген-ді, өйткені оқиғаның болған кезінен онша коп уақыт өткен

жоқ-ты.  Жэне  Абылай тұқымының үйлерінде  (Шыңғыстың да үйінде)  ол

туралы әңгімелер мен аңыздар барынша алғашқы қалпында сақталған  бо-

лар, сұлтандар бабалары жайлы отірік сөз айтқызбаған да шығар.

Рас,  Шоқан  келтірген  мәтінде  Абылайды  асыра  мактау  үшін

фолыслорлық  дәстүр  пайдаланылып,  бұрынғы  откен  бабалар  туралы

эңгіме  (семьялық  хроника  десе  де  болады)  тарихи  аңызға  айналған  да,
I  
осы жанрға тән сипаттарға ие болған. Мұны аңыздьщ соңынан да байқауга
I  
болады:  әйелінің  іс-эрекетін  коріп:  «Осы  Абылайды  олтіріп  қояр»  -   деп
I  
қауіптенген Галдан қазақ сұлтанын жаньшдағы Жапақ батырмен бірге бо-

сатып, еліне қайтарады [27]. 
|

Шындығында  олай  емес,  бірақ  айтушылар  осылай  етіп  көрсеткісі

келген.  Жалпы,  тарихи  аңызда  оқиғаның  сұлбасы  сақталып,  адамдардың

істері,  мінез-құлқы  дэуірдің,  қауымның  талабына  сай  баяндалады.  Сол

себепті  де  Абылайдың  тұтқынға  түскені  туралы  аңызда  сұлтанның  бей-
несі  сол  кездің  қажеттігіне  сәйкес  дэріптеле  суреттелген.  Аңызды  аи-
тушы мен тыңдаушылар үшін Абылайдың оз басынан гөрі қазақ сұлтанын
қалмақтың қонтажысынан артық етіп корсету маңызды. Кейбір осы сюжет-
тес  аңыздарда  Абылайдың  орнында  басқа  біреудің  болатыны  сондықтан,
бірақ мұнда біраз сюжеттік өзгешеліктер бар [28]. Қөнтажыны нашар етіп
көрсету Қазыбек туралы аңыздарда да өрын алған.
Қазақ  елінің  өкілін  жаудың  ханынан  басым  қылып,  көтере  суреттеу
-   фолыслорлық  шығармадағы  ең  басты  тәсіл.  Сондықган  сұлтандар  мен
185

батырларды бейнелейтін аңыздардагы дәріптеу -  шарттылықтың бір түрі. 
Хан мен сұлтанДарды халық оның байлығы мен билігі үшін мадақтамайды, 
керісінше,  жауға  қарсы  күресте  ерлік  көрсетіп,  ел  бастағаны  үшін, 
ақыл-айламен  жол  көрсеткені  үшін  және  ең  бастысы  -   елдің  атынан 
сойлеп,  халықтың жоғын жоқтап,  соның  корнекті  окілі  бола білгені  үшін 
дәріптейді.
XVIII 
ғасырда  туған  тарихи  аңыздар  тарихи  фактілер  мен  тарихи 
жағдайларды  нақтылы,  дәл  суреттейді.  Мысалы,  сыртқы  шапқыншыларға 
тойтарыс  беру  жолындағы  соғыстар,  1730  жылы  Аңырақайда  қазақтар 
жеңген ұрыс,  1741-1742  жылдаргы Абылай  бастаған жасақтардың согысы, 
олардың тұтқынға түсуы, Абылай ханның Ботақанды олтіріп, Жанайды бай- 
лап алуы, төлеңгіттердің Жағалбайлыны шабуы, т.т. -  міне, осының бэрі та- 
рихта  шын  болған  оқиғалар.  Бұл  оқиғалар  жайындагы  аңыздарда  баяғыда 
болған  жәйттер  баяндалмайды  (оны  көне  аңыз  бен  хикаяттан  көреміз), 
керісінше, өз дәуірінің көкейкесті мәселелері, реалды өмірі суреттеледі.
Демек,  фольклорлық жанр ретінде тарихи аңыз  XVIII ғасырда жаңа 
сатыға  көтеріліп,  өзіне  хас  белгілер  мен  сипаттарға  толық  ие  болады. 
Сөйтіп,  ол  бізге  сол  дэуірдің  тарихын  баяндап,  сол  кездегі  оқиғалардан, 
өмірден мәлімет береді, білімімізді арттырады.
Топонимикалы қ  ацыз  деген  атау  мен  жіктеу  шартты,  өйткені  аңыз 
болған  соң  ол  міндетті  түрде  бір  оқиғамен  байланысты  болады,  яғни  та- 
рихи  шындыққа  неғізделеді.  Сондықган  топонимикалық  аңыз  жартылай 
тарихи  болады.  Олай  болмаған  жағдайда  ондай  шығарма  аңыз  жанрына 
жатпайды.
Қазақтарда жер-су, тау-тас, елді мекен, өзен-кел жайында ауызша ай- 
тылатын әңгімелер өте көп.  Ол түсінікті де.  Бүкіл өмірін табиғат аясында 
өткізген  ел  өзін  қоршаған  әлем  туралы  білгісі  келіп,  сол  дүниенің  ерек- 
шеліғін  ескеріп,  немесе  тіршілігінің  қажеттігіне  байланысты,  я  болмаса 
қиялға ерік беріп, неше түрлі миф, әпсана, аңыздар шығарған.
Алайда, жер-су, мекен аттарына байланысты әңгіменің бәрі түгелімен 
аңыз  болмайды.  Олардың  ішінде  тек  бір  тарихи  оқиғаға,  немесе  адамға 
байланыстысы  ғана  аңыз  деп  танылуы  керек.  Басқаша  айтқанда,  жер-су, 
мекен аттарын түсіндіретін этиологиялық (себеп-салдарлы) мэндегі эңгіме 
аңыз болып саналмайды. Егер эңгіме сол жерде, яки қалада болған оқиғаны 
баяндап,  ешқандай  ғажайыпты,  тылсым  ұғыммен  байланыстырмаса,  он- 
дай әңгімені топонимикалық аңыз деп  білу  қажет.  Мұндай  әңгіменің бас- 
ты  нысанасы  -  мекеннің  атының  қайдан  пайда  болғанын  түсіндіру  емес, 
сол  мекенде  болған  оқиғаны  хабарлау,  бірақ  сырттай  қарағанда  әңгімеші 
мекеннің атын түсіндіріп отырған сияқгы болып корінеді.
Ал,  жер-су,  мекеннің  қалай  пайда  болып,  оның  атының  қайдан 
шыққанын түсіндіруді мақсат тұтатын әңгімелерді мифке, немесе эпсанаға 
жатқызу  керек,  өйткені  мұнда  себепті-салдарлы  (этиологичность)  сипат 
бар,  я  болмаса  саналы  көркемдеу  бар.  Әрине,  мұнда  бір  нәрсені  ескеру 
керек:  мекеннің  пайда  болу  тарихының  түп  негізі  шын  болуы  ықтимал.
186

Мұндай жағдайда  әңгіменің  көркемдік  қасиетіне  көңіл  бөлу  керек.  Сана-
лы  түрде  көркемдеу  жоқ  болып,  мекен  тарихы  шындыққа  сәйкес  келсе, 
ондай әңгімені аңыз деуге де болады.
Топонимикалық  аңыздар  таза  тарихи  аңыздан  гөрі  көркемдеу  бола- 
ды,  сондықтан онда сөз өнерінің нышаны байқалады.  Мұнда көркем  қиял 
шыгарма мазмұнының хабарламалық сипатын өзгертіп, оған гибраттық си- 
пат  бере  бастайды.  Сондықтан  аңыздың  бұл  түрінде  әпсананың белгілері 
бой корсетіп қалады. Оқиға болған мезгіл алыстаған сайын топонимикалық 
аңызда  бірінші  қатарға  сол  оқиға  болған  жер  туралы  хабар  шыға  бастай- 
ды  да,  тарихи  негізі  көмескілене  түседі.  Уақыт  өткен  сайын  бұл  аңыз 
коркемделе береді де, бірте-бірте әпсанаға айнала түседі  [29].
Қазақтың  топонимикалық  аңыздары  екі  түрлі 
болып  келеді.  Бірі 
“  тарихи  оқиғамен,  дәлірек  айтсақ,  қалмақтар  мен  қоқандықтарға  қарсы 
соғыстармен  байланысты  болып  келеді  де,  сол  ұрыс  болған  жерлерді  су- 
реттеп,  оқиғаны  баяндайды  [30].  Сондай  аңыздардың  қатарына,  мысалы, 
«Сары  озен»  деп  аталатын  күй  аңызын  жатқызуға  болады  [31].  Мұнда 
қазақ  пен  қалмақтардың  арасындағы  жаугершілік  заманда  жау  қолына 
түсіп,  тұтқында малшы  болған  жылқышы  Саймақтың тағдыры  баяндала- 
ды. Өзінің күйшілік онерінің арқасында ол тұтқыннан босап, еліне қайтып 
келе  жатқанда 
Сары  озеннен  өтеді.  Осы  кезде  астындағы  Сарыжорға 
кісінеп  қоя  береді. Жануар болса да туған жерін сағынған атқа таң қалып, 
Саймақ  өзінің  корген-білгенін  баяндап,  еліне  деген  сағынышын  білдіріп, 
<Сары өзен» күйін шығарады.
Ал, келесі аңызда топонимикалық сарын мен тарихи нақты оқиға ара- 
лас  келеді.  Жер  атының  неліктен  «Шом  қалған»  деп  аталуы  бұл  аңызда 
омірде  болған  тарихи  оқиғамен  байланыстырылады:  Отар  маңайындағы 
Қопа өзенінің бойында кошіп жүрген қазақтар қоқандықтардың қысымына 
ілыдамай,  олардың  салықшыларын  өлтіріп,  тірі  қалғанын  масқаралап, 
қуып  жібереді.  Қаһарланған  Қоқан  ханы  қазақтарды  жазалауға  қисапсыз 
көп  әскер  жібереді.  Қоқандықтар  қазақтардың  еркектерін  өлтіріп,  әйелі 
мен балаларын тұтқынға алып,  мал-мүлкін талан-таражға салады.
Қазақ  елі  де  намысқа тырысып  бағады.  Осы  кезде  Шапырашты  руы- 
нан ер жүрек батыр Сұраншы Ақылбайұлы шығып, аман  қалған жігіттер- 
ден  аз  ғана  қол  жинап,  қоқандықтарға  тойтарыс  беруге  қамданады.  Сан 
жағынан басым жауды бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екенін білген Сұраншы 
жасағымен  түн  қараңғылығын  жамылып,  қоқандықтардың  шебіне  тақау 
келеді  де,  жігіттеріне  эр  жерден  көп  қылып  от  жағып,  у-шуды  көбейтуді 
бұйырады.  Содан  соң  қоқандықтарға  «еркімен  берілсін!»  -  деп  елші  жі- 
береді.
Қоқандықтар  қаптаған  отты  көріп,  азан-қазан  болып  жатқан  шуды 
естіп, Сұраншы көп әскер жиған екен деп шошиды. Осы сәтті күтіп тұрған 
Сұраншы  қолымен  лап  қояды.  Жау  бытырап  қашады,  тіпті  түйелерінің 
қомдарын тастай зытады.  Содан бері осы жер «Шом қалған» деп аталады,
-  дейді аңыз  [32].
187

Мысалга  кел^гірілген  екі  аңыз  да  таза  топонимикалық,  мұнда  бұл 
жанрга тиісті  белгілердің бәрі  бар десе де  болады:  тарихи  шындыққа сай 
келетін  оқига болуы,  белгілі  бір жердің,  судың аталып  отыруы,  ешқандай 
кереметтіктің жоқтыгы, көркемдеудің біршама жұпынылыгы.
Топонимикалық  аңыздың  екінші түріне 
жер-су,  мекен  атын  нақты
бір  тарихи  фактіге  қатысы  жоқ,  бірақ  жалпы  шындыққа  саятын  оқига
арқылы  баяндайтын,  сондай-ақ белгілібір жер-судың пайда болуын ешбір
мифтік  ұгымга  байланыстырмай,  бірақ  қиялга  негізделе  әңгімелейтін
шыгармалар жатады  [33]. Бұл аңыздардың мазмұны көбіне қайгылы бола-
ды, әңгіме кенеттен аяқталып, оқига күрт үзіледі, ал кейіпкерлер бақытсыз 
жагдайга душар болады.
«Баягыда Ақгөбе деген шаһарда Махмұт деген хан билік жасап тұрьшты,
-   дейді  «Жоргабел»  деген  жер  атына  байланысты  аңызда.  Оның  Жипар 
(Жұпар?  — С.Қ.)  атты  әйелі  болыпты.  Бір  күні  әйелі  күйеуіне  назданып: 
«Маган құланның еркегі мен ұргашысын ұстатып, сыйга тартшы!» — депті.
Махмұт хан  құба жоннан бір еркек, бір ұргашы екі құланды ұстатып, 
оларды жан-жагын қоршап, арнайылаган жерге жіберіп, әйелінің өтінішін 
орындапты. Бұл құландарды бір уэзір күтіп-багатын болыпты, ал құландар 
қамауда жайылган жері «Құлан қорық» деп аталыпты.
Қамаудагы  құландар  төлденіп,  олардың  саны  көбейіп,  қорыққа 
сыймай,  бір  күні  дуалды  үш  жерден  бұзып,  құба  жонға  қашып  кетіпті. 
Қорықшы құлан үйірін тоқтата алмаған соң «Құландар қашып кетті, олар- 
ды ұстау мүмкін емес», — деп Махмұт ханга хабар береді.  Хабарды естісі- 
мен Махмұт Байбаш (Байшұбар? -  С.Қ.) деген жорғасына міне салып, бір- 
неше жігітпен құландардың артынан кетеді.
Бір  кезеңнің  үстінде  құланга  жетіп  қалған  Байбаш  жорға  болдырап 
құлайды да, зорығып өледі. Құландар сол бойда қашып кетеді. Ал, Махмұт 
ханның  Байбаш  жоргасы  өлген  кезең  содан  кейін  «Жоргабел»  атаныпты
[34].
Бұл аңызда жердің аты шындыққа жақын оқиға арқылы түсіндіріледі. 
Тарихта  дәл  осындай  факті  болды  ма,  жоқ  па  — белгісіз,  алайда  аңызда 
әңгімеленетін  Ақтөбе  қаласының  қираган  қалдықтары  сақталган.  Оны 
кезінде В.А.  Каллаур толық сипаттаған.  Сол кісінің және А.Диваевтың ай- 
туынша  Ақтөбенің  қалдықтары  бұрынгы  Сыр-Дария  облысының  Әулие- 
ата уезіне қарасты Дмитриевка деп аталатын село орналасқан жерге жақын 
«Құлансай» деп  аталатын  аңғарда жатыр.  Қаланың  қалдығы  өте  көлемді, 
шеңберінің  аумагы  30  шақырымдай,  ал  тауга  кіре  беріс  жагында  «Құлан 
қамалган» деген бекініс бар.  Бекіністің қабырғасы өте қалың болған  [35].
Өткен ғасырдың аягында жарияланған бұл аңызда сол кезде ел аузын- 
да сақталган, жер атаулары да берілген. Бұл да сол дэуір шындыгының бір 
белгісі болса керек. Сонымен қатар аңызда баяндалатын құланға құмарлық 
бір  кезде  қазақ даласында  әдетті  іс  болган.  Ал,  ескі  Ақтөбе  қаласы  орта 
ғасырларда,  яғни  қазақ  сахарасында  жаппай  құлан  аулау тұсында  гүлдеп 
тұрған [36].
188

Демек,  «Жорғабел»  кезеңінің  бұлай  аталу  тарихын  баяндайтын 
аңыз  оқиғасы  дэл  сол  қалпындағыдай  өмірде  болмаса да,  сол  орта  ғасыр 
шындығына саяды.  Бұл  — аңыз  жанрының  басты  қасиеті.  Сонымен  бірге 
бұл  аңызда  қайғылы  сарын  да  бар,  көркем  қиял  жоқ,  мағлұматтық сипат
басым. 
'•  * 


.  .
Ал,  енді  бірқатар  аңызда  қиял  араласып,  әңгіме  мазмұны  белгілі
бір  оқиғаға  негізделмейді.  Жалпы  тарихи  шындықпен  байланысын
үзбегенмен ондай шығармалар деректі фактіден алшақ жатады. Сол себеп-
ті  мұнда ойдан  шыгарылған  эпизодтар,  қоспалар  болады,  эңгіме  біршама
көркемделеді,  сойтіп,  ол  эпсана  мен  хикаят  жанрларының  сипаттарына
ие  бола  бастайды.  Мысал  ретінде  «Көк  Төбет»,  «Ертіс  толқыны»  деген
аңыздарды атауға боладьі [37].
Түптеп келгенде, бұлар -  аңыз бен әпсана аралығындагы шығармалар.
Біраз  көркемдік  қасиетке  ие  болуының  арқасында  бұл  шығармалар
мағлұматгықтан  горі  эстетикалық  функция  атқаруға  жақын.  Мұндай
аңыздар  ел  арасында  көбінесе  сейіл  құрып,  тамашалау  үшін  айтылады,
сондықган айтушьшар әңгімесін мэнерлей баяндауға тырысады.
Дэл осындай қасиетгі қазақ арасында жиі айтылатын алуан түрлі қыран
құс
Бұл топта миф
мұндай  шығармалар  жанрлық  тұрғыдан
да жататын шығармалар кездеседі [38].
Мәселен, эр түрлі аңдардың, құстардың пайда болуы мен олардың сырт
пішініндегі,  мінез-құлқындағы  ерекшеліктерін  бір  себеппен  түсіндіріп 
баяндайтын  шығармаларды  біз  мифке  жатқызамыз.  Мұнда  мифтік  ұғым 
айқын сезіледі.  Бұған үй жануарларының Шопан-ата, Жылқышы-ата, Ой- 
сыл-қара  сияқгы  аталары  жайындағы  әңгімелер  де  кіреді,  бірақ  бұларда 
эпсана  мен  хикаятгың  да  белгілері  кездеседі.  Ал,  енді  алғыр  тазы, 
қыран  құс,  жүйрік  ат  жайындағы  шығармалардың  көбісі  аңыз  болып  ке- 
леді,  өйткені  олар  шын  болған  фактіге  негізделеді,  я  болмаса  солай  деп
қабылданады.
Мұндай  аңыздар,  әдетте,  баяндалып  отырған  оқиғаны  немесе 
эңгіме  арқауы  болып  отырған  жануарды  көзімен  көрген  кісінің  ауызекі 
эңгімесінен  пайда  болады.  Ондай  әңгіме  бірден-бірге  айтылып,^ елден- 
елге таралғанда ғана,  яғни  әңгіменің  оқиғасы тұрақты  сюжетке  айналып, 
көпшілікке  тарап,  ел  қажет  кезде  айтып  отыратын  болғанда  ғана  аңызға 
айналады.  Әңгіме  алғашында  таза  хабарламалық  сипатта  ғана  айтылса, 
аңыз  мағлұматтықпен  бірге  ғибарттық,  сейілдік  мақсатта  да  айтылады. 
Сондықтан  алғашқы  жай  әңгімеге  қарағанда  аңыз  көркемдеу,  қызықгау 
болады,  бірақ ол  ешбір  кереметтік  (чудо) араластырмайды.  Егер  керемет- 
тік элементі  кіріксе,  ондай шығарма эпсанаға  немесе хикаятқа айналады. 
Бұл -  аңыздың өзінен гөрі басқа әлдеқайда коркем жанрға, яғни эпсанаға,
хикаятқа, тіпті ертегіге де айналуының басты жолы.
189

1.  Русское  народное  поэтическое  творчество.  М.,  1971;  Соколова  В.К.  Рус- 
ские исторические предания.  М.,  1970, т.б.
2.  Күй аңыздарына арналган А.Сейдімбектің зерттеулерін қараңыз.
3.  Бұл  процесті  Әлкей  Марғұлан  Қорқытқа  байланысты  фолыслорлық 
шыгармаларды  талдағанда  жақсы  көрсеткен.  Қараңыз:  Марғүлан  Ә.  Қорқыт  ата 
өмірі мен әфсаналары. -  Жұлдыз,  1983, №3,  139-166-6.
4.  Легенда о Джанкенте. -  Труды  Оренбургской  ученой  архивной  комиссии, 
1910, вып. XXII, с. 222-225.
5.  Қисса  Алаңгасар  алып.  — Записки  Восточного  отдела  Русского  археоло- 
гическое  общества.  1896,  т.11,  с.292-294;  Киргизская  (казахская.  -   С.К.)  легенда
о  постройке  Акыр-Таша.  -   Протоколы  заседаний  и  сообщений  Туркестанско- 
го  кружка  любителей  археологии,  1905,  т.10,  с.  37-39.  (Арыстан  Алып  тарихи 
әдебиетте  Алп  Арслан,  ал  аңыздарда  Арсалаң  Алып,  Арыслан  алып,  Алаңғасар 
алып деп аталады). 
••  - 1 
Й  -I - 
:
6. Диваев  А.  Мавзолей  Кок-кесене. -  Протоколы  заседаний.., с.40-42; Труды 
Оренбургской ученой архивной комиссии,  1910, вып. XX, с. 49-50.
7.  Приложение  к  протоколу  Туркестанского  кружка  любителей  археологии, 
1897, с. 12.
8. Марғұпан Ә.  Қорқыт ата өмірі мен әфсаналары; «Жұлдыз»,  1983. №3,  150- 
151-6. 
■'  -  
:
9. Труды Оренбургской ученой архивной комиссии,  1910, вып. XXII, с. 222-225.
10. Әзірге нақты дерек табылған жоқ.
11. Марғұлан Ә. Аталған еңбек,  151-6.
12.  Потанин  Г.Н.  Казак-киргизские  и  алтайские  предания,  легенды  и  сказ- 
ки.  Пг.,  1917,  с.  49-51;  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  орталық  ғылыми 
кітапханасының қолжазба  қоры,  №194-папка;  Әдебиет жэне  өнер  институтының 
қолжазба қоры, №242-папка.
13. Моңғолдың құпия шежіресі. Өлгий,  1979.
14.  Маргулан  А.  О  носителях  древней  поэтической  культуры  казахского 
народа.  -   В  кн:  М.О.Ауэзов:  Сборник  статей  к  его  60-летию.  Алма-Ата,  1959, 
с.74.;  Мағауин  М.  Қобыз  сарыны.  Алматы,  1966,  8-9-6.;  Өмірәлиев  Қ.  ХУ-ХІХ 
ғасырлардағы  қазақ поэзиясының тілі. Алматы,  1976, 82-83-6.
15.  Алаша  хан  һәм  оның  баласы  Жошы  хан  турасынан  қазақ  арасында  бар 
сөз. -  Дала уалаятының газеті,  1897, №13,  14,  18; Алаша хан мен Жошы хан тура- 
лы аңыз.  -  Орталық ғылыми  кітапхананың қолжазба қоры, №198, 300-папкалар; 
Әдебиет жэне өнер институтының қолжазба қоры, №123, 242-папкалар.
16.  Аксак  кулан,  Джучи  хан.  -   Затаевич  А.  1000  песен  казахского  народа. 
Оренбург,  1925,  с.358;  Сказание  о  Жоши  хане  и  его  сыне.  -   Казахские  сказки. 
Апма-Ата,  1962, т.2, с.264-265.
17. Валиханов Ч. Собр. соч., в 5-ти т. А-А.  1961. Т.1, с.  398-399.
18.  Темірланның  оры.  -   Дала  уалаятының  газеті,  1899,  №50.  Темірлан 
қаздырған  ор туралы  аңыз  Кавказ  халықтарында да бар.  Бірақ олардың мазмұны

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет