ӛзін-ӛзі тану тарихы деп атайды. Философиялық білім ол үшін абсолютті
сипатқа ие. Абсолюттік идеяның ӛзін-ӛзі тану процесі нақ осы сатыда шегіне
жетеді, сол сияқты философия да осы тұста аяқталады деп тұжырымдайды
Гегель.
Вл. Соловьевтің ойынша, Гегель үшін «Құдай дегеніміздің ӛзі
философиялық ақыл, ол тек жетілген философияның арқасында ғана ӛзіне
тән абсолюттік кемелділікке ие болады». Бұл кӛзқарастың негізі бар, себебі
Гегель ӛзінің ілімімен «философияның дамуы аяқталатынына» сенді. Ӛйткені
Гегель абсолюттік Рухтың пайда болуы мен дамуын, ӛзін-ӛзі тануын
түсіндіріп берген болатын. Гегельдің философиясына сүйенетін болсақ, Идея
Рухтың ӛзін-ӛзі дамытуының ең соңғы шегі. Сондықтан осы сатыда ол ӛзін-
ӛзі танып, ӛзін-ӛзі тану процесін аяқтайды, сӛйтіп, ӛзінің рухани «бастауына»
қайта оралады. Абсолюттік идеяның ӛзін-ӛзі дамытуының осы сатысында
«тікелей қатынасқа түсетін» әлем адамзаттық рух (ойлау) деңгейінде, яғни
ӛнер мен діннің, философияның кӛзқарастары тоғысында ұғынылады.
Достарыңызбен бөлісу: