тән басты кемшілік оның пайымшыл, метафизикалық және біржақты
болуында деп кӛрсетті.
Маркстік философия
екінші кезеңде одан әрі дамып, қарастырылатын
мәселелері кеңейе түсті, жекелеген қағидалары нақтыланды. Оның бір дәлелі,
Маркс пен Энгельс
тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірудің
тұжырымдамасын жасап шығарады. Ӛмірге тікелей қатысы бар материалдық
ӛндірісті ескере отырып, қоғамдық ӛндіріс процесін түсіну және ӛндірістің
осы әдісі арқылы жүзеге асатын қарым-қатынас формасын ұғу, яғни
азаматтық қоғамды тарихтың дамуының негізі ретінде қарастыру –
тұжырымдаманың мәнін осылар құрады.
Осы ілімге сүйене отырып, мемлекет ӛміріндегі азаматтық қоғамның
қызметін анықтады, сондай-ақ түрлі теориялық кӛзқарастарды, сананың
формаларын, соның ішінде дін, философия, мораль т.б. түсіндіріп берді.
Марксизмнің негізін салушылар сана формаларының әлеуметтік негізде
қалай пайда болатынын және осы ойды дамыту арқылы қоғамның жалпы
даму процесі қалай жүзеге асатынын назардан тыс қалдырмады. Осы
мәселелерді талдау барысында қоғамдағы басқа құбылыстар сияқты сана да
абсолюттік дербес күшке ие емес және ол материалдық ӛмір процесіне
негізделеді деді. Материализмнің ұстанымдарын тарихи құбылыстарды
түсіндіруде қолданып, қоғамдық болмыс пен қоғамдық санаға тән негізгі
заңдарды анықтады (болмыс сананы анықтайды; базистің алғашқы ал
қондырманың екінші болатындығы және олардың арасында ӛзара
байланысты болатындығы; т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: